Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Қауіпсіздік Шаралары - Vitek VT-1993 W Betriebsanweisung

Brotbackofen
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 16
НАН ПІСІРЕТІН ПЕШ
Сипаттамасы
1. Басқару тақтасы
2. Дисплей
3. Қақпақ
4. Ингредиенттер қосуға арналған диспенсер
5. Қақпақтың тұтқасы
6. Қорек ажыратқышы «I/0»
7. Пісіруге арналған қалып
8. Қамыр илеуге арналған қалақ
9. Өлшеуіш стақан
10. Өлшеуіш қасық
11. Қалақты шығаруға арналған ілгек (8)
Басқару тақтасы:
12. «МӘЗІР» бағдарламасын таңдау түймесі
13. «СТАРТ/СТОП» қосу/өшіру түймесі
14. «» кейінге қалдыру уақытын көбейту түймесі
15. «» кейінге қалдыру уақытын азайту түймесі
16. «ҚЫРТЫС ТҮСІ» қыртыс түсін таңдау түймесі
17. «НАННЫҢ САЛМАҒЫ» салмақты белгілеу түймесі
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын, пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны бүкіл пайдалану
мерзімі бойы сақтап қойыңыз. Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай тікелей мақсаты бойынша ғана
пайдаланыңыз. Приборды дұрыс қолданбау оның бұзылуына және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкеп соғуы мүмкін.
Электр желісіне қосар алдында, прибордың жұмыс кернеуі электр желісінің кернеуіне сәйкес келетіндігін
тексеріп алыңыз.
Желілік шнур «евроашамен» жабдықталған; оны жерге сенімді қосылған байланысы бар электр розеткасына
қосыңыз.
Құрылғыны электр розеткасына қосқан кезде өрттің шығуын немесе электр тоғының соғуын болдырмас
үшін өткізгіш сымдарды пайдаланбаңыз.
Нан пісіретін пешті тегіс тұрақты жылыға төзімді бетке, электрлік розеткаға еркін жететіндей етіп
орналастырыңыз.
Жақын маңдағы жиһаз заттарына дейінгі арақашықтық кемінде 20 см болуы керек.
Өрттің шығуын болдырмас үшін құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде оны бүркемеңіз және желдету
саңылауларын жаппаңыз.
Нан қалыбының ішіне басқа заттарды салуға немесе сақтауға тыйым салынады.
Нан пісіретін пешті басқа тұрмыстық приборларға орналастырмаңыз.
Приборды ашық откөздерінің, тез тұтанатын заттардың және тікелей күн сәулесінің астына орналастырмаңыз.
Желілік шнурдың үстелдің үстінен салбырауына, сондай-ақ оның ыстық беттерге және жиһаздың өткір
жиектеріне тиюіне жол бермеңіз.
Приборды бөлмеден тыс жерде пайдаланбаңыз.
Құрылғыны құрау және бөлшектеу алдында приборды үнемі ажыратқыштан өшіріп, желілік ашаны
розеткадан суырып отырыңыз.
Прибор жұмыс істеп тұрған кезде оны ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
Приборды дұрыс қолданбаған жағдайда (мысалы, осы нұсқаулық талаптары сақталмаған жағдайда немесе
пісіру уақыты асып кеткен жағдайда) нан күйіп кетуі және түтіннің пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда,
құрылғыны өшіріңіз де, желілік шнур ашасын электр розеткасынан суырып тастаңыз. Нан қалыбын
шығарып алмас бұрын, прибордың толық суығанын күтіңіз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде қақпағын ашық қалдырмаңыз.
Жұмыс істеп тұрған кезде ыстық беттерге қол тигізбеңіз.
Жұмыс істеп тұрған кезде жұмыс камерасының ішіне қолды салмаңыз.
Жұмыс істеп тұрған кезде қақпақ қызады, қақпақты ашқан кезде тұтқасынан ұстаңыз.
Піскен нанды шығарған кезде ұстағыштарды немесе термотөзімді асүйлік қолғаптарды киіп алып, қалыптың
тұтқасынан ұстаңыз.
Қалыптың күюге қарсы бетін бүлдіріп алмас үшін, нанды шығарған кезде өткір немесе метал заттарды
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны тазалау алдында немесе пайдаланбайтын болған жағдайда, нан пісіретін пешті желіден
ажыратыңыз.
Дисплей:
18. Нан салмағын таңдау (500 г, 750 г, 1000 г)
19. Қамырдың «КӨТЕРІЛУІ» жұмыс кезеңі
20. «ПІСІРУ» жұмыс кезеңі
21. «ҚЫЗДЫРУ» жұмыс кезеңі
22. Пісіруді «АЯҚТАУ»
23. «ЖЕДЕЛ-ПІСІРУ» бағдарламасы
24. Қыртыс түсін таңдау «АҚШЫЛ», «ОРТАША»,
«ҚЫЗАРҒАН»
25. «КІДІРТУ» жұмыс кезеңі
26. Қамырды «ИЛЕУ» жұмыс кезеңі
27. «ЖЫЛЫТУ» жұмыс кезеңі
28. «КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ» жұмыс кезеңі
29. Бағдарлама нөмірі
30. Кейінге қалдырылған уақыттың/қалған жұмыс
уақытының сандық көрсетілімдері
43
ҚазаҚша

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis