Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Philips RESPIRONICS PerformaTrak Gebrauchsanweisung Seite 93

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Қолдану нұсқаулығы
Бетті толық жабатын PerformaTrak бетперде
Қолдану мақсаты
Бетті толық жабатын PerformaTrak бетперде науқастарға CPAP не екі деңгейлік терапия
беруге арналған жанасу қамтамасыз ететін жабдық. Бетперде ауруханаларда/жабық
мекемелерде жатқан науқастар қауымына бір рет қолдануға арналған. Бетперде СРАР
не екі деңгейлік терапия қажет деп танылған науқастарда (>30 кг) қолданылады.
Ескертпе: Тыныс шығаратын ауыз тетік PerformaTrak бетті толық жабатын
бетпердесі құрамына қондырылмаған. Тыныс шығаратын жеке құрылғы осы
бетпердемен бірге қолдану тиіс.
Ескертпе: Бұл маска табиғи каучук ақсөлінен немесе диэтилгексилфталаттан
(DEHP) жасалмаған.
Белгілер
Ескерту немесе
сақтандыру
Қайтадан
пайдаланбаңыз
Ескертулер:
Бұл бетперде өмірді сақтап қалу үшін тыныс беруге жарамайды.
Бұл бетпердеге қосымша бөлек тыныс шығаратын құрылғы болуы міндет.
Бұл бетперде CPAP немесе екі деңгейлік жүйелермен пайдалану үшін емдеуші
дəрігеріңіздің не респираторлық терапевтің нұсқауымен пайдалануға арналған. СРАР
немесе екі деңгейлік жүйе қосылмаған болса немесе дұрыс істемей тұрса, бұл бетпердені
кимеңіз. Тыныс шығару ауыз тетігін бөгеп не бітеп тастаушы болмаңыз. Ескерту
түсініктемесі: CPAP жүйелері бетпердеден ауаны сыртқа тұрақты шығарып тұратын
булық тесіктері бар қосқыштарға орнатылған арнаулы бетперделермен қолдануға
арналған. CPAP машина қосылып дұрыс істеп тұрған кезінде, CPAP машинасынан
шыққан жаңа ауа бетперденің тыныс шығару ауыз тетігі арқылы шыққан тыныс ауасын
үрлеп кетіреді. Бірақ, CPAP машинасы жұмыс істемей тұрғанда, бетперде арқылы таза
ауа жеткілікті мөлшерде берілмейді жəне тысқа шыққан ауа қайта жұтылуы ықтимал. Бұл
ескерту CPAP жүйелерінің көптеген үлгілеріне қатысты.
Егер бұл құралда оттегі пайдаланылатын болса, құрал істемей тұрған сəттерде оттегі
ағынын тоқтату керек. Ескерту түсініктемесі: Құрылғы жұмыс істемей тұрғанда, оттегі
ағып тұра берсе, онда тыныс алдыратын аппарат түтіктеріне жеткізілген оттегі құрылғы
ішінде іркіліп қалуы мүмкін. Құрылғы ішінде іркілген оттегі өрт шығу қауіпін төндіреді.
Оттегі жануға қолғабыс етеді. Ашық алау барда немесе шылым шеккен кезде оттегін
пайдаланбаңыз.
Қосалқы оттегі ағынының тегеуіріні тұрақты болған жағдайда тыныспен ішке кіретін
оттегінің концентрациясы қысымды икемдеу параметрлеріне, науқастың тыныс
алу ерекшеліктеріне, таңдаған бетпердесіне жəне шығып кететін ауа деңгейіне
байланысты құбылып отырады. Бұл ескерту СРАР жүйесінің көптеген үлгілеріне жəне
екі деңгейлік машиналарға қатысты.
Егер емделушінің терісі қызарса, бөртсе немесе емделуші жайсыздық сезінсе,
тексеріп, шара қолданыңыз.
Келесі белгілер байқалса, тексеріп, шара қолданыңыз: Əдеттен тыс кеуде жайсыздығы,
демалысы қиындау, іші кебу, кекіру, басы ауыру, көзі қарауыту, көзі құрғау, көзі ауыру
немесе көз инфекциясы.
CPAP не EPAP қысымы төмен болған кезде, тыныс
шығаратын ауыз тетік арқылы шығатын ауа ағыны түтіктен
барлық шыққан газды тазарту үшін жеткіліксіз болуы мүмкін.
Кейде ауаны қайта жұтуы мүмкін.
Ескертпе
Табиғи каучук ақсөлінен
жасалмаған
93
Қ АЗА Қ ТІЛІ
Ауа шығып кету
белгісі жəне
мөлшері

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis