Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GCM 350-254 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 297

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GCM 350-254 Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
дайындамадағы сызылған кесік сызығынан бірдей
аралықта болуы керек.
Түзулігін реттеу (S2 суретін қараңыз)
1. Оң жақ лазер сәулесін реттеу:
– Реттегіш бұранданы (59) алты қырлы дөңбек кілтпен
(60) оң жақ лазер сәулесі бүкіл ұзындығы бойынша
сызылған кесік сызығына параллель болғанша
бұраңыз.
Сонда сол жақ лазер сәулесі да жылжиды.
Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін
сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір
айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.
2. Сол жақ лазер сәулесін реттеу:
– Реттегіш бұранданы (61) алты қырлы дөңбек кілтпен
((60) сол жақ лазер сәулесі дайындамадағы сызылған
кесік сызығынан оң жақ лазер сәулесімен бірдей
аралықта болғанша бұраңыз.
Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін
сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір
айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.
Параллельдігін реттеу (S3 суретін қараңыз)
– Лазерден қорғаныш қалпақшаның (14) төрт
бұрандасын (62) крест ойықты бұрауышпен алып
тастаңыз.
Нұсқау: лазерден қорғаныш қалпақшаның алдыңғы
бұрандаларына қол жеткізу үшін маятниктік қорғаныш
қаптаманы (15) артқа қайыру керек.
– Лазерден қорғаныш қалпақшаны (14) алып тастаңыз.
– Бекіткіш бұранданы (63) (шамамен 1–2 айналым)
алты қырлы дөңбек кілтпен (60) босатыңыз.
Бұранданы толық бұрап шығармаңыз.
– Лазер монтаждық тақтасын лазер сәулелері бүкіл
ұзындығы бойынша дайындамадағы сызылған кесік
сызығымен параллель болғанша оңға немесе солға
жылжытыңыз.
– Лазер монтаждық тақтасын осы күйде ұстай отырып,
бекіткіш бұранданы (63) қайтадан мықтап тартыңыз.
– Реттегеннен кейін кесік сызығының түзулігін қайтадан
тексеріп шығыңыз. Қажет болса, лазер сызықтарын
(59)/(61) реттегіш бұрандаларымен қайтадан
туралаңыз.
– Лазерден қорғаныш қалпақшаны (14) қайтадан
бекітіңіз.
Манипуляторды жылжыту кезіндегі бүйірлік
ауытқуды реттеу (S4 суретін қараңыз)
– Лазерден қорғаныш қалпақшаның (14) төрт
бұрандасын (62) крест ойықты бұрауышпен алып
тастаңыз.
Нұсқау: лазерден қорғаныш қалпақшаның алдыңғы
бұрандаларына қол жеткізу үшін маятниктік қорғаныш
қаптаманы (15) артқа қайыру керек.
– Екі бекіткіш бұранданы (64) (шамамен 1–2 айналым)
алты қырлы дөңбек кілтпен (60) босатыңыз.
Бұрандаларды толық шығармаңыз.
Bosch Power Tools
– Лазер корпусын, лазер сызықтары манипуляторды
артқа жылжытқан кезде бүйірге ығыспағанша, оңға
немесе солға жылжытыңыз.
– Реттегеннен кейін кесік сызығының түзулігін қайтадан
тексеріп шығыңыз. Қажет болса, лазер сызықтарын
(59)/(61) реттегіш бұрандаларымен қайтадан
туралаңыз.
– Лазердің корпусын осы күйде ұстай отырып, бекіткіш
бұрандаларды (64) қайтадан мықтап тартыңыз.
– Лазерден қорғаныш қалпақшаны (14) қайтадан
бекітіңіз.
Негізгі реттеулерді тексеріп реттеңіз
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
Вертикальды стандартты еңіс бұрышы 0° реттеңіз
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (18) 0° ойығына (25) дейін бұраңыз.
Тұтқыш (22) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
Тексеріңіз (T1 суретін қараңыз)
– Бір бұрышты калибрді 90° реттеп, оны аралау үстеліне
(18) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (47) жатуы керек.
Реттеу (T2 суретін қараңыз)
– Қыспа иінтіректі (7) босатыңыз.
– Тіреуішті (42) толығымен ішке қайырыңыз.
– Тіреуіш бұранданың (65) контргайкасын стандартты
дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм)
босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданы бұрыштық калибрдің бір жағы
бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша
ішке немесе сыртқа бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (7) қайта тартыңыз.
– Содан кейін тіреуіш бұранданың (65) контргайкасын
қайтадан бұрап бекітіңіз.
Егер (41) және (5) бұрыш индикаторлары реттегеннен
кейін шкаланың (4) 0° белгілерімен бір сызықта тұрмаса,
бұрыш индикаторларының бекіткіш бұрандаларын крест
ойықты бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторларын 0°
белгілерінің бойымен туралаңыз.
Вертикальды стандартты еңіс бұрышын 45° (солда)
реттеңіз
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (18) 0° ойығына (25) дейін бұраңыз.
Иінтірек (22) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.
– Сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы (2) алып
тастаңыз.
– Сол жақ тіректі (3) 45° стандартты еңіс бұрышы
көрсеткі белгісінде тірелгенше бұраңыз.
Қазақ | 297
1 609 92A 5UA | (06.10.2020)

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis