Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Stihl DYNAMIC Ergo Gebrauchsanleitung Seite 21

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Мотоаралар мен қозғалтқыштың агрегатын пайдаланушылар үшін.
Осы нұсқаулық дулығалардың келесі үлгілеріне таратылады:
STIHL DYNAMIC Ergo, STIHL DYNAMIC X-Ergo.
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқыңыз және осы тауар жөніндегі
барлық құжаттаманы кез келген уақытта табылуы оңай болатын сенімді
жерде сақтаңыз. Осы бұйым EN 397 2012 + A1: 2012 стандартына сәйкес
келеді және ЕО 2016/425 регламентіне сәйкес келеді.
Сәйкестік декларациясының толық мәтіні Ғаламторда келесі сілтеме
бойынша қолжетімді: www.stihl.com/conformity
Өндіріс топтамасын қадағалау үшін дулыға қаңқасының ішкі жағында
көрсетілген күнін басшылыққа алыңыз.
Сынақ жүргізетін институт: (0121) Institut für Arbeitsschutz,
Alte Heerstraße 111, D-53757 Sankt Augustin
Осы бұйым пайдаланушыны бастан соғудан қорғауға арналған. Осы
дулығаны пайдаланған кезде максималды қорғаныс және ыңғайлылыққа
кепіл болу үшін келесі ақпаратты оқып, онда көрсетілген талаптарды сақтау
қажет.
Дулыға мотоарамен жұмыс істеген кезде (мысалы, сүрек дайындағанда)
пайдалану үшін тағайындалған. Басқа пайдалану түрлері үшін қорғаныс
деңгейі көрсетілмейді.
Назар аударыңыз!
Тиісті қорғаныс деңгейін қамтамасыз ету үшін дулыға пайдаланушының
басы бойынша лайықты түрде реттелінген болуы тиіс. Қорғаныс дулығасы
сыртқы қабығы мен ішкі жабдығының ішінара сыну немесе зақымдану
арқылы соққы энергиясын жұмсартатындай етіп құрастырылған. Егер
дулыға қатты соққыға ұшырған болса, көзге түсетін зақымданулар болмаса
да, оны ауыстыру керек. Сонымен қатар, өндірушімен ұсынылмаған болса,
түпнұсқалық қосалқы бөлшектерін ауыстырғанда немесе алып тастағанда
rti un
туындайтын тәуекелін пайдаланушы ескеруге тиіс. Қандай болса да
бөлшекті орнату үшін, егер оған өндірушінің ұсынымы болмаса, дулығаны
түрлендіруге болмайды. Лақ, еріткіш, желімдегіш заттарды немесе заттаңба
жабыстыру өндірушінің нұсқаулары бойынша талап етілген жағдайларды
қоспағанда, ондайды жасауға болмайды.
Маңызды мәлімет!
Қорғаныс жарақтарының еш қайсысы жарақаттан мінсіз қорғанысты
қамтамасыз ете алмайды. Қорғау дәрежесі көптеген факторларға
байланысты болады. Бұл дулыға және оның құрауыштары қауіпсіздік
техникасының ауыстырылуы болып табылмайды. Қозғалтқыштың агрегатын
тиісінше қолданбаған жағдайда, жазатайым оқиға орын алуы мүмкін.
● Сондықтан, тиісті инстанциялардың (кәсіби сақтандыру серіктестігі
және т.б.) қауіпсіздігі бойынша ережелерін және қолданылатын
мотоблогына қоса берілген пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
көрсетілген қауіпсіздік нұсқауларын міндетті түрде сақтау керек.
● Дулығаны және оның құрауыштарын әрбір пайдалану алдында оның
күйін (мысалы, күйін көзбен шолу) тексеру керек.
● Зақымданған немесе қандай болса да өзгерген кезінде дулығаны және/
немесе оның құрауыштарын дереу кәдеге жарату керек.
● Қызметкердің терісіне тиетін материалдар сезімталдығы жоғары
адамдарда аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін.
Тазарту
STIHL дулығалары техникалық өнім болып табылады және қорғаныстық
атқарымдарын сақтау үшін тиісінше қолдану мен күтім көрсетуді талап етеді.
● Дулығаның қаңқасы мен ішкі жасақтамасын жылы сабын ерітіндісінің
көмегімен (механикалық тазартуға рұқсат берілмеген) тазартуға
болады.
● Маңдай таспасын белгілі уақыт мерзімдері ішінде ауыстыру керек.
● Еріткіштердің немесе агрессивті заттардың көмегімен тазартпаңыз.
Дулығаны дұрыс тазартпау және күтім жасамау оның зақымдануына және
қорғаныс қасиеттерінің жоғалтуына, істен шығуға әкеліп соқтыру мүмкін.
● Тазарту және күтім жасау жөніндегі нұсқауларды орындау керек.
Зақымданулардың алдын алу
● Материал зақымдануының алдын алу үшін дулыға мен оның
құрауыштарының өткір заттарға (араның шынжыры, металлды құрал-
саймандар және т.б.) немесе агрессивті заттарға (агрессивті тазарту
құралдары, қышқылдар, майлар, еріткіштер, отын секілді және т.б.)
тигізуін болдырмаңыз.
● Ыстық заттарға (басқыш және т.б.) және басқа жылу көздеріне (ашық
от, пештер және т.б.) тигізуді болдырмаған жөн.
Сақтау және тасымалдау
Тиісті қаптамасы дулығаны тасымалдау кезінде зақымданудан қорғайды.
● Дулығаны, мүмкіндігінше, жақсы желдетілетін, құрғақ орынжайда
түпнұсқалық қаптамасында сақтаған жөн.
● Экстремалды температуралардың, сұйықтықтардың және УФ-
сәулелену әсерін болдырмаңыз.
Жөндеу
Осы дулыға жөндеуге келмейді!
● Зақымданулары болғанда дулығаны дереу шешу керек.
Қосымша өзгерістерге (мысалы, саңылауларды жасауға) жол берілмейді,
себебі бұл қорғаныстың тиімділігіне кері әсерін тигізеді.
Ақауға шығару өлшемдері
● Дулығаны көзге түсетін кемістіктердің (мысалы, жарықтың пайда
болуы, түстің өзгерілуі) бар болуын үнемі тексеру керек. Түрі
өзгертілген немесе зақымдалған дулығаны дер кезінде ауыстырған
жөн.
● Жүктеменің, мысалы, ауыр соққы секілді, әсер етуінен кейін, көзге
түсетін зақымданулар болмаса да, дулығаны ауыстыру керек.
Қолдану мерзімі
Алғаш рет қолданудан бастап дулығаны 4 жыл сақтауға болады. Біз алғаш
рет қолданудан бастап 4 жыл қолдану мерзімін ұсынамыз.
● Дулығаны үнемі ауыстыру керек.
Тозу кезеңі алғашқы пайдалану күнінен басталады. ≪Шығарылған күні≫
көрсетілген заттаңбасына назар аударыңыз.
● Дулығаның заттаңбасында оны алғашқы пайдалану күнін тұрақты
маркермен белгілеңіз.
Дулыға, қалқанша мен шуға қарсы құлаққаптарды пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта көрсетілгендей, дулыға, қалқанша мен шуға қарсы
құлаққаптардың әртүрлі қолдану мерзімі бар.
Құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектер
-
Ішкі жасақтамасы және маңдай таспасы бар дулыға
-
Ішкі құрылғы
-
Маңдай таспасы
-
Иек белдікшесі
-
Мойын қорғанысы
● STIHL түпнұсқалық бөлшектерін ғана пайдалануға рұқсат беріледі.
STIHL DYNAMIC X-Ergo дулығасына STIHL Light Plus қорғаныс көзілдірігін
орнатуға болады.
G
Сертификаттау
-
Дулыға төмендегі стандарттарға сай келеді: EN 397:2012 + A1:2012
-
Өндіруші: STIHL
MM = өндірілген айы
YYYY = өндірілген жылы
Техникалық сипаттамалар
Моделі: DYNAMIC Ergo, DYNAMIC X-Ergo
-
Реттелінетін бас өлшемі: 51 см-ден 61 см-ге дейін
-
Дулыға қабығының материалы: ABS (Акрилнитрил-бутадиен-стирол)
-
Дулығадағы таңбалау:
MM = металл бүркіндісі
-
-30 °C = аса төмен температура
-
CE = CE белгісі
-
UKCA = UKCA белгісі
Дулығаны реттеу
● Дулығаны киіңіз.
Дулығаның ішкі жағы
A, пайдаланушының басына дәл келуге тиіс.
● Доғаны реттеңіз:
Дулыға басқа дәл және ыңғайлы отырғанша және еңкейткенде бастан
түспегенше
B, сырғымалы ысырманы солға немесе оңға бұрыңыз.
● Биіктікті реттеңіз:
Желкедегі ішкі жабдықтың ұстағыштың екеуін де алып тастаңыз,
Бекіткіштерді алып тастаңыз,
D.
Тұтқыштың тиісті күйін реттеңіз,
E.
Бас үстіндегі доғаны екі күйге арнап реттеуге болады.
Дулыға қаңқасының ішкі бөлігін бекітіңіз,
F.
Қосымша ақпаратты STIHL компаниясының дилерінен алуға болады.
KZ
C.
21 | KZ

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Verwandte Produkte für Stihl DYNAMIC Ergo

Diese Anleitung auch für:

Dynamic x-ergo

Inhaltsverzeichnis