STRUTSLAYR™ қиғаштірек кескіш басының нұсқаулары
• RIDGID RP 340 және RP 330 пресс құралдары қиғаштірек
кесілгеннен кейін ішке тартылмауы мүмкін. Бұл жағдайда
Құрал қысымын түсіру түймесін басыңыз (пресс құралының
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз). Немесе пресс құралы
итергішін ішке тарту үшін пресс құралы қосқышын екінші рет
айналдыруға болады.
• Кейбір пресс құралдары толық айналымды аяқтайды және
ешбір басқа әрекетсіз ішке тартылады.
• 320-E және CT-400 пресс құралдарын қиғаштірек кескішімен
пайдалану мүмкін ЕМЕС.
8-сурет – Пайдаланылып жатқан кескіш
6. Қиғаштіректі алып тастаңыз. Қиғаштірек кесілген кезде шеттері
үшкір болуы мүмкін — күтіп қолданыңыз.
7. Егер қиғаштірек кесілмесе, пресс құралын кескіш бастан
алыңыз және материал мен жабдықты тексеріңіз.
• Егер жарамсыз материал пайдаланылған болса (топ
баспайтын болат қиғаштірегі, т.б.), материалдың алынуы
үшін кескіш матрицаларын шығару қажет болуы мүмкін.
• Кескіш баста сынған не бұзылған бөліктер секілді зақымның
бар-жоғын мұқият тексеріңіз. Тексеру/Техникалық қызмет
көрсету бөлімін қараңыз.
Материалды кеспеген жағдайда кескіш бас пайдалануын
тоқтатыңыз.
70