Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Grundfos SL1 Serie Montage- Und Betriebsanleitung Seite 582

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für SL1 Serie:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

7. Орнату
Назар аударыңыз
Орнату кезінде тұрақтылықты қамтамасыз ету
үшін əрқашан сорапты көтеру шынжырларымен
көтеріңіз немесе көлденең күйге қойыңыз.
Орнату алдында резервуардың түбі тегіс екенін
Сақтан
тексеріңіз.
Назар аударыңыз
Орнатуды бастамай тұрып қуат көзін өшіріңіз жəне
қуат көзі кездейсоқ қосылмауын қамтамасыз ету
үшін құлып көмегімен қуат қосқышты 0 күйіне
құлыптаңыз.
Жұмысқа кіріспестен бұрын сорапқа жалғанған
сыртқы кернеуді ажырату керек.
Орнатуды процедураларын бастаудан бұрын мына
тексерулерді орындау қажет:
Сорап тапсырыс талаптарына сəйкес келе ме?
Сораптың орнату орнындағы желі кернеуіне жəне жиілігіне
сəйкес келеді ме?
Керек-жарақтар жəне басқа жабдық зақымдалмаған ба?
Керек-жарақ туралы қосымша мəліметтерді
www.grundfos.com сайтындағы SL1, SLV
Ескерту
сораптары туралы деректер кітапшасында табуға
болады.
Сораппен бірге келген қосымша зауыттық тақтайшаны
басқару шкафының кабель жағына бекіткен жөн.
Орнату орнында қауіпсіздік техникасының барлық ережелерін
орындау қажет, мысалы, резервуарға таза ауа жіберу үшін
желдеткіштерді пайдалану.
Орнату алдында май камерасындағы май деңгейін тексеріңіз.
10. Күтім жасау жəне техникалық қызмет көрсету
қараңыз.
Назар аударыңыз
Егер сорапқа қуат көзі қосылған болса, оның
сақтандырғышын алып тастап немесе ток көзінен
ажыратып өшіріп тастағанша соратын
саңылауына немесе қысым құбырына қолыңызды
немесе құралдарды салмаңыз. Қуат көзін
кездейсоқ қосу мүмкін емес екенін тексеріңіз.
Дұрыс емес орнатуға байланысты ақаулықтарды
Сақтан
болдырмау үшін əрқашан Grundfos компанисының
керек -жарақтарын пайдалану ұсынылады.
Назар аударыңыз
Тасымалдау тұтқасын тек сорапты көтеру үшін
пайдаланыңыз. Жұмыс істеп жатқан кезде
сорапты ұстамаңыз.
Орнату түрлері
SL1 жəне SLV сораптары екі түрмен орнатуға арналған:
автоматты муфтада батырылған орнату
сақиналық тіректегі бөлек батырылған орнату.
582
7.1 Автоматты муфтада батырылған орнату
4. сур. Автоматты муфтада батырылған орнату
Стационарлық сораптарды қозғалмайтын автоматты муфта
бағыттағыш жүйесінде орнатуға болады. Автоматты муфта
жүйесі техникалық қызмет көрсетуді жəне қызмет көрсетуді
жеңілдетеді, өйткені сорапты резервуардан жеңіл көтеріп
алуға болады.
Назар аударыңыз
Орнату процедураларын бастамас бұрын
резервуардағы атмосфераның жарылысқа қауіпті
емес екеніне көз жеткізу керек.
Құбырлар қажет емес күш салуды пайдаланбай
орнатылуын қадағалаңыз. Сорапқа құбырлардың
салмағы жүк түсірмеуі керек. Орнатуды жеңілдету
Сақтан
бөлімін
жəне фланецтер мен болттардағы құбыр керілісін
болдырмау үшін бос фланецтерді пайдалану
ұсынылады.
Құбырда резеңке бөлшектерді немесе
сильфондарды пайдалануға болмайды; бұл
Сақтан
бөлшектер құбырларды туралау үшін ешқашан
пайдаланылмауы керек.
Мыналардың орындалуы қажет:
1. Резервуардың ішінде бағыттағыш кронштейнді бекітетін
саңылауларды бұрғылаңыз, сөйтіп, бағыттағыш
кронштейнді уақытша екі бұрандамен бекітіңіз.
2. Автоматты муфтаның төменгі бөлігін резервуардың түбіне
орнатыңыз. Дұрыс орналастыру үшін тіктеуішті
пайдаланыңыз. Автоматты муфтаны кеңейту болттарының
көмегімен бекітіңіз. Егер резервуар түбі тегіс болмаса,
автоматты муфтаның астына тіреулерді бұрандаларды
тартқанда көлденең күйде қалатындай етіп орнатыңыз.
3. Құбырларда деформация жəне керіліс пайда болмауы
үшін бекітілген белгілі жинау процедураларды қолдана
отырып, қысым құбырын орнатуды орындау керек.
4. Бағыттағыштарды автоматты муфтаға орнатыңыз жəне
бағыттағыштардың ұзындығын резервуардың жоғарғы
бөлігіндегі бағыттағыш кронштейн бойынша реттеңіз.
5. Уақытша бекітілген бағыттағыш кронштейнді босатыңыз.
Жоғарғы бағыттағыш кронштейінді бағыттағыштарға
салыңыз. Резервуардың ішінде бағыттағыш кронштейнін
бекітіңіз.
Бағыттағыштардың осінде бостық болмауы керек,
Ескерту
əйтпесе сораптың жұмысы кезінде шу пайда
болады.
6. Сорапты резервуарға салмай тұрып қоқыстан тазартыңыз.
7. Бағыттағыш ілгегін сорапқа бекітіңіз.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Slv serie

Inhaltsverzeichnis