Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Vitek VT-1992 W Betriebsanleitung Seite 42

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 14
ҚазаҚ
Ашытқының көбеюінен көмір қышқыл газы шығады, ол кеуекті жұмсақтың түзілуіне себепші болады. Ұн мен
қант ашытқылардың көбеюіне нәрлік орта болып табылады. Балғын сығымдалған немесе тез ашытатын құрғақ
ашытқыларды қосыңыз. Балғын сығымдалған ашытқыларды жылы сұйықтықта (суда, сүтте және т.с.с.) ерітіңіз,
тез ашытатын ашытқыларды ұнға қосыңыз (алдын ала ашытуды, яғни, су қосуды қажет етпейді). Қаптамадағы
ұсыныстарды ұстаныңыз немесе келесі пропорцияларды сақтаңыз:
1 шай қасық тез ашытатын құрғақ ашытқы = 1,5 шай қасық балғын сығымдалған ашытқы.
Ашытқыларды тоңазытқыштарда сақтаңыз. Жоғары температура ашытқыны өлтіріп тастайды және қамыр
нашар көтеріледі.
Тұз
Тұз нанға қосымша дәм мен түс береді, бірақ ашытқылардың көбеюін баяулатады. Тұзды шамадан тыс
пайдаланбаңыз. Үнемі ұзақ тұзды пайдаланыңыз(ірі тұз қалыптың күюге қарсы қабатын бүлдіруі мүмкін.).
Жұмыртқа
Жұмыртқа нанның құрылымын және көлемін жақсартады, қосымша дәм береді. Қамырға жұмыртқа қоспас
бұрын, оны әбден сұйылтып алу керек.
Жануарлардың және өсімдік майлары
Жануарлардың және өсімдік майлары нанды жұмсартады және сақталу мерзімін арттырады. Сары май қоспас
бұрын, майды кішкентай текшелеп кесіңіз де, оны біраз уақытқа қойып қойыңыз.
Нан пісіру ұнтағы және сода
Сода мен нан пісіру ұнтағы (қопсытқыш) қамырдың көтерілуіне қажетті уақытты қысқартады. ӨТЕ ЖЫЛДАМ
ПІСІРУ РЕЖИМІНДЕ пісірген кезде қопсытқышты немесе соданы пайдаланыңыз. Соданы алдын ала лимон
қышқылымен және шағым мөлшердегі ұнмен араластырып алу керек (5 г ас содасы, 3 г лимон қышқылы және 12
г ұн). Алынған ұнтақтың осы мөлшері (20 г) 500 г ұнға есептелген. Соданы басу үшін сірке суын пайдаланбаңыз,
бұл нан жұмсағының біртектілігін төмендетіп, аса ылғалды қылып жібереді. Нан пісіру ұнтағын (қопсытқышты)
рецептідегі нұсқауларды сақтай отырып қалыпқа себіңіз.
Су
Судың температурасы нан пісіру кезінде маңызды рөл атқарады. Судың оңтайлы температурасы 20-25° С-ді
құрайды, ал ӨТЕ ЖЫЛДАМ ПІСІРУ үшін 45-50° С қолайлы. Судың орнына сүтті қолдануға болады немесе біраз
мөлшерде табиғи шырын қосып нанның дәмін байытуға болады.
Сүт өнімдері
Сүт өнімдері нанның нәрлілік құндылығын және дәмін жақсартады. Жұмсағы аса әдемі болады және тәбетті
ашады. Жаңа сауылған сүт өнімдерін немесе құрғақ сүтті пайдаланыңыз.
Жеміс-жидектер
Джемді әзірлеу үшін тек жаңа терілген және сапалы жеміс-жидектерді пайдаланыңыз.
МӨЛШЕРЛЕУ
Жақсы нанның құпиясы тек ингрединеттердің сапасына ғана байланысты емес, сонымен бірге олардың
мөлшерін нақты сақтауда болып табылады.
– Асүйлік таразыны және жеткізу жинағына кіретін өлшеуіш стақанды (8) және өлшеуіш қасықты (9)
пайдаланыңыз.
– Өлшеуіш стақанға (8) белгіленген жеріне дейін сұйықтық құйыңыз. Өлшеуіш стақанды (8) тегіс бетке қойып
мөлшерін тексеріңіз.
– Басқа сұйықтық түрін өлшер алдында өлшеуіш стақанды (8) жақсылап тазартыңыз.
– Құрғақ ингредиенттерді өлшеуіш стақанға (8) салған кезде тығыздамаңыз.
– Ұнды өлшемес бұрын оны ауамен қанықтыру үшін елеп алу керек, бұл пісірілетін нанның ең жақсы
нәтижесіне қол жеткізуге кепілдік береді. Үйіндісін пышақтың көмегімен жайпаңыз.
Қамыр тым жылдам көтеріледі.
Нан көтерілмейді
Қамыр қарқынды көтеріліп
келеді, қамыр нан салатын
қалыптың сыртына шығып тұр
VT-1992.indd 42
Ашытқының, ұнның мөлшері тым көп немесе тұз жеткіліксіз
Ашытқы жеткіліксіз
Ескі және белсенді емес ашытқылар
Ашытқылар қамыр иленгенге дейін сұйық ингредиенттерге тиген
Ұнның сұрыпы дұрыс таңдалмаған, немесе ұн сапасыз
Қант жеткіліксіз
Жұмсартылған су ашытқының тым белсенді өсуіне алып келеді
Ашытқы немесе ұн мөлшері тым көп
Қамыр тым артық салынған
42
12.09.2012 16:19:27

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis