Herunterladen Diese Seite drucken

Philips Expression MR200 Gebrauchsanweisung Seite 167

Werbung

МРТ емделушіні бақылау жүйесі мынадай тіршілік үшін маңызды функциялар параметрін бақылауды қамтамасыз
етеді: электрокардиограф (ЭКГ).
Пайдалану нұсқаулары
ЭКГ кабельдері МРТ процедуралары кезінде үздіксіз электрокардиограф (ЭКГ) бақылауы немесе
кардиосинхрондау қажет болғанда ЭКГ электродтарымен жəне сымсыз ЭКГ модулімен пайдалануға арналған.
ЭКГ электродтары МРТ процедуралары кезінде үздіксіз электрокардиограф (ЭКГ) бақылауы немесе
кардиосинхрондау қажет болғанда ЭКГ кабельдерімен жəне сымсыз ЭКГ модулімен пайдалануға арналған.
9
«ЭКГ бақылауы» тарауының «wECG модулі мен тармақ кабелі» бөліміндегі мəтін былай деп өзгертілді:
wECG модулі мен тармақ кабелі үздіксіз ЭКГ бақылауы немесе кардиосинхронизация қажет болған кезде
емделушіге қолдануға арналған. wECG модулі мен тармақ кабелін МР жүйе туннелінде пайдалануға болады,
алайда кескін артефактілері болмауы үшін модульді МРТ көрініс аймағынан (FOV) кемінде 14 см (5,5 дюйм) алыс
ұстау керек.
10 «ЭКГ бақылауы» тарауының «Тармақ кабелін жалғау» бөліміндегі мəтін былай деп өзгертілді:
1-қадамдағы сақтандыру мəтіні былай деп өзгертілді: 
Тармақ кабелін немесе қысқыш тармақтарын салғанда немесе алғанда, коннекторды немесе қысқышты ғана
пайдаланыңыз; сымдарды тартуға немесе оларға шамадан тыс күш салуға болмайды. Əйтпесе зақымдануы
мүмкін.
3-қадамдағы мəтін былай деп өзгертілді: 
модульді Сканерлеу үшін wECG модулі мен тармақ кабелін орналастыру позицияларында... көрсетілген екі
орынның біріне қою арқылы МРТ көрініс аймағынан кемінде 14 см (5,5 дюйм) алыс ұстау керек.
11 «ЭКГ бақылауы» тарауының «Сканерлеу үшін wECG модулі мен тармақ кабелін орналастыру» бөліміндегі мəтін
былай деп өзгертілді:
wECG модулін МР жүйесінің туннелінде пайдалануға болады, алайда модульді МРТ көрініс аймағынан кемінде
14 см (5,5 дюйм) алыс ұстау керек.
ЕСКЕРТПЕ: wECG модулінің, əсіресе қатаң сканерлеу тізбектері кезінде мүмкіндігінше үздік өнімділігін
қамтамасыз ету үшін осы нұсқауларды (80 пайыздан асатын шеткі жүйке симуляциясының PNS деңгейлерімен)
орындаңыз:
1. Модульдерді туннель изоорталығына (орындалатын сканерлеуге қарай) емделушіге немесе оның жанына
барынша жақын орналастырыңыз.
2. Сымсыз модульді көрініс аймағынан 14 см (5,5 дюйм) алыс ұстаңыз.
3. Модульдерді туннель саңылауына барынша жақын орналастырыңыз. (Модульдерді туннель сыртына
орналастыруға болатын болса, туннельдің изоорталығына бағыттау қажет емес.)
4. МРдірілдерін азайту үшін модульдерді жұмсақ беткі қабатқа орналастырыңыз.
Осы бөлімге мынадай сақтандыру мəтіні қосылды:
АБАЙЛАҢЫЗ: wECG модулін МРТ көрініс аймағынан кемінде 14 см (5,5 дюйм) алыс ұстаңыз. wECG модулі
көрініс аймағына тым жақын орналастырылса, МРТ кескіндерінде B0 артефактілері пайда болып, диагноздың
қате қойылуына себеп болуы мүмкін.
12 «SpO2 бақылауы» тарауына мынадай бөлімдер қосылды:
Пайдалану ережесі
SpO
қысқыштары мен ұстағыштарын пайдалану жалғанған үйлесімді МРТ емделушіні бақылау жүйесін
2
мақсатына сай пайдалануға мүмкіндік береді.
Expression Model MR200 МРТ емделушіні бақылау жүйесі, Пайдалану нұсқауларына қосымша
163

Werbung

loading