Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Vitek VT-1993 W Betriebsanweisung Seite 44

Brotbackofen
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 16
ҚазаҚша
Желілік шнурдың ашасын электрлік розеткадан ажыратқан кезде шнурдан тартпаңыз, ашаны қолмен ұстап
суырыңыз.
Желілік шнурдың ашасын су қолмен ұстамаңыз.
Құрылғыны ас үйдегі раковинаға тікелей жақын жерде пайдаланбаңыз, оның ылғалдың әсеріне ұшырауын
болдырмаңыз.
Электр тоғының соғу қаупін болдырмас үшін желілік шнурды, желілік ашаны немесе прибордың өзін суға
немесе кез келген басқа да сұйықтыққа батырмаңыз. Егер бұл жағдай орын алса, онда приборға қол
тигізбеңіз, оны дереу электр желісінен ажыратыңыз, тек осыдан кейін ғана приборды судан шығаруға
болады. Приборды тексерту және жөндету үшін рұқсаты бар уәкілетті сервис орталықтарына жүгініңіз.
Желілік шнурдың және ашаның бүтіндігін уақытылы тексеріп отырыңыз.
Нан пісіретін пештің желілік ашасы немесе шнуры бүлінген болса, құрылғы әрең жұмыс істеп тұрса, сондай-
ақ ол құлағаннан кейін құрылғыны пайдалануға тыйым салынады. Құрылғыны өз бетіңізше жөндемеңіз.
Барлық жөндеу сұрақтары бойынша рұқсаты бар (уәкілетті) сервис орталығына жүгініңіз.
Бұл құрылғы балалар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың пайдалануына арналмаған, ол тек, олардың
қауіпсіздігіне жауап беретін адаммен, оларға қауіпсіз пайдалану туралы тиісті және түсінікті нұсқаулықтар
мен құрылғыны дұрыс пайдаланбаған жағдайда пайда болуы мүмкін қауіптер туралы түсінік берілген
жағдайда ғана мүмкін.
Балалар қауіпсіздігі тұрғысынан, қаптама ретінде пайдаланылатын полиэтилен пакеттерді қадағалаусыз
қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен пакеттермен немесе қаптама үлдірмен ойнауға рұқсат
бермеңіз. Тұншығу қаупі!
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Бағдарламалар
1. НЕГІЗГІ РЕЖИМ
Нан пісірудің барлық үш кезеңін қамтиды: қамыр илеу, қамырды көтеру және пісіру.
2. ФРАНЦУЗ НАНЫ
Нан пісіру біраз ұзағырақ уақыт алады, нанның жұмсағы үлкен қуысты, ал қыртысы қытырлақ болып піседі.
3. БҮТІН БИДАЙЛЫ ҰННАН ПІСІРІЛЕТІН НАН
Майда немесе түйіршіктеп тартылған ұннан пайдалы нан пісіріңіз. Мұндай нанды пісіру кезінде кейінге қалдыру
функциясын пайдалануға кеңес берілмейді, себебі оның нәтижелері ойдағыдай болмауы мүмкін.
4. ТӘТТІ НАН
Нан пісірудің барлық үш кезеңін қамтиды: қамыр илеу, қамырды көтеру және пісіру.
5. ЖЫЛДАМ РЕЖИМ
Салмағы 750 г немесе 1000 г нанды 2 сағат ішінде жылдам пісіру.
6. ӨТЕ ЖЫЛДАМ РЕЖИМ (салмағы 750 г нанды 58 минут ішінде пісіру)
7. ӨТЕ ЖЫЛДАМ РЕЖИМ (салмағы 1000 г нанды 1 сағат 25 минут ішінде пісіру)
Жылдам және өте жылдам режимдерінде пісірілген нанның өлшемі кішірек және жұмсағы тығыз болады.
Назар аударыңыз! Пісіру бағдарламасын таңдап, рецептіде 45-50°С температураға дейін жылытылған,
суды пайдаланыңыз (судың температурасын асүйлік термометрмен өлшеңіз). Судың температурасы нанды
жылдам пісіру кезінде шешуші рөл атқарады: өте төменгі температура қамырдың уақытылы көтерілуіне
мүмкіндік бермейді, ал тым жоғарғы температура ашытқылардың өлуіне әкеп соғады, сондықтан тиімді су
температурасы 45-50°С болуы керек.
8. ГЛЮТЕНСІЗ
Глютен немесе клейковина – бұл дәнді өсімдіктердің тұқымдарындағы ақуыз (ол әсіресе бидайда, қара бидайда
және сұлыда көп), ол қамырдың иілгіштігі мен созылмалығы сияқты қасиеттерін анықтайды. Адамдардың
көпшілігінде, соның ішінже балаларда, глютен асқорыту ферменттері арқылы жақсы ажырайды және жақсы
ақуыз көзі болып табылады. Бірақ кейбір адамдарда тұқым қуалайтын бейімделгіштігі бар, оларда глютен өте
сирек кездесетін целиакия ауруын тудыруы мүмкін. Мұндай ауру кезінде рационнан глютені бар тағамдарды
алып тастау керек болады. Осы бағдарламаны таңдаған кезде, глютені жоқ диеталық нанды пісіруіңізге болады
(әдетте, күріш, жүгері, қарақұмық ұнынан немесе арнайы наубайлық қоспалардан).
9. ҚАМЫР ИЛЕУ
Осы бағдарламамен қамырды қолдың нанын (пирожки, пицца және т.с.с.) әзірлеу үшін пайдалануыңызға
болады.
10. ПАСТАҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР
Қолдың макарондарына арналған қамырды дайындаңыз, қамырға қосымша түс пен хош иіс беру үшін қызанақ
пастасын немесе шөптерді қосыңыз.
44

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis