Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Құрылғыны Пайдалану - Vitek VT-1993 W Betriebsanweisung

Brotbackofen
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 16
Қажетті ингредиенттерді диспенсерге (4) әзірлеу басталғанға дейін салыңыз.
Жұмыс барысында дыбыстық белгі естіледі, диспенсердің (4) төменгі қақпағы ашылады, ингредиенттер
қамырға қосылады.
Ескертпе: Ингредиенттерді қосу функциясы «1», «3», «4», «8», «9» және «13» бағдарламалары үшін
қолжетімді.
«Қыздыру» функциясы
Егер сіз пісіру процесі аяқталғаннан кейін нан пісіретін пешті өшірмеген болсаңыз (тек «9», «10»
бағдарламалардан басқасын), онда ол автоматты түрде қыздыру режиміне ауысады (ұзақтығы – 3 сағат).
Егер сіз әзірлеу бағдарламасы аяқталғаннан кейін «қыздыру» функциясын қосқыңыз келсе, онда (13)
«СТАРТ/СТОП» түймесін басып, дыбыстық белгі естілгенше ұстап тұрыңыз.
«Жад» функциясы
Нан пісіретін пеш жұмыс істеп тұрған кезде электр қуаты апаттық жағдайда ажыратылып қалса, жад
функциясы активацияланады, функцияның жұмыс істеу уақыты 7 минутқа дейін.
Электр қуаты 7 минут ішінде қалпына келтірілген кезде, нан пісіретін пеш белгіленген бағдарламаның
жұмысын тоқтатылған жерінен бастап жалғастырады.
Электр қуаты 7 минуттан астам уақыт бойы жоқ болған кезде, өнімдерді қайтадан салып, қажетті әзірлеу
уақытын орнату қажет.
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Құрылғыны төменгі температурада тасымалдағаннан немесе сақтағаннан кейін, оны бөлмелік
температурада кемінде екі сағат уақыт бойы ұстау керек.
Нан пісіретін пешті қаптамадан шығарып, барлық қаптау материалдарын алып тастаңыз.
Қақпақты (3) ашыңыз, нан қалыбының (7) тұтқасынан ұстаңыз, қалыпты (7) сағат тіліне қарсы бағытқа
бұрып, оны жұмыс камерасынан шығарып алыңыз.
Нан қалыбын (7), қалақшаны (8), өлшеуіш стақанды (9), қасықты (10) және ілгекті (11) бейтарап жуғыш заты
қосылған сумен жуып, кептіріңіз.
Нан пісіретін пештің корпусы мен қақпағын сәл ылғал матамен сүртіңіз, одан кейін құрғатып сүртіңіз.
Приборды тегіс тұрақты бетке орналастырыңыз. Жақын маңдағы жиһаз заттарына дейінгі арақашықтық
кемінде 20 см болуы керек.
Ескертпе:
Нан пісіретін пеш кең ауқымды температурада жұмыс істеуге арналған, бірақ бөлмедегі тым жоғарғы
немесе тым төменгі температура нан пісіру процесіне әсер етуі мүмкін.
Бөлмедегі ең тиімді температура 15-тен 34°С-ге дейінгі шамада болуы керек..
Нан пісіретін пешті пайдаланбас бұрын оны нан қалыбын (7) салмай қосыңыз.
Қақпақты (3) жабыңыз, желілік шнурдың ашасын электр желісіне сұғыңыз, ажыратқышты (6) «I» күйіне
орнатып нан пісіретін пешті қосыңыз. Ұзақ дыбыстық белгі естіледі, дисплейде (2) бірініші бағдарламаның
(29) нөмірі, жұмыс істеу уақытының «03:30» (30) көрсетілімдері және нан пісірудің стандартты орнатпаларын
(қыртыс түсі «ОРТАША», салмағы 1000 г) білдіретін таңбалар (24 және 18) пайда болады.
«МӘЗІР» (12) түймесін қайталап басу арқылы «ПІСІРУ» «12» бағдарламасын таңдаңыз, «СТАРТ/СТОП»
(13) түймесін басып, құрылғының 10 минут бойы жұмыс істеуін күтіңіз.
Ескертпе: - Алғашқы пайдаланған кезде қыздыру элементінің иісі пайда болуы мүмкін, бұл қалыпты.
10 минуттан кейін «СТАРТ/СТОП» түймесін (13) басып ұстап тұрып нан пісіретін пешті өшіріңіз де, желілік
шнурдың ашасын розеткадан суырыңыз.
Қақпақты (3) тұтқадан (5) ұстап ашыңыз да, құрылғыны суытыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ
Қалақты (8) қалыптың осіне (7) орнатыңыз.
Ескертпе: - Қалақты (8) орнатпас бұрын қалақ (8) орнатылатын осьті және қалақтың (8) өзін өсімдік
майымен майлап алған жөн, бұл қалақты (8) пісірілген наннан оңай алуға көмектеседі.
Ингредиенттерді қалыпқа (7) рецепте сипатталған кезектілікпен салыңыз. Әдетте ингредиенттер
төмендегідей кезектілікпен салынады:
1. сұйықтықтар,
2. сусымалы ингредиенттер (қант, тұз, ұн),
3. ашытқылар мен қопсытқыш.
Ескертпе: - Ашытқылар қамыр иленгенше сұйықтықтарға немесе тұзға тимеуі керек, бұл үшін ұнды сәл
шұңқырлап, оған ашытқыны салу керек.
Шашылып қалған өнімдерді немесе төгіліп қалған сұйықтықтарды қалыптың (7) бетінен сүртіп тастаңыз.
Қалыпты (7) тұтқасынан ұстаңыз, жұмыс камерасына орнатыпсағат тілінің бағытында түбіне дейін бұрыңыз.
Қақпақты (3) жабыңыз.
47
ҚазаҚша

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis