Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch RL25H Originalbetriebsanleitung Seite 322

Rotary laser, laser receiver, remote control, charger cst/berger serie
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
өзгергенде автоматты ретте қосымша нивелирлеу
орындалады. Қате өлшеулердің алдын алу үшін нивелирлеу
кезінде ротор тоқтап, лазер жыпылықтайды да нивелирлеу
көрсеткіші 3 жасыл түсте жылдам жыпылықтайды.
Бір осьтік еңістегі жұмыс
Өлшеу құралы горизонталды күйде болса бір осьтік еңіс
жұмысында X осі автоматты нивелирленіп Y осі
нивелирленбейді. Шок ескерту функциясында тек X осінің
нивелирленуі бақыланады.
Ротациялық жазықтық ±8 % аймағында ғана X осінен
бұралуы мүмкін. Өлшеу құралы Y осі бойы қисық орнатылуы
мүмкін.
 Өлшеу құралының Ү осі бойынша күйінің өзгерістері
бір осьтік еңістегі жұмыста айқындалмайды.
Еңіс тақтасы көмегімен (жабдық) өлшеу құралын
горизонталды күйде Y осі бойы дәл бұрышта еңу мүмкін.
– Бір осьтік еңіс жұмысына ауыстыру үшін бір осьтік еңіс
жұмысының пернесіне 12 басыңыз. Растау үшін бір
осьтік еңіс жұмысы 11 индикаторы жай жыпылықтайды.
Шок ескерту функциясы қосулы болғанда тек X осінің
нивелирленуі бақыланады.
Нивелирлеу автоматикасын екі ось үшін қайта қосу үшін
12 пернесін қайта басыңыз. Бір осьтік еңіс жұмысының
11 көрсеткіші үздіксіз жанады.
– Ротациялық жазықтықты X осінен бұрау үшін жоғары 10
немесе төмен 9 бағыт пернелерін басыңыз. Бұрау бағыты
10 мен 9 пернелері көрсеткілерінің бағытына сай
болады.
Шок ескерту функциясы
Өлшеу құралында шок ескерту функциясы бар болып, ол
ұзақтық өзгерулерінде немесе өлшеу құралы
тербелулерінде немесе табан дірілдеулерінде өзгерген
биіктікке нивелирлеудің және осымен биіктік қателігінің
алдын алады.
Өлшеу құралын қосудан соң шок ескерту функциясы
әрдайым қосулы болып шок ескерту 7 көрсеткіші жасыл
түсте жанады. Шок ескертуі өлшеу құралы қосылғаннан соң
немесе шок ескерту функциясы қосылғаннан соң шам.
30 сек ішінде белсенді болады.
Өлшеу құралының орналасуы өзгергенде нивелирлеу
дәлдігі аймағынан артса немесе қатты қағылыс айқындалса
шок ескертуі іске қосылады: ротация тоқтап, лазер
жыпылықтап, шок ескерту көрсеткіші 7 қызыл түсте
жыпылықтайды. Ағымдық пайдалану түрі сақталады.
– Шок ескертуі іске қосылғанда шок ескерту пернесін 8
басыңыз. Шок ескертуі функциясы іске қосылып өлшеу
құралы нивелирлеуді бастайды. Өлшеу құралы
нивелирленгеннен соң (нивелирлеу көрсеткіші 3 үздіксіз
жасыл түсте жанады) сақталған пайдалану түрінде іске
қосылады. Лазер сәулесінің биіктігін негізгі нүктеде
тексеріп керек болса биіктікті дұрыстаңыз.
Шок ескертуі іске қосылып жұмыс істеу 8 пернесі басылып
қайта іске қосылмаса, 2 мин соң лазер ал 2 сағ соң өлшеу
құралы автоматты өшеді.
– Шок ескертуі функциясын өшіру үшін шок ескертуі 8
түймешесін бір рет немесе іске қосылған шок
ескертуінде (шок ескертуі көрсеткіші 7 қызыл
322 | Қазақша
жыпылықтайды) екі рет басыңыз. Шок ескертуі өшкенде
шок ескертуі көрсеткіші 7 өшеді.
– Шок ескертуін қосу үшін шок ескертуі 8 пернесін
басыңыз. Шок ескертуі көрсеткіші 7 жасыл жанып 30 сек
соң шок ескертуі белсенделеді.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Дәлдікке әсер ететін жағдайлар
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден
жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін
ауытқуы мүмкін.
Ауытқулар шам. 20 м қашықтықтан бастап маңызды болып
100 м қашықтықта 20 м ауытқудан екі еседен төрт есеге
шейін үлкен болуы мүмкін.
Еден жағынында температура өзгерістері қатты болғаны
үшін өлшеу құралын 20 м қашықтықтан бастап штативке
орнату керек. Өлшеу құралын мүмкіншілік бойынша жұмыс
аймағының ортасына қойыңыз.
Нивелирлеу дәлдігін тексеру
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әрбір жүмыс бастаудан алдын өлшеу
құралының дәлдігін тексеріңіз.
Тексеру үшін қатты табандағы A мен B қабырғалары
арасында 20 м бос өлшеу қашықтығы керек. X мен Y
осьтерінен (позитивті мен негативті) кері өлшеуді орындау
керек (4 толық өлшеу әдістері).
– Өлшеу құралын көлденең күйде A қабырғасына жақын
штативте 25 (жабдық) орнатыңыз немесе қатты тегіс
табанға қойыңыз. Өлшеу құралын қосыңыз.
A
– Нивелирлеуді аяқтағаннан соң лазер сәулесінің ортасын
A қабырғасында (I нүктесі) белгілеңіз.
A
180°
– Өлшеу құралын 180° бұрап, нивелирлеңіз да арғы В
қабырғасында лазер сәулесінің орталығын (II нүктесі)
белгілеңіз.
20 m
2 609 141 178 • 2.4.14
B
B

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Rl25hvRd5Rm7Chnm1

Inhaltsverzeichnis