Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Philips RESPIRONICS PerformaTrak Gebrauchsanweisung Seite 94

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Бұл бетпердені пайдаланғанда кемінде 3 см H
Бұл бетперде сөзге келмейтін, есеңгіреп қалған, сұрақтарға жауап бере алмайтын
немесе бетпердені өздігінен шешуге шамасы келмейтін науқастарда қолданбасын.
Егер науқас рецепт бойынша лоқсытатын бір дəрі ішетін болса, бұл бетпердені
пайдаланбағаны жөн.
Науқас контурына қосымша тыныс шығаратын құрылғы қосылатын болса, тыныс
шығаратын құрылғыдан қосымша шығып кететін ауа ағынының өтеу үшін қысым
деңгейін ыңғайлауы қажет болуы мүмкін.
Алғашқы пайдаланардан бұрын қолымен жуыңыз. Бетпердені қарап тексеріңіз: жарық,
сызат, жыртық т. б. залал жоқ па екен не ол тозып қалған жоқ па екен. Қажет болса не
бір жарамсыз боп қалған бөлшектерді алмастырып тастаңыз.
Бұл бетперде бір рет қана пайдаланылады жəне науқаста қолданылғаннан кейін
зарарсыздандыруға не тазартуға жатпайды. Бетпердені науқас пайдаланғаннан кейін
жойыңыз. Зарарсыздандырмай бірнеше науқаста пайдалану түрлі ауруларды жұқтыру
қауіп-қатерін арттырады.
Бұл бетперде қайта қолдануға арналмаған. Бұл бетперде науқас пайдаланғаннан кейін
зарарсыздандырып немесе тазартылған болса, оның қызметі техникалық сипаттарға
сəйкес келеді деуге Respironics компаниясы кепілдік бере алмайды.
Егер емделушінің тісі, қызыл иегі немесе жағы ауырса, тексеріп, шара қолданыңыз.
Бетпердені қолдану емделушінің ескі тіс ауруын қоздыруы мүмкін.
Ауа аулайтын қақпашықты бөгеп не бітеп тастаушы болмаңыз.
Қарсы көрсетілімдер
Бұл бетперде төмендегі денсаулық ақаулары бар науқастардың қолдануына жарамауы
мүмкін: кардия сфинктерінің қызметі нашарлағанда, шамадан тыс рефлюкс болғанда,
жөтел рефлексі бұзылғанда жəне көк еттің өңеш тесігінің жарығы (грыжа) болғанда.
Науқас бетпердені өз бетімен шеше алмайтын болса, оны пайдалануға болмайды.
Қолданудан бұрын
Нұсқаулықты толық оқып шығып, əбден түсініңіз.
Бетпердені 70% изопропил спиртімен ылғалданған тампонмен сүртіп алыңыз немесе
ыдыс жуатын сұйық қосылған жылы суға қолмен жуып, мұқият шайыңыз. Ауаға əбден
құрғатып қолданыңыз. Қолданар алдында бетперденің құрғақтығын тексеріңіз.
Caқтандыру: Ағартатын ерітінділерді, құрамында ағартатын заты бар тазалайтын
ерітінділерді немесе құрамында ылғалдатқышы бар ерітінділерді қолданбаңыз.
Caқтандыру: Бұл нұсқаулардан ауытқу өнімнің жұмысына əсер етуі мүмкін.
Caқтандыру: Бетперденің бүлінбегенін жəне тозбағанын тексеріп алыңыз (сызат, жік,
жыртық т.б.). Қажет болса, тозған бөлшектерін ауыстырып алыңыз.
Емделушінің бетін жуыңыз. Қолыңызға немесе емделушінің бетіне ылғалдандыратын
крем/лосьон жақпаңыз.
Бетперде мен бас жүген өлшемдерінің дұрыстығына көз жеткізіңіз.
Егер науқастың кеңсірігінде мұрын-асқазан (МА) түтігі не ұқсас бір құрылғы тұрса, онда
өзіңіздің қалауыңыз бойынша МА түтігін нығыздайтын төсемді қолданыңыз. Төсемнің
жалпақ жағын науқастың бетіне қаратып, ал С-пішінді ауызын
түтікті айнала орнатыңыз.
Терапиялық құрылғы, яғни тыныс алдыратын аппарат жəне
оның дабылдары мен қауіпсіздік жүйелерінің жарамдылығы
пайдаланудан бұрын расталуы керек.
Ауа аулайтын қақпашықты тексеріңіз (1-ші сурет).
Бейинвазивтік тыныс алдыратын аппаратты сөндіріп, ауа
аулайтын қақпашық қалқалағышының үлкен ауызынан
сырттағы ауа кедергісіз өтетіндей қалпында тұрғанына көз
жеткізіңіз. Жүйені тоққа қосыңыз; қалқалағыш жабылуы керек;
жүйедегі ауа бетпердеге аға бастау керек. Егер қалқалағыш
жабылмайтын болса немесе дұрыс жұмыс істемейтін болса,
бетпердені алмастырыңыз. Ауа аулайтын қақпашықтың
ауызын немесе тыныс шығаратын құрылғы ауызын бөгемеңіз.
Қақпашық іркілген сары сумен бітелмегеніне, қалқалағыш
құрғақ екендігіне көз жеткізіңіз.
Бетпердені тексеріп шығыңыз: жастықшасы қатайған немесе
жыртылған болса, не бір бөлшегі сынып қалған болса,
бетпердені алмастырыңыз.
Терапия жабдығының қысымын(-дарын) тексеріңіз.
O (гПа) қысымын демдеп отыру керек.
2
94
1-ші сурет

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis