3. Шешу үшін матрицаларды бастың қарсы жағынан басыңыз
(3D-сурет). Егер қажет болса, матрицаларды түртіп шығару
үшін жұмсақ бетті балғаны немесе тақтайшаны пайдаланыңыз.
Матрицаларды соқпаңыз, бұл құралды зақымдауы мүмкін.
4. Матрицалар мен басты Майлау бөлімінде сипатталғандай
майлаңыз.
5. Қадамдарды қайталап, қайта құрыңыз. Жылжыту матрицасының
енуі үшін иіндер ортасы бойынша туралануы керек. Қиғаштіректің
енуі үшін кескіш профильдерінің бір деңгейде екенін растаңыз.
6. Қиғаштіректің үш бұрандасын барынша қатайтыңыз.
Майлау
Матрицаны орнату алдында қиғаштірек кескішін үнемі майлаңыз.
Егер кескіш матрицалары толық ішке тартылмаса, баста сынған
не бұзылған бөліктердің бар-жоғын тексеріңіз. Егер ақаулықтар
анықталмаса, матрицаларды тазалау және майлау қажет болуы
мүмкін.
1. Матрицаларды алып тастаңыз.
2. Матрицаларды және матрица ойықшасын жұмсақ, таза
шүберекпен тазалаңыз. Барлық май мен қоқысты кетіріңіз.
3. Жылжыту матрицасының жан-жағына жалпы мақсаттағы
жақпамайды жұқалап жағыңыз. Жақпамайды иін жұдырықшаларына
еркін жағыңыз. (4-сурет)
4-сурет – Кескіш басты майлау
4. Матрицаларды қайта орнатыңыз және бастан артық жақпамайды
сүртіп шығыңыз.
Орнату/пайдалану
1. Кескіш басты үстел құрылғысы ретінде немесе жерде
пайдалануға болады. Сонымен қатар, кескіш басты көптеген
RIDGID шынжырлы іскенжелеріне* орнатуға болады. 5-суретті
қараңыз шынжырлы іскенжені орнату үлгісі бойынша.
Пайдалану түріне қарамастан, кескіш бастың бекітіліп, орнықты
екенін тексеріңіз.
* RIDGID BC610 және BC810 шынжырлы іскенжелері басқа енгізілетін
қиғаштірекке кедергі келтіреді және оларды пайдалану мүмкін емес.
5-сурет – Шынжырлы іскенжеге орнатылған кескіш бас
2. Пресс құралын пайдаланушы нұсқаулығына сай кескіш басқа
орнатыңыз.
STRUTSLAYR™ қиғаштірек кескіш басының нұсқаулары
Иін
жұдырықшасы
Шынжырлы
іскенже
Қиғаштіректі кескіш бас саптамасымен кесу
1. Қиғаштіректі техникалық сипаттарға сай кесуге болатынын
растаңыз. Қиғаштірек шеттерін тексеріңіз — пішіні өзгерген
кезде олар матрицаларға кигізілмеуі мүмкін.
2. Қиғаштіректі матрицалар бойымен өткізіңіз. Материал мен
жабдықтың аударылмауы және құлап қалмауы үшін, кесу
алдында және одан кейін қиғаштіректі тиісті түрде тіреңіз.
3. Кесілетін қиғаштірек ұзындығын өлшеңіз. Екі әдісі бар:
a. Өлшеуіш таспа ұясын (кесу жазықтығында орналасқан)
пайдалану (6A-сурет).
ә. Бүйірлік тақтаға 1 дюйм (25 мм) қосу — қиғаштірек шеті
өлшемі (6B-сурет).
Желі ұялары әдетте 2 дюйм (5 см) сайын қайталанады. Бұл
жағдайда кесіктерді ұяға туралау үшін қиғаштірек тақтасын
пайдалануға болады — 7-суретті қараңыз.
Кесу жазықтығы
6A-сурет – Қиғаштірек ұзындығын өлшеу
Кесу жазықтығы
1 дюйм (2,5 см)
6B-сурет – Қиғаштірек ұзындығын өлшеу
Кесу жазықтығы
4 дюйм (10 см)
7-сурет – Кесікті желі ұяларымен туралау
Негізінде қиғаштірек тағаннан әрмен созылуы керек. Егер
қиғаштірек тағанды тіркемесе, кесу бұрышы +/- 5° немесе
одан жоғары болуы мүмкін.
4. Қиғаштіректі кесу үшін, кескіш басты және материалды
ұстамай пресс құралы қосқышын басыңыз. Пресс құралы
нұсқауларына сай пайдаланыңыз. (8-сурет).
5. Пресс құралдарының әр түрінде аздаған пайдалану
айырмашылықтары болады.
2 дюйм
(5 см)
69