Төмендегідей зақымданулардың пайда болуы құрылғының қызмет ету уақытының аяқталғанын білдіреді:
• Сызаттар, тесіктер, жыртықтар, ойықтар, тілімдер, т.б.
• Коннектордағы сызаттар немесе басқа да зақым белгілері, оның ішінде майысқан немесе зақымдалған істіктер.
• Тазалау нұсқаулары бойынша кетіруге келмейтін кір.
• Бір рет пайдаланылатын қосалқы құралдарды əр пайдаланудан кейін тастау керек.
17 «Тазалау жəне техникалық қызмет» тарауының «Профилактикалық техникалық қызмет» бөліміндегі «Тазалау,
зарарсыздандыру жəне қосалқы құралдардың зақымдану белгілерін сырттай тексеру» тармағында сақтандыру
жазбалары былай деп өзгертілді:
АБАЙЛАҢЫЗ: сызаттар, жыртылған жерлер, кесіктер мен ойықтар стандартты тазалау процедурасына кедергі
келтіреді, сондықтан емделушілер мен қызметкерлерге қауіп төндіруі мүмкін. Əр пайдалану алдында қосалқы
құралдар мен қаптаманың зақымдалмағанын мұқият тексеріңіз. Қосалқы құралда қандай да бір зақымдану
белгісін көрсеңіз, пайдалануды тез арада тоқтатыңыз.
18 «Тазалау жəне техникалық қызмет» тарауының «Профилактикалық техникалық қызмет» бөліміндегі «Тазалау,
зарарсыздандыру жəне қосалқы құралдардың зақымдану белгілерін сырттай тексеру» тармағына мынадай
ескерту мəлімдемесі қосылды:
ЕСКЕРТУ: сұйықтықтың кіруіне жол бермеу үшін қосалқы құралды автоматты жолмен тазалауға əрекеттенбеңіз.
19 «Тазалау жəне техникалық қызмет» тарауының «Профилактикалық техникалық қызмет» бөліміне мынадай
тармақ қосылды:
Қосалқы құралды тазалау жəне зарарсыздандыру
Бұл бөлім барлық қайта пайдаланылатын
түтіктеріне қатысты. Қосалқы құралды пайдалану алдында жəне емделушілерге пайдалану арасында тазалап,
зарарсыздандырыңыз.
•ЕСКЕРТУ: құрылғыны сұйықтыққа батырмаңыз, суламаңыз жəне құрылғыға сұйықтықтың немесе кірдің кіруіне
жол бермеңіз, əйтпесе құрылғыны зақымдауыңыз мүмкін. Қосалқы құралды ажыратпаңыз.
SpO
•ЕСКЕРТУ:
қысқыштарын, ЭКГ кабельдерін жəне инвазивті емес қан қысымы манжеттері мен түтіктерін
2
осы процедураға сəйкес тазалап, зарарсыздандырыңыз. Əйтпесе қауіпті химиялық заттардың əсері тері
реакциясын тудыруы жəне дұрыс зарарсыздандырмау инфекцияға себеп болуы мүмкін.
Талаптар:
• Өндірушінің нұсқауларына сəйкес
дайындалған ферментті жуғыш
тазалағыш ерітінді
• Ионсыздандырылған су
Процедура:
1. Қосалқы құралды тексеріңіз. Егер ол зақымдалған немесе бұзылған болса, оны тастаңыз. Олай болмаған
жағдайда келесі қадамға өтіңіз.
2. Қосалқы құралды жүйенің басқа еш бөлігінен ажыратпаңыз. Артық кірден кетіру үшін ионсыздандырылған
сумен дымқылданған түбітсіз шүберекті пайдаланыңыз.
3. Басқа түксіз матаны дайындалған ферментті тазалау ерітіндісімен дымқылдаңыз.
4. Қосалқы құралды абайлап тазалаңыз. Барлық көзге көрінетін кірден тазартыңыз.
5. Жарықтарға немесе кішкентай аймақтарға қол жеткізу үшін тампонды немесе щетканы пайдаланып, 3 жəне
4-қадамдарды қайталаңыз.
6. Жуу құралының артық қалдықтарын кетіру үшін таза, түбітсіз шүберекті немесе ионсыздандырылған сумен
дымқылданған тампонды пайдаланыңыз.
7. Тазаланғанын тексеріңіз. Беттері таза болғанша 3-тен 6-ға дейінгі қадамдарды қайталаңыз.
8. Толық кепкенше күтіңіз.
9. Бетті мұқият сулап, қосалқы құралды спиртпен сүрту үшін түбітсіз шүберекті пайдаланыңыз.
Expression Model MR200 МРТ емделушіні бақылау жүйесі, Пайдалану нұсқауларына қосымша
SpO
қысқыштарына, ЭКГ кабельдеріне жəне ИЕҚҚ манжеттері мен
2
• 70% изопропил спирті
• Түксіз мата
• Жұмсақ қылды щетка немесе мақта
тампондар
165