Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Механикалық Орнату - Grundfos Multilift MSS Montage- Und Betriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für Multilift MSS:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 86
5. Шығару құбырын жалғау.
Бір бағыттық клапан мен берілген DN 100 икемді қосылым
шлангысының (ішкі диаметр 0 110) арасында изоляциялау
клапанын орнатыңыз. Икемді қосылымды кіріс, шығару
жəне желдету құбырларының соңдарының жəне су көтеру
станциясы порттарының арасында шамамен 5 см
қашықтық қалдырылса, икемді қосылым қамтамасыз
етіледі.
13. сур. Бір бағыттық клапан үстіндегі изоляциялау
клапаны
6. Желдету құбырын қосу.
Қойма үстіндегі DN 50 желдету порты ашық. Желдету
құбырын желдету портына икемді жалғау бөлшегі арқылы
жалғаңыз. Желдету құбырын жергілікті ережелерге сай
ғимарат төбесінің үстінен ашық ауаға өткізу керек.
Желдету құбыры мен желдету портының арасында
шамамен 3 см қашықтық қалдырылса, икемді қосылымды
қамтамасыз етуге болады.
7. Диафрагмалық сорғыны қосу (міндетті емес).
Диафрагмалық сорғыны шығару жағына орнатыңыз.
Диафрагмалық сорғыға қызмет көрсетуді жеңілдету үшін
қойма портына 1 1/2" изоляциялау клапанын орнату
ұсынылады.
8. Қойманы еденге бекіту.
14. сур. Қойманы еденге бекітуге арналған бекіту нүктесі
226
7. LC 220 контроллерін орнату
Назар аударыңыз
LC 220-те кез- келген қосуларды орындамас
бұрын, электр қорегінің өшіріліп, оның
кездейсоқ қосылуына жол бермейтін барлық
шаралардың қабылдануына көз жеткізіңіз.
Орнатуды жергілікті ережелерге сай рұқсат етілген
қызметкерлер орындауы керек.
7.1 Орналастыру
Назар аударыңыз
LC 220 контроллерін жарылыс қаупі бар
аумақтарды орнатпаңыз.
LC 220 контроллерін 0 °C мен +40 °С арасындағы қоршаған
орта температураларында орнатуға болады.
Қорғау дəрежесі: IP56.
Контроллерді су көтеру станциясына мүмкіндігінше жақын
орнатыңыз.
Сыртта орнатылғанда, LC 220 контроллерін қорғауыш қалқаға
немесе корпусқа орналастыру керек. LC 220 контроллеріне
тікелей күн жарығын түсірмеу керек.
7.2 Механикалық орнату
Назар аударыңыз
Тесіктерді бұрғылағанда, ешбір кабельдерді
немесе су жəне газ құбырларын зақымдап
алмаңыз. Қауіпсіз орнатуды қамтамасыз
етіңіз.
LC 220 контроллерін алдыңғы қақпақсыз
Ескерту
алуға болады.
Мыналардың орындалуы қажет:
LC 220 контроллерін тегіс қабырға бетіне бекітіңіз.
LC 220 контроллерін кабель кірістері төмен қарап
тұратындай бекітіңіз (қажет болатын болса, қосымша
кабель кірістерін корпустың төменгі тақтасында орнату
керек).
LC 220 контроллерін төрт бұрандамен корпустың артқы
тақтасындағы бекіту тесіктері арқылы бекітіңіз.
Бекіту тесіктерін контроллермен бірге берілген бұрғылау
үлгісін пайдаланып, 6 мм-лік бұрандамен бұрғылаңыз.
Бұрандаларды бекіту тесіктеріне салып, берік бекемдеңіз.
Пластик қақпақтарды жабыңыз.
15. сур. Контроллерді қабырғаға бекіту

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis