Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Philips RESPIRONICS PerformaTrak Gebrauchsanweisung Seite 95

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Ауа шығып кету белгісі жəне ауыз тетікті икемдеу параметрлері
Кейбір тыныс алдыратын аппараттарда, бетперденің таңдау икемдеу процедурасында
бетпердеден ауа шығып кету белгісі мен мөлшерін қатар колдануға мүмкіншілік береді.
Бетперденің астынан ауа шығып кету сипаты – ауа шығып кету белгісі (
кету белгісі жəне мөлшері жанасудың əдейі ауа шығып кету сипаты боп табылады.
Бетперде таңдау икемдегіші бар тыныс алдыратын аппараттарда, бетпердедегі
ауа шығып кететін белгісінің мөлшеріне сəйкес келетін ауа шығып кететін белгісінің
мөлшерін (
) теріп көрсетіңіз.
Басқа дұрыс жанастырып қондыру
1. Бетпердені науқастың бетіне сəл тигізе ұстап тұрып, басжүгенді басына сырғытып
кигізіңіз. Бас бекітетін белдікті науқасқа кигізбей тұрып, айналмалы қысқыштардың
біреуін ағытсаңыз да болады. Бас бекітетін белдік киілгеннен соң, айналмалы
қысқышты қайта бекітіп қойыңыз.
2. Бетперденің мұрын-кеңсірікке жанасқанда неғұрлым аз батуы үшін əрі оның
жастықшасы астынан неғұрлым аз ауа шығып кетуі үшін маңдай сүйеуіштің төрт
орналасу қалпын лайықтаңыз. Төменгі қалпында бетперде кеңсірікке ең қатты
батады, ал оның жастықшасы мұрынмен
ең жақсы жанасады. Ең жоғарғы қалпында
бетперде кеңсірікке ең жеңіл батады, ал
оның жастықшасының мұрынмен жанасуы
азырақ болады. Маңдай сүйеуішті олай-бұлай
жылжытып, мұрын-кеңсірік тұсынан жастықша
астынан шығып кететін ауаның мөлшері ең аз
болатындай етіп, науқас үшін қолайлы жағдай
туғанша ынғайлап орналастырыңыз.
3. Науқас контурын (тыныс шығару құрылғысы
мен иілгіш түтікті) ауа аулайтын қақпашығына
қосыңыз.
4. Бетперде жайлы орнығып, жастықша астынан
шығып кететін ауаның мөлшері неғұрлым аз болу
үшін, бас бекітетін белдіктің жабысқақ ілгектерін
ағытып, оларды бетперде тығыз жанасқанша біртіндеп
тартып қойыңыз.
5. Бейинвазивтік тыныс алдыратын аппаратты қосыңыз.
Науқасқа əдеттегідей тыныс ала берсін деп нұсқау
беріңіз.
6. Бас бекітетін белдікті бетперденің жастықшасы астынан
шығып кететін ауаның мөлшері неғұрлым аз болғанша
жəне ыңғайлы орналасқанша лайықтаңыз. Алдымен,
жоғарғы белдіктерді ыңғайлаңыз, олар міндетті түрде
құлақтан жоғары өту керек. Бастың желкесіне берік
орналасқанына көз жеткізіп, төменгі бас бекітетін
белдікті ыңғайлаңыз. Науқастың дене қалпы өзгергеніне
байланысты бетперденің астынан ауа шығып кететін
болса, белдік тартылу кернеуін лайықтап қалпына
келтіріңіз.
Сақтандыру: Белдіктерді тым қатты тартпаңыз. Шамадан
тыс қатты тарту ауаның шығып кетуіне себеп болады не
оны ұлғайтуы мүмкін.
Бетпердені алып тастау
Айналмалы қысқыштарды өз ұяларынан шығарып мойын белдіктерін ағытып жіберіңіз.
Бетпердені басжүгенге қайта қосу
1. Басжүгеннің айналмалы қысқыштарын сыртқы қалқаншаға сырғыта түсіріп бекітіңіз.
2. Төменгі екі белдікті тиісті айналмалы қысқыштардан өткізіңіз. Белдік мықты бекітілу
үшін əрбір белдіктегі бекіткіш ілгекті артқа қайырып басып қойыңыз.
3. Жоғарғы белдіктерді маңдай сүйеуіштегі баулықтар арқылы кіргізіңіз. Белдік мықты
бекітілу үшін əрбір белдіктегі бекіткіш ілгекті артқа қайырып басып қойыңыз.
4. Жоғарғы белдіктерді құлақтан жоғары ыңғайлы жайғастырып, керегінше тартып
қойыңыз.
C
D
E
F
95
). Ауа шығып
A
B
H
G
2-ші сурет
A = Маңдай сүйеуіш
B = Тіреуіш
C = Ыңғайландыру ілгектер
D = Бетперденің сыртқы
қалқаншасы
E = Ауа аулайтын қақпашық
(бөгеуші болмаңыз)
Ғ = Тыныс шығаратын
құрылғы (бетпердеден
бөлек)
G = Иілгіш түтіктер
H = Айналмалы қысқыш
I = Бетперде жастықшасы
J = Бас бекітетін белдігі
J
I

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis