Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Grundfos SP 1A Montage- Und Betriebsanleitung Seite 522

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für SP 1A:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 68
Ескертпелер
Төмендегі белгілер мен ескертпелер Grundfos орнату жəне
пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда, қауіпсіздік техникасы
жөніндегі нұсқаулықтарда жəне қызмет көрсету жөніндегі
нұсқаулықтарда көрсетілуі мүмкін.
Бұл ережелерді жарылу қаупі жоқ өнімдер үшін
ұстаныңыз.
Ақ графикалық таңбасы бар көк немесе сұр шеңбер
қолданылуы керек шараны көрсетеді.
Қиғаш сызығы, мүмкін қара графикалық таңбасы бар
қызыл немесе сұр шеңбер шара қолданбау немесе
тоқтату керек дегенді білдіреді.
Егер осы нұсқаулар қадағаланбаса, бұл жабдықтың
дұрыс емес жұмыс істеуіне не бұзылуына əкелуі
мүмкін.
Жұмысты жеңіл ететін кеңестер мен ұсыныстар.
2. Кіріспе
Бұл нұсқаулықтар Grundfos фирмасының MS жəне MMS
сериялы суға батырылатын электр қозғалтқыштарына жəне SP
жəне SPA сериялы суға батырылатын сорғыларына қатысты.
Егер сорғы Grundfos фирмасының MS немесе MMS
серияларынан басқа марканың электр қозғалтқышымен
жабдықталған болса,онда осы элект қозалтқыштағы деректер
де басқа болатынын ескеріңіз.
522
3. Өнімді сақтау жəне тасымалдау
3.1 Орнын ауыстыру жəне тасымалдау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Аяқ жарақатыi
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
Сорғыларды түбінен үлкен етіп жинаңыз жəне 1 м-
ден жоғары жинамаңыз.
Өнімнің салмағына сəйкес келетін көтергіш
жабдықты қолданыңыз.
Жеке қорғаныс жабдығын киіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қолдың езілуі
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
Сорғыларды түбінен үлкен етіп жинаңыз жəне 1 м-
ден жоғары жинамаңыз.
Өнімнің салмағына сəйкес келетін көтергіш
жабдықты қолданыңыз.
Сорғы оны орнатуға дайын болғанға дейін қаптамада
сақталуы керек.
Сорғыны байқап ұстаңыз.
Сорғымен бірге берілетін қосымша фирмалық
тақтайша сорғы орнатылатын жерде бекітілу керек.
Сорғыны ұрылатын немесе дірілдейтін жағдайлардан алдын
алуға тырысыңыз.
3.2 Сақтау
Сақтау температурасы
Сорғы: -20 - +60 °C.
Электр қозғалтқышы: -20 - +70 °C.
Электр қозғалтқыштары жабық, құрғақ əрі жақсы желдетілетін
жерде сақталуы керек.
MMS электр қозғалтқыштарын сақтау кезінде айына
кемінде бір рет электр қозғалтқышының білігін қолмен
бұрап қою керек. Егер электр қозғалтқышы орнатпас
бұрын он екі айдан көп сақталса, пайдаланылу
алдында оның айналатын бөлшектерін алып тексеру
керек.
Сорғылардың тікелей күн сəулесі түсетін жерде сақталуына жол
бермеу керек.
Егер сорғының орамы алынған болса, сəйкес тіреулерді
қолданып оны көлденең күйде немесе сорғыда иілуді
болдырмау үшін оны тік күйде сақтаңыз. Сорғының сырғанап
немесе құлап кетпейтініне көз жеткізіңіз.
Сақтау барысында сорғыға Сақтау кезіндегі сорғының күйі-
суретте көрсетілгендей қолдау көрсетуге болады.
Сақтау кезіндегі сорғының күйі
Төмен температурадан қорғау
Егер сорғы пайдаланылғаннан кейін сақтауға қойылуы керек
болса, бұл мақсатта қоршаған орта температурасы минус
мəнінен жоғары орын таңдалуы керек немесе электр
қозғалтқышқа құйылған сұйықтық аязға төзімді болуы керек.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis