Herunterladen Diese Seite drucken

Philips Expression MR200 Gebrauchsanweisung Seite 170

Werbung

10. 12 минут ылғалды күйде ұстаңыз.
11. Ауада құрғатыңыз.
12. Қосалқы құралды тексеріңіз. Қосалқы құралға сұйықтық кіріп кетсе, ол зақымданса немесе сынса, не
болмаса көзге көрінетінде кірі кетпесе, оны тастаңыз.
20 «Техникалық қызмет жəне ақауларды жою» тарауының «Тазалау, зарасыздандыру жəне зақымдану белгілерін
сырттай тексеру» бөліміне мынадай бөлім тармақтары қосылды:
Əмбебап синхрондау интерфейсін тазалау жəне зарарсыздандыру
ЕСКЕРТУ: құрылғыны сұйықтыққа батырмаңыз жəне суламаңыз, əйтпесе құрылғы зақымдалуы мүмкін.
Əмбебап синхрондау интерфейсін аурухананың магниттік резонансты томография беттеріне күтім жасау
бойынша тазалау жəне зарарсыздандыру саясаттарына сəйкес тазалау керек.
21 «А қосымшасы: Спецификациялар» тарауының «Жалпы ережелер» бөліміне радио жұмысына қатысты мынадай
ескертпелер қосылды:
ЕСКЕРТПЕ: ETSI EN 300 328 стандартының 4.3.1.7 жəне 4.3.1.12 тармақтарына сəйкес, радиолар басқа 2,4 ГГц
қуат көздері бар болған жағдайда қуат шығысын автоматты түрде азайтуы қажет. Сымсыз байланысты жəне
емделушінің бақылануын қамтамасыз ету үшін, радио 4.3.1.7 жəне 4.3.1.12 тармақтарын қоспағанда, ETSI EN 300
328 стандартының талаптарына сай. Байланысты тексеру нұсқаулары Пайдалану нұсқаулары құжатында
берілген.
22 «А қосымшасы: Спецификациялар» тарауының «Жалпы ережелер» бөлімінде «Қоршаған орта» бөлім тармағы
мынадай мəтінге ауыстырылды: 
Қоршаған орта
Жұмыс ортасының температура
диапазоны
Сақтау жəне тасымалдау температура
диапазоны
166
Expression Model MR200 МРТ емделушіні бақылау жүйесі, Пайдалану нұсқауларына қосымша
Төменде көрсетілмеген арба жəне барлық басқа қосалқы
құралдар: 10 жəне 35 °C (50 жəне 95 °F) аралығында
Əмбебап синхрондау интерфейсі: 18 жəне 24 °C (64 жəне
75 °F) аралығында
Батареялар: 0-40 °C (32-104 °F)
Арба жəне əмбебап синхрондау интерфейсі: -20 жəне
50 °C (-4 жəне 122 °F) аралығында
Төменде көрсетілмеген сымсыз модульдер жəне барлық
басқа қосалқы құралдар: -20 жəне 60 °C (-4 жəне 140 °F)
аралығында
Мөлшерлеу газы: 18-25 °C (65-77 °F)
ЭКГ үшін теріні дайындау гелі: сауыттағы нұсқауларды
орындаңыз
ЭКГ электродтары: 10 жəне 32 °C (50 жəне 90 °F)
аралығында
(жоғарыда көрсетілген ауқымдардан асатын
температурада сақтағанда не тасымалдағанда, қажетті
компонентті алып тастап, оны тиісті түрде сақтаңыз
немесе жылжытыңыз).

Werbung

loading