4
HeartStart Intrepid құрылғысын қондырма станциясынан көтеріңіз.
5
Ысырманы қызыл тұтқасынан ұстап тұрып, қондырма станциясының орнату негізін
сырт еткен дыбыс естілгенше ішке қарай итеріңіз.
6
Қондырма станциясын құлыптау үшін T пішінді кілтті кілт тесігіне енгізіп, кілтті
сағат тілі бағытымен бұраңыз.
Құрылғы керек-жарақтарын тазалау
HeartStart Intrepid құрылғысының сыртқы жағын, сыртқы пластиналарды, емдеу
кабельдерін, ЭКГ кабельдерін, батареяны жəне қондырма станциясын қолмен жуып,
жұмсақ матамен сүртуге болады. Келесі тазартқыш өнімдерді қолдану алдында барлық
кірлерді (тін, сұйықтық, т.б.) жойып, суланған матамен мұқият сүртіңіз:
•
Изопропил спирті (судағы 70% ерітіндісі немесе қаптамадағы тазалағыш майлықтар
түрінде)
•
Жұмсақ тазалау құралы жəне су
HeartStart Intrepid Салмақ спецификациялары
Орташа салмағы: (жастықшалар кабелімен, батареямен жəне толық қағаз орамымен)
≤ 7,0 кг/15,5 фунт
Ауруханаға жатқызуға дейінгі қуат көзінің ескертуі
АБАЙЛАҢЫЗ: Ауруханаға дейінгі ортада HeartStart Intrepid құрылғысын қуаттандыру үшін
тек жинақтағы батареяны пайдаланыңыз. Мұны орындамау HeartStart Intrepid
құрылғысының электрлік тұтастығын бұзуы мүмкін.
HeartStart Intrepid пайдалану нұсқаулығына қосымша
191