Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Grundfos SP 1A Montage- Und Betriebsanleitung Seite 540

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für SP 1A:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 68
1. Желілік кернеу:
Вольтметр көмегімен фазалар арасындағы
кернеуді өлшеңіз.
Бір фазалы электр қозғалтқыштарында
фаза мен бейтарап арасында немесе екі
фаза арасында кернеуді өлшеу керек.
Вольтметрді элеткр қозғалтқышының
қорғаныш автоматты ажыратқышы
клеммаларына қосу қажет.
1
2
3
2. Тұтынылатын ток
Сорғы тұрақты қысыммен жұмыс істеген
кезде (мүмкіндігінше, электр
қозғалтқыштың жұмысына жиі
қолданылатын қуат мəнімен) əрбір
фазаның ток күшін өлшеу керек.
Максималды жұмыс тогы үшін, зауыттық
тақтайшаны қараңыз.
3 жəне 4-тармақтар: Кернеу жеткізілуі мен тұтынылатын ток тиісті нормада болған жағдайда бақылау өлшемдері қажет етілмейді.
3. Желдету кедергісі
Суға батырылатын кабельді электр
қозғалтқышының қорғаныш автоматты
ажыратқышынан ажыратыңыз. Суға
батырылатын кабель өткізгіштері
арасындағы желдету кедергісін өлшеңіз.
4. Оқшаулау
кедергісі
Суға батырылатын кабельді электр
қозғалтқышының қорғаныш автоматты
ажыратқышынан ажыратыңыз. Әрбір
фазаның оқшаулануының жерге (массаға)
қатысты кедергісін өлшеңіз. Жерге қосу аса
мұқият орындалуы тиіс.
Тиісті ақпарат
6. Электр жабдығын жалғау
540
Электр қозғалтқыш жүктемесімен жұмыс істейтін кернеу Электр
жабдығын жалғау бөлімінде берілген ауқым шеңберінен шықпауы
керек.
Бұл диапазон шеңберінен шығатын ауытқулар электр
қозғалтқышының зақымдануына əкелуі мүмкін. Кернеудің
шеңберден тыс өтуі қуат жеткізілуінің төмен деңгейін білдіреді,
мұндай жағдайда ақаулық түзетілгенге дейін сорғыны өшіру қажет.
Үш фазалы электр қозғалтқыштарында тұтынылатын ток əр
фазада шамамен бірдей болуы тиіс, токтың максималды жəне
минималды мəндерінің арасындағы рұқсат етілетін максималды
мəндер айырмашылығы 5 %-ды құрайды. Айырмашылық бұдан
үлкен болғанда немесе жұмыс тогының максималды мəнінен
асқан жағдайда келесі ақаулықтар орын алуы мүмкін:
Электр қозғалтқышының қорғаныш автоматты
ажыратқышының байланыстары жанып кеткен. Бір фазалы
желіге пайдалануға арналған контактілерді немесе электр
шкафтарын ауыстырыңыз.
Сымдар немесе кабельдік жалғастырғыштағы нашар
байланыс. 3-элементті қараңыз.
Ток көзі кернеуінің тым жоғары немесе тым төмен болуы. 1-
элементті қараңыз.
Электр қозғалтқышының желдетілуі қысқа тұйықталған немесе
жартылай үзілген. 3-элементті қараңыз.
Сорғының зақымдануы электр қозғалтқышына шамадан тыс
жүктеменің түсуіне себепкер болады. Жөндеу жұмысын жасау
үшін сорғыны құдықтан шығарып алу керек.
Электр қозғалтқышы орамаларының кедергісі мəндерінің
арасындағы тым үлкен айырмашылық (үш-фазалық).
Бірқалыпты жүктемеге қол жеткізу үшін фазаларды олардың
кезегімен ауыстыру қажет. Қажет болған жағдайда 3-элементті
қараңыз.
Үш-фазалы электр қозғалтқыштарының ең үлкен жəне ең төмен
мəндерінің ауытқуы 10 %-дан аспауы тиіс. Егер ауытқу
көрсеткіштен жоғары болса, сорғыны шығарып алыңыз. Электр
қозғалтқышында, оның кабелінде жəне суға батырылатын
кабельде жеке өлшеу жұмыстарын жүргізіп, осыдан кейін
зақымдалған бөлшектерді жөндеу немесе ауыстыру керек.
Ескерту: 3-сымды бір фазалы электр қозғалтқыштарындағы
ораманың кедергісінде ең төменгі мəн болады.
Егер оқшаулану кедергісі 0,5 MΩ мəнінен аспайтын болса,
сорғыны шығарып алып, электр қозғалтқыш пен кабельді жөндеу
қажет.
Жергілікті ережелер оқшаулану кедергілерінің басқа мəндерін
көрсетуі мүмкін.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis