қазақ
4.12
Тазалау, техникалық қызмет
көрсету және жөндеу
Сақтандыру
■ Егер тазалау, техникалық қызмет көрсету
немесе жөндеу барысында аккумулятор
орнында болса, пышақ кенет қосылып кетуі
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы және
мүлікке зиян келтірілуі мүмкін.
► Аккумуляторды шығарыңыз.
■ Өткір тазалағыш құралдар, су ағынымен
тазалау немесе өткір ұшты заттар
көгалшапқышқа, пышаққа және
аккумуляторға зақым келтіруі мүмкін.
Көгалшапқыш, пышақ және аккумулятор
тиісінше тазаланбаған жағдайда, құрамдас
бөлшектер тиісінше жұмыс істемеуі және
сақтандырғыш құрылғылар істен шығуы
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
мүмкін.
► Көгалшапқышты, пышақты және
аккумуляторды аталмыш пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта сипатталғандай
тазалаңыз.
■ Көгалшапқыш, пышақ немесе аккумулятор
тиісінше күтілмеген немесе жөнделмеген
жағдайда, құрамдас бөлшектер тиісінше
жұмыс істемеуі және сақтандырғыш
құрылғылар істен шығуы мүмкін. Адамдар
ауыр жарақат алуы немесе мерт болуы
мүмкін.
► Көгалшапқыш пен аккумуляторға өз
бетіңізше техникалық қызмет көрсетпеңіз
немесе жөндемеңіз.
► Көгалшапқышқа немесе аккумуляторға
техникалық қызмет көрсету немесе
жөндеу қажет болған жағдайда: STIHL
делдалына хабарласыңыз.
► Пышаққа аталмыш пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта сипатталғандай техникалық
қызмет көрсетіңіз.
■ Пышақты тазалаған, жөндеген немесе оған
техникалық қызмет көрсеткен жағдайда,
пайдаланушы өткір жиектерге дене
мүшелерін кесіп алуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
■ Қайрау кезінде пышақ қызып кетуі мүмкін.
Пайдаланушы дене мүшелерін күйдіріп
алуы мүмкін.
► Пышақ суығанша күтіңіз.
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
484
5 Көгалшапқышты пайдалануға дайындау
■ Көгалшапқыштың пышағы қозғалтқышы
өшірулі тұрғанда да қозғалады. Пышаққа
техникалық қызмет көрсету кезінде
пайдаланушы қозғалып тұрған пышақтан
жарақат алуы мүмкін.
► Жұмыс жүргізгенде абай болыңыз.
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
■ Көгалшапқыштың пышағы қозғалып тұрады.
Пышаққа техникалық қызмет көрсету
кезінде пайдаланушының саусақтары
қозғалмалы пышақ пен көгалшапқыштың
бекітілген бөліктерінің арасына қысылып
қалуы мүмкін.
► Жұмыс жүргізгенде абай болыңыз.
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
5
Көгалшапқышты
пайдалануға дайындау
5.1
Көгалшапқышты пайдалануға
дайындау
Жұмысты әр бастамас бұрын төмендегі
әрекеттерді орындау қажет:
► Орауыш материал мен тасымалдау
сақтандырғыштарын шешіп алыңыз.
► Төмендегі құрамдас бөлшектердің қауіпсіз
күйде болуына көз жеткізіңіз:
– Көгалшапқыш,
– Пышақ,
4.6.2.
– Аккумулятор,
– Қуаттау құрылғысы,
► Аккумуляторды тексеріңіз,
► Аккумуляторды толығымен зарядтаңыз,
6.2.
► Көгалшапқышты тазалаңыз,
► Пышақты тексеріңіз,
► Бас тұтқаны орнатыңыз,
► Бас тұтқаны жайыңыз,
► Егер шөп шабу процесі орындалып жатса
және шабылған шөпті шөп жинағышқа
жинау қажет болса: шөп жинағышты іліңіз,
7.3.2.
► Егер шабу процесі орындалып жатса және
шабылған шөпті артынан түсіру қажет
болса: Шөп жинағышты ажыратыңыз,
7.3.3.
► Кесік биіктігін реттеңіз,
► Басқару элементтерін тексеріңіз,
► Аталған әрекеттерді орындау мүмкін
болмаса: көгалшапқышты пайдаланбаңыз
және STIHL делдалына хабарласыңыз.
4.6.1.
4.6.3.
4.6.4
10.3.
14.3.
10.2.
7.1
7.2.1.
11.2.
10.1.
0478-131-9981-A