6-сурет
Қондырма станциясының адаптерін орнату
Қондырма станциясын жедел жəрдем сөресінен алу
Қондырма станциясын жедел жəрдем сөресінен алу үшін:
1
Қондырма станциясының артқы жабынында айнымалы ток қуат кабелі қысқышының алты
бұрандасын босатыңыз. Айнымалы ток қуат кабелін тесіктен шығарыңыз. Болашақта
пайдалану үшін айнымалы ток қуат кабелінің қысқышын қондырма станциясының артқы
қақпағына қайта орнатыңыз.
2
Қондырма станциясының негізіндегі төрт бұранданы босатыңыз. Жедел жəрдем көлігі
сөресінен қондырма станциясын ажыратыңыз.
Intrepid құрылғысын қондырма станциясына қосу
HeartStart Intrepid құрылғысын қондырма станциясына қосу үшін:
1
Алдыңғы панельдің төменгі оң жақ бұрышындағы құлып күйін тексеру арқылы
қондырма станциясының құлпы ашылғанына көз жеткізіңіз. Қондырма станциясының
құлпын ашу үшін, T пішінді кілтті кілт тесігіне салып, сағат тіліне қарсы бағытта
бұраңыз.
7-суретті
7-сурет
Қондырма станциясының құлпын ашу
HeartStart Intrepid пайдалану нұсқаулығына қосымша
қараңыз.
187