қазақ
► От алдыру білтесінің жалғағышын
ажыратыңыз.
► Қолыңыз бен аяғыңызды
пышақтан алшақ ұстаңыз.
► Айналып тұрған пышаққа дене
мүшелеріңізді тигізбеңіз.
► Егер пышақ қандай да бір затпен
бұғатталған болса: қозғалтқышты
тоқтатыңыз. Осыдан кейін ғана
затты алып тастаңыз.
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда,
пышақтың жұмыс аймағына қол
сұқпаңыз.
■ Егер жұмыс кезінде қозғалғыш механизм
жетегінсіз жұмыс істелсе, қозғалғыш
механизм жетегі байқаусызда қосылып
кетіп, көгалшапқыш қозғала бастауы мүмкін.
Адамдар ауыр жарақат алуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Қозғалғыш механизм жетегін қосу керек
болса ғана, қозғалғыш механизм
жетегінің ауыстыру тұтқасын
қолданыңыз.
■ Егер жұмыс кезінде көгал шапқыштың
сипаты өзгерсе немесе жұмысы әдеттегіден
өзгеше болса, көгал шапқыш қауіп төндіруі
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы және
оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
► Жұмысты аяқтап, STIHL
мамандандырылған дилеріне жүгініңіз.
■ Жұмыс барысында көгалшапқыштан діріл
туындауы мүмкін.
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
► Жұмыс арасында үзіліс жасап отырыңыз.
► Егер қан айналымының бұзылуының
белгілері білінсе: дәрігерге қаралыңыз.
■ Шабыс ауданын қадағалаңыз және
бөгеттерге назар аударыңыз. Егер жұмыс
барысында пышақ бөгде затқа тисе, пышақ
немесе оның бөліктері жоғары
жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Тастар, таяқтар, сымдар,
ойыншықтар немесе басқа заттар
сияқты бөгде заттарды жұмыс
аймағынан шығарыңыз. Шығару
мүмкін болмайтын жасырын
заттарды белгілеп қойыңыз.
■ Шабу жетегіне арналған қосқыш қамытша
босатылған кезде де, пышақ тағы біраз
380
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
уақыт айналып тұрады. Адамдар ауыр
жарақат алуы мүмкін.
► Пышақтың айналуы тоқтағанша
күтіңіз.
► Шөп жинағышты пышақ
айналмағанда ғана ажыратыңыз.
► Топырақ бетін жабу
жабындарының тобын пышақ
айналуын тоқтатқаннан кейін ғана
алыңыз.
■ Егер айналып тұрған пышақ қатты затқа
соғылса, ұшқын пайда болуы мүмкін.
Ұшқыннан жеңіл тұтанатын ортада өрт
туындауы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат
алуы немесе қайтыс болуы мүмкін,
сонымен қатар мүліктік зиян келуі мүмкін.
► Жеңіл тұтанатын ортада жұмыс
істемеңіз.
■ Айналмалы пышаққа тиген қатты заттар
көгалшапқышқа зақымдауы мүмкін.
► Айналмалы пышақты қатты зат соғып
кетсе, қозғалтқышты тоқтатып, көгал
шапқышта зақымдардың бар-жоғын
тексеріңіз.
► Көгал шапқыш зақымдалған жағдайда:
STIHL мамандандырылған дилеріне
жүгініңіз.
■ Егер көгалшапқыш көлбеу жерге қойылса,
абайсызда орнынан жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Көгалшапқыштың тұтқасын тегіс және
өздігінен жылжып кетпейтін жерде ғана
босатыңыз.
■ Егер бас тұтқаға қандай да бір заттар
бекітілетін болса, көгалшапқыш қосымша
салмақтың әсерінен аударылуы мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Бас тұтқаға ешқандай заттарды
бекітпеңіз.
Қауіп
■ Егер жұмыс ток өтіп тұрған кабельдердің
жанында жүргізілсе, пышақ ток өткізгіш
кабельдерге тиіп, оларды зақымдауы
мүмкін. Пайдаланушы ауыр жарақат алуы
немесе қаза болуы мүмкін.
► Ток өтіп тұрған кабельдердің жанында
жұмыс істемеңіз.
■ Егер жұмыс күн күркіреуі кезінде жүргізіліп
жатса, пайдаланушыға найзағай түсуі
мүмкін. Пайдаланушы ауыр жарақат алуы
немесе қаза болуы мүмкін.
► Күн күркіреген кезде: жұмыс істемеңіз.
■ Жаңбыр кезінде жұмыс істегенде,
пайдаланушы тайып құлауы мүмкін.
0478-111-9963-A