Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Grundfos Multilift MOG Installations- Und Bedienungsanleitung Seite 314

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für Multilift MOG:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 115
5.2 LC 221 контроллері
LC 221 - Grundfos Multilift MOG жəне MDG сорап
станцияларын басқаруға жəне бақылауға арналған деңгей
контроллері. Басқарудың негізі - пьезористивтік, аналогтық
деңгей датчигінен үздіксіз қабылданатын сигнал.
Деңгей контроллері деңгей датчигі өлшеген сұйықтық
деңгейіне сай Multilift MOG жəне MDG сораптарын қосады
жəне өшіреді. Бірінші іске қосу деңгейіне жеткенде, сорап іске
қосылады жəне сұйықтық деңгейі тоқтату деңгейіне дейін
төмендегенде, контроллер сорапты тоқтатады. Егер сұйықтық
деңгейі екінші іске қосу деңгейіне дейін көтерілсе, екінші
сорап (тек MDG) та іске қосылады жəне сұйықтық деңгейі
тоқтату деңгейіне дейін төмендегенде, контроллер
сораптарды тоқтатады.
Екі сорапта кезек-кезек іске қосады (MDG).
Бір сорап істен шыққан жағадйда екінші сорап іске қосылады
(MDG үшін сорапты автоматты өзгерту).
Резервуардағы сұйықтық деңгейі жоғары болған жағдайда,
сорап істен шықса, т.б. дабыл көрсетіледі.
Бұған қоса, деңгей контроллерінде төменде сипатталғандай
көптеген қосымша функциялар бар.
7. сур. Multilift MOG сорап станциясына арналған LC 221
деңгей контроллері
8. сур. Multilift MDG сорап станциясына арналған LC 221
деңгей контроллері
314
LC 221 контроллерінің келесі функциялары бар:
кезек-кезек жұмыс істетіп жəне сорап істен шыққан
жағдайда автоматты өзгертіп, пьезорезистивтік деңгей
датчигінен алынатын үздіксіз сигналдың негізінде бір
немесе екі ағынды сулар сораптарын қосу/өшіруді басқару
моторды қорғайтын сақтандырғыш жəне/немесе токты
өлшеу, сонымен бірге, жылу релелерін қосу жəне жұмыс
уақытын шектеу арқылы моторды қорғау
жұмыс уақытын шектеу, одан кейін төтенше жағдайда
жұмыс істеу арқылы моторды қорғау. Қалыпты жұмыс
уақыты DN 32 құбырларымен 90 секунд жəне DN 40
құбырларымен 60 секунд болады, жұмыс уақыты
3 минутпен шектеледі
(6.4 Ақаулық көрсеткіштерінің
сипаттамасы
бөлімінде F011, F012 ақаулық кодын
қараңыз).
ұзақ белсенсіздік кезеңдерінде (соңғы жұмыстан кейін
24 сағат) автоматты сынақ орындалады (2 секунд)
қуат үзілісінен кейін жұмысқа оралудан кейін қайта іске
қосу 45 секундқа кідіреді (бір уақытта бірнеше құрылғы іске
қосылғанда желіге түсетін жүктемені біркелкі ету үшін)
кідіріс уақыттарын орнату:
– тоқтату кідірісі (тоқтату деңгейіне жетуден айдамалау
тоқтағанға дейінгі уақыт) - құбырлар тым ұзын болса,
судың соғуын азайтады
– іске қосу кідірісі (іске қосу деңгейіне жетуден айдамалау
іске қосылғанға дейінгі уақыт)
– дабыл кідірісі (ақаулық пайда болғаннан дабыл
көрсетілгенге дейінгі уақыт). Бұл резервуарды уақытша
жоғары кіріс ағын болған жағдайда, қысқа мерзімдік
жоғары деңгей дабылын болдырмайды.
дабыл көрсеткіштері үшін токты автоматты түрде өлшеу
ағымдағы мəндердің параметрлері:
– шамадан тыс ток
– өлшенген ток.
мыналардың жұмыс көрсеткіші:
– жұмыс режимі (авто, қол)
– жұмыс сағаттары
– импульстар (іске қосылулар саны)
– ең жоғарғы өлшенген мотор тогы.
мыналардың дабыл көрсеткіші:
– сораптың күйі (іске қосулы, ақаулық)
– фазалар ретінің ақаулығы жəне жоқ фаза
– жылулық реле ақаулығы
– су деңгейі жоғары дабылы
– қызмет көрсету/техникалық қызмет көрсету уақыты
(таңдалатын).
дабылды автоматты түрде қайта ысыруды таңдау
20-ға дейінгі дабылдың ақаулықтар журналы
əр түрлі іске қосу деңгейлерінің арасында таңдау
қосылған датчик түрін таңдау
датчикті калибрлеу (алдын ала орнатылған)
техникалық қызмет көрсету аралығын таңдау
(0, 3, 6 немесе 12 ай).
Стандартқа сай LC 221 контроллерінде мыналар үшін төрт
ықтимал шығыс бар:
– сорап іске қосылған
– сорап ақаулығы
– су деңгейі жоғары дабылы
– жалпы ақаулық.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Multilift mdg

Inhaltsverzeichnis