Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Техникалық Сипаттамалар - Stihl DYNAMIC Ergo Gebrauchsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Осы нұсқаулық беттік қалқаншалардың келесі үлгілеріне таратылады:
DYNAMIC X-Ergo беттік қалқаншасы: механикалық тәуекелдерден қорғауға
арналған берік және тозуға төзімді металлды қалқанша және
DYNAMIC Ergo беттік қалқаншасы: Механикалық тәуекелдерден қорғауға
арналған шағын салмағымен нейлон тордан жасалған қалқанша
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқыңыз және осы тауар жөніндегі
барлық құжаттаманы кез келген уақытта табылуы оңай болатын сенімді
жерде сақтаңыз.
Бұйым EN 1731: 2006 келісілген стандартына және ЕО 2016/425
регламентіне және 2001/95/EG директивасына сәйкес келеді.
Сәйкестік декларациясының толық мәтіні Ғаламторда келесі сілтеме
бойынша қолжетімді: www.stihl.com/conformity
Қорғаныс деңгейі беттік қалқаншаның таңбалауында көрсетіледі.
Өндіріс топтамасын қадағалау үшін қалқанша жиектемесінің ішкі жағында
көрсетілген күнін басшылыққа алыңыз.
Сынақ жүргізетін институт:
DIN CERTCO Gesellschaft für Konformitätsbewertung mbH, Alboinstr. 56, 12103
Берлин, Германия
Уәкілетті органның нөмірі: 0196
Беттік қалқаншаның осы түрін STIHL DYNAMIC X-Ergo немесе
STIHL DYNAMIC Ergo дулығасына орнатуға және пайдалануға болады.
Беттік қалқанша мотоарамен жұмыс істеген кезде (мысалы, сүрек
дайындағанда) пайдалану үшін тағайындалған. Бұл қорғаныс қалқаншаның
түрі, мысалы, мотоараны қолданғанда сәйкес келеді. Ол механикалық
тәуекелдерден қорғауға арналған, мысалы, жоғары жылдамдықпен ұшатын
жоңқадан. Басқа пайдалану түрлері үшін қорғаныс деңгейі көрсетілмейді.
● Әрбір пайдалану алдында беттік қалқаншаның күйін (мысалы, көзбен
шолу) тексерген жөн. Зақымданулардың немесе түр өзгертушіліктің
болған кезінде беттік қалқаншаны дереу кәдеге жаратқан жөн.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
● Қызметкердің терісімен түйісетін материал аллергиялық реакцияларға
бейімді пайдаланушылардың аллергиялық реакцияларын туғызуы
мүмкін.
● Қалқанша, мысалы, бұта қырыққышпен немесе абразивті-кеспелі
құрылғылармен жұмыс істегенде жоғары жылдамдықпен тасталынатын
бөліктерден қорғаныстың жеткілікті деңгейін көрсетпейді. Қалқанша
(сұйық металлды қоса) сұйықтықтардың бүркінділерден, қатты ыстық
бөлшектерден, электр қауіптіліктерден, инфрақызыл және ультракүлгін
сәулеленуден қорғамайды.
● Материал зақымдануының алдын алу үшін беттік қалқаншаның өткір
заттарға (араның шынжыры, металлды құрал-саймандар және т.б.)
немесе агрессивті заттарға (агрессивті тазарту құралдары, қышқылдар,
майлар, еріткіштер, отын секілді және т.б.) тигізуін болдырмаңыз.
● Ыстық заттарға (пайдаланылып болған газ және т.б.) және басқа жылу
көздеріне (жанып тұрған от, каминдер және т.б.) тигізбеңіз.
● Әртүрлі таңбалауы бар өнімдерді бірге пайдаланған кезде, төменгі
қорғаныс сыныбының таңбалауы жарамды болады.
● Беттік қалқаншаның кез келген түр өзгертушілігі оның қорғаныстық
атқарымына кері әсер етуге мүмкін. Беттік қалқаншаның қандай болса
да өзгертулерді орындауға тыйым салынады. Түрі өзгертілген беттік
қалқаншаны дер кезінде кәдеге жаратқан жөн.
● Қорғаныс жарақтарының еш қайсысы жарақаттан мінсіз қорғанысты
қамтамасыз ете алмайды. Қорғаныстың тиімділік дәрежесі көптеген
әсерлерге байланысты болады.
● Бұл беттік қалқанша қауіпсіздік техникасының ауыстырылуы болып
табылмайды. Қозғалтқыштың агрегатын тиісінше қолданбаған
жағдайда, жазатайым оқиға орын алуы мүмкін. Сол себептен, тиісті
сатылардың (кәсіпкерлер одағы және т.б.) қауіпсіздік техникасын және
қолданылатын қозғалтқыштың агрегатының пайдалану нұсқаулығының
қауіпсіздік нұсқауларын міндетті түрде сақтаңыз.
Тазарту және күтім жасау
● Қалқанды пайдаланып болғаннан кейін жуыңыз және тазалаңыз.
Осындай сақтық, қалқанға сызат түсірмеу үшін қажет болады.
● Жұмсақ тазартқыш құралмен (сабынмен) жуыңыз. Пайдаланылатын
тазартқыш құрал теріні қоздырмауы қажет.
● Жұмсақ тоқыма майлықпен сүртіңіз. Қатқыл матаны пайдаланбаңыз,
себебі ол қалқаншаны сызаттау мүмкін. Үнемі техникалық қызмет
көрсету мен тазарту пайдалану кезінде жоғары ыңғайлылыққа кепілдік
береді. Дұрыс тазартпау және күтім жасамау беттік қалқаншаның
қорғаныстық атқарымдарына кері әсер етуге мүмкін.
● Тазарту және күтім көрсету жөніндегі нұсқауларда көрсетілгендей
әрекет етіңіз.
Сақтау және тасымалдау
Тиісті қаптамасы беттік қалқаншаны тасымалдау кезінде зақымданудан
қорғайды.
● Беттік қалқаншаны, мүмкіндігінше, жақсы желдетілетін, құрғақ
орынжайда түпнұсқалық қаптамасында сақтаған жөн.
● Экстремалды температуралардың, сұйықтықтардың және УФ-
сәулелену әсерін болдырмаңыз.
Қызмет ету мерзімі
● Қалқанды ашық ауада пайдаланған кезде, оны кем дегенде екі жыл
сайын басқасына ауыстырып тұру қажет. Жүктеме ықпалында жұмыс
істеген кезде қалқанды одан да жиі ауыстыру қажет болуы мүмкін.
● Зақымданулары, сызаттары бар немесе жаншылған беттік қалқаншаны
дер кезінде ауыстырған жөн.
Дулыға, қалқанша мен шуға қарсы құлаққаптарды пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта көрсетілгендей, дулыға, қалқанша мен шуға қарсы
құлаққаптардың әртүрлі қолдану мерзімі бар.
Құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектер
-
DYNAMIC X-Ergo: Металлды тордан жасалған қалқанша
-
DYNAMIC Ergo: Нейлон тордан жасалған қалқанша
● STIHL түпнұсқалық бөлшектерін ғана пайдалануға рұқсат беріледі.
Сертификаттау
-
Беттік қалқанша төмендегі стандарттарға сәйкес келеді: EN 1731:2006
-
Өндіруші: STIHL
АА = өндірілген айы
ЖЖЖЖ = өндірілген жылы
Техникалық сипаттамалар
Моделі: DYNAMIC X-Ergo, DYNAMIC Ergo
-
Қалқаншаның және тіреуіш корпустың таңбаламасы:
W EN 1731:2006-F CE UKCA
W: Өндірушінің сәйкестендіру белгісі
EN 1731:2006: ЕО стандартының нөмірі
F: Механикалық беріктік – төмен қуатты соққы
(45 м/с)
CE/UKCA: Сертификатталған таңбалама
Қосымша ақпаратты STIHL компаниясының дилерінен алуға болады.
KZ
49 | KZ

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Verwandte Produkte für Stihl DYNAMIC Ergo

Diese Anleitung auch für:

Dynamic x-ergo

Inhaltsverzeichnis