қазақ
■ Көгал шапқыш пышақ-тежегіш-ажырату
құрылғысымен (BBC) жабдықталған. Көгал
шапқыштың қосқыш қамытшасы
босатылған кезде пышақ 3 секунд ішінде
тоқтайды. Қозғалтқыш жұмыс істеп тұр.
► Көгал шапқышты тазалау, техникалық
қызмету немесе жөндеу алдында
қозғалтқышты өшіріп, от алдыру
білтесінің жалғағышын суырыңыз.
■ Көгал шапқышқа немесе пышаққа қолдану
нұсқаулығында сипатталғандай техникалық
қызмет көрсетілмесе немесе жөндеу
жүргізілмесе, құрамдас бөлшектер тиісінше
жұмыс істемеуі және сақтандырғыш
құрылғылар істен шығуы мүмкін. Адамдар
ауыр жарақат алуы немесе өлуі мүмкін.
► Тозған немесе зақымдалған бөлшектерді
алмастырыңыз.
► Көгал шапқышқа аталмыш пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта сипатталған
тәртіппен күтім жасаңыз немесе жөндеу
жүргізіңіз.
► Пышаққа аталмыш пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта сипатталғандай техникалық
қызмет көрсетіңіз.
■ Пышақты тазалаған, жөндеген немесе оған
техникалық қызмет көрсеткен жағдайда,
пайдаланушы өткір жиектерге дене
мүшелерін кесіп алуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Төзімді материалдан жасалған қорғаныс
қолғаптарын киіңіз.
■ Қайрау кезінде пышақ қызып кетуі мүмкін.
Пайдаланушы күйіп қалуы мүмкін.
► Пышақ суығанша күтіңіз.
► Төзімді материалдан жасалған қорғаныс
қолғаптарын киіңіз.
5
Көгалшапқышты
пайдалануға дайындау
5.1
Көгал шапқышты жұмысқа
дайындау
Жұмысты әр бастамас бұрын төмендегі
әрекеттерді орындау қажет:
► Орауыш материал мен тасымалдау
бекіткіштерін алып тастаңыз.
► Төмендегі құрамдас бөлшектердің қауіпсіз
күйде болуына көз жеткізіңіз:
– Көгал шапқыш,
– Пышақ,
4.6.2.
► Көгал шапқышты тазалаңыз,
► Пышақты тексеріңіз,
► Қозғалтқыш майын құйыңыз,
► Меңгерікті орнатыңыз,
382
4.6.1.
15.2.
10.2.
6.4.
6.1.
5 Көгалшапқышты пайдалануға дайындау
► Меңгерікті жайыңыз,
► Меңгерікті реттеңіз,
► Көгал шапқышты толтырыңыз,
► Егер шабу процесі орындалып жатса және
шөп жинағышқа шөп түсуі керек болса:
► Топырақ бетін жабу жабындарының
тобын шығарып алыңыз,
► Шөп жинағышты бекітіп іліңіз,
► Егер шабу процесі орындалып жатса және
шабылған шөпті артынан түсіру қажет
болса:
► Топырақ бетін жабу жабындарының
тобын шығарып алыңыз,
► Шөп жинағышты ажыратыңыз,
► Егер жабындау процесі орындалып жатса:
► Шөп жинағышты ажыратыңыз,
► Топырақ бетін жабу жабындарының
тобын орнатыңыз,
► Кесу биіктігін реттеңіз,
► Басқару элементтерін тексеріңіз,
► Егер бұл қадамдарды орындау мүмкін
болмаса: көгал шапқышты пайдаланбаңыз
және STIHL мамандандырылған дилеріне
хабарласыңыз.
6
Көгалшапқышты
құрастыру
6.1
Меңгерікті орнатыңыз
► Қозғалтқышты тоқтатыңыз.
► От алдыру білтесінің жанасқан ұшын қысып
буыңыз.
► Көгал шапқышты тегіс жерге қойыңыз.
► Төлкені (1) меңгеріктегі (2) саңылауға
сұғыңыз.
► Дискілі серіппелерді (3) дөңес бетін ішке
қаратып төлкеге (1) кигізіңіз.
8.1.
8.2
7.
6.2.1.
6.3.2.
6.2.1.
6.3.3
6.3.3.
6.2.2.
11.2.
10.1.
0478-111-9963-A