Herunterladen Diese Seite drucken

Stihl RM 655.1 VS Gebrauchsanleitung Seite 379

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für RM 655.1 VS:
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
■ Бензин тиген киім оңай тұтанады. Адамдар
жарақат алуы не қаза табуы немесе
материалдық зияннан зардап шегуі мүмкін.
► Киімге бензин тиген жағдайда: киім
ауыстырыңыз.
■ Бензин қоршаған ортаға қауіп төндіруі
мүмкін.
► Жанармайды төкпеңіз.
► Бензинді ережелерге сәйкес және
қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен
кәдеге жаратыңыз.
■ Егер бензин теріге немесе көзге тисе, тері
немесе көз тітіркенуі мүмкін.
► Бензиннің тиюіне жол бермеңіз.
► Егер теріге тисе: сұйықтық тиген жерді
сабындап, сумен жақсылап жуыңыз.
► Егер көзге тисе: көзді кемінде 15 минут
ішінде үлкен мөлшердегі сумен шайып,
содан кейін дәрігердің көмегіне жүгініңіз.
■ Көгалшапқыштың от алдыру қондырғысы
ұшқын шығарады. Ұшқын сыртқа шығуы
және тұтанғыш немесе жарылғыш ортада
өрт және жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
Адамдар жарақат алуы не қаза табуы
немесе материалдық зияннан зардап шегуі
мүмкін.
► Қозғалтқыштың пайдалану жөніндегі
нұсқаулығында сипатталған от алдыру
білтелерін қолданыңыз.
► От алдыру білтесін бұрап кіргізіңіз және
мықтап тартыңыз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
мықтап қысыңыз.
■ Егер көгалшапқыш қозғалтқыш үшін
жарамсыз бензинмен толтырылса,
көгалшапқыш зақымдалуы мүмкін.
► Таза, этилденбеген бензин маркасын
қолданыңыз.
► Қозғалтқыштың пайдалану жөніндегі
нұсқаулығындағы мәліметтерге назар
аударыңыз.
4.8
Жұмыс істеу
Сақтандыру
■ Егер пайдаланушы қозғалтқышты дұрыс
іске қоспаса, пайдаланушы көгалшапқышты
бақылау мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.
Пайдаланушы ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Қозғалтқышты осы қолдану
нұсқаулығында сипатталғандай іске
қосыңыз.
■ Пайдаланушы белгілі бір жағдайларда зейін
қойып жұмыс істей алмай қалуы мүмкін.
Пайдаланушы сүрініп кетуі, құлауы және
ауыр жарақат алуы мүмкін.
0478-111-9963-A
► Сабырлы қалыппен, ойыңызды жинақтап
жұмыс істеңіз.
► Тек жақсы көрерлік жағдайында
шабыңыз. Жарық және көрерлік
жағдайлары нашар болса,
көгалшапқышпен жұмыс істемеңіз.
► Көгалшапқышты бір адам ғана басқаруы
керек.
► Кедергілерге назар аударыңыз.
► Көгалшапқышты аудармаңыз.
► Жерде тік тұрып жұмыс істеңіз және
тепе-теңдікті сақтаңыз.
► Шаршағандық белгілері болса: жұмыста
үзіліс жасаңыз.
► Беткейде шөп шабу кезінде: Беткейдің
көлденең бойымен шабыңыз.
► 25°-тан (46,6 %) асатын беткейлерде
жұмыс істеуге болмайды.
► Еңістер, алқап жиектері, арықтар, қоқыс
тастайтын жерлер мен бөгеттердің
жанында жұмыс істеген кезде
көгалшапқышты абайлап пайдаланыңыз.
► Жұмыс уақытын ұзақ мерзімді жоғары
жүктемелерге жол бермейтіндей етіп
жоспарлаңыз.
■ Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде
пайдаланылған газдар шығарылады.
Пайдаланылған газдарды жұту адамдарды
уландыруы мүмкін.
► Пайдаланылған газдарды жұтуға
болмайды.
► Көгалшапқышпен жақсы желдетілетін
жерде жұмыс істеңіз.
► Жүрек айну, бас аурулары пайда
болғанда, көз көруі, есту нашарлағанда
немесе бас айналғанда: жұмысты
тоқтатып, дәрігерге қаралыңыз.
■ Егер пайдаланушы қозғалтқыш жұмыс істеп
тұрған кезінде есту мүшелерін қорғайтын
құралды пайдаланған болса, ол
дыбыстарды шектеулі деңгейде қабылдап
бағалай алады.
► Сабырлы қалыппен, ойыңызды жинақтап
жұмыс істеңіз.
■ Іске қосу арқаны артқа жылдам секіріп
кетсе, қол мен алақан арқан үзілгенше
қозғалтқышқа қарай жылдам тартылады.
Сүйектер сынуы, көгеруі және созылуы
мүмкін.
► Кері соққыны сезгенше іске қосу арқанын
тартып, кері соққыны болдырмау үшін
оны қолдың ұзындығына дейін жылдам
тартыңыз.
■ Айналмалы пышақ пайдаланушыны кесіп
кетуі мүмкін. Пайдаланушы ауыр жарақат
алуы мүмкін.
қазақ
379
loading

Diese Anleitung auch für:

6374