Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 10
?аза?
Кіріспе. Берілген нұсқаулықтағы барлық ақпаратты оқып шығыңыз.
®
Бұл ақпарат MEDRAD
Avanta жүйесіне арналған сауыт
қыздырғышын пайдалануға көмектеседі.
Қауіпсіздік туралы маңызды хабарлама. MEDRAD Avanta
жүйесіне арналған сауыт қыздырғышы тиісті біліктілігі бар,
ангиографиялық процедураларды орындау тəжірибесі бар жəне
қолданылатын əдістемелері туралы білімі бар білікті медициналық
қызметкерлердің пайдаланылуына арналған.
Тағайындалуы. MEDRAD Avanta жүйесіне арналған сауыт
қыздырғышы кардиологияда, радиологияда жəне тамырлы
хирургияда диагностикалық жəне емдік ангиографиялық
процедураларды орындау барысында контрасттық зат (оператор
алдын ала қыздырған) бар сауытта жылуды сақтауға арналған.
Қарсы көрсетілімдері. Жабдық MEDRAD Avanta инфузиялық
терапияға арналған инъекциялық жүйелерден өзге жабдықпен
пайдалануға арналмаған.
Сатылым шектеулері. Дəрігердің тапсырысы бойынша ғана беріледі.
REACH регламентіне сəйкестік ақпаратын www.REACH.bayer.com
сайтынан табуға болады.
Ескертулер
Күйіп қалу қаупі. Қыздырғышпен əрекеттесу
оператордың жарақаттануына əкелуі мүмкін.
Қыздырғыштың бөлшектік бөліктерімен жұмыс істегенде
сақтық шараларды сақтаңыз.
Зақымданған компоненттерді, сондай-ақ ашылған
немесе зақымданған қаптамалардағы жабдықтарды
пайдалану əрекеті оператордың немесе емделушінің
жарақаттануына əкелуі мүмкін. Жабдықты əр пайдалану
алдында қаптаманы жəне оның құрамындағысын қарап
шығыңыз.
Алдын алу шаралары
Жарамсыз жалғастырғыш портты пайдалану
қыздырғыш коннекторының зақымдануына əкелуі
мүмкін. Жалғау алдында жүйеде дұрыс жалғастырғыш порт
таңдалғанын тексеріңіз.
MEDRAD Avanta жүйесіне арналған сауыт қыздырғышы
MEDRAD Avanta жүйесіне арналған сауыт қыздырғышын пайдалану
шешімін оператор өз қалауы бойынша қабылдайды. MEDRAD Avanta
инфузиялық терапияға арналған инъекциялық жүйенің дұрыс жұмыс
істеуі үшін қыздырғыштың болуы қажет емес.
MEDRAD Avanta жүйесіне арналған сауыт қыздырғышының екі
өлшемі бар. Үлкен өлшемдегі қыздырғыш көлемі 500 мл контрасттық
заты бар сауытқа, ал орташа өлшемдегі сауыт көлемі 150 мл жəне
250 мл контрасттық заты бар сауытқа арналған. Қыздырғыштың
контрасттық заты бар сауыттардың барлық түрлері мен
конфигурацияларына үйлесімді болатынына кепілдік берілмейді.
Қолдану алдында қыздырғыш контрасттық заты бар сауытта мықтап
бекітілгенін тексеріңіз.
Ескертпе. Көлемі 500 мл сауытпен пайдалану үшін орташа
өлшемдегі қыздырғышты созу дұрыс қызбауына əкеледі.
Тазалау
MEDRAD Avanta жүйесіне арналған сауыт қыздырғышын сабынды
суға малынған шүберекпен тазалау қажет. Тазалау алдында қуатты
əрқашан өшіріңіз.
Қате индикаторы
Жанып тұрған қызыл жарықдиод MEDRAD Avanta жүйесіне арналған
сауыт қыздырғышының жұмысындағы қатені білдіреді.
Қыздырғышты жүйеден ажыратып, кемінде 30 секунд күтіңіз, содан
соң оны қайта жалғаңыз. Егер қызыл жарықдиод жанып тұра берсе,
MEDRAD Avanta жүйесіне арналған сауыт қыздырғышын ажыратып,
оны бұдан былай пайдаланбаңыз. Bayer компаниясының сервистік
қызметіне хабарласыңыз.
MEDRAD Avanta жүйесіне арналған сауыт қыздырғышын
орнату
AVA 500 BTLH-L
AVA 500 BTLH-M
Тұтқалар
500 мл
150-250 мл
1. MEDRAD Avanta жүйесіне арналған сауыт қыздырғышын
төменнен жоғары қарай жылжыту арқылы оны контрасттық заты
бар сауытқа кигізіңіз.
Ескертпе. MEDRAD Avanta
жүйесіне арналған сауыт
қыздырғышы контрасттық заты
бар сауытқа дұрыс күйде
орнатылғанын тексеріңіз
(көрсеткілерді қараңыз). Кері
жағдайда дұрыс қызбауы мүмкін.
2. MEDRAD Avanta жүйесіне арналған сауыт қыздырғышын
MEDRAD Avanta жүйесіне арналған сұйықтық реттегіші
модулінің артындағы арнайы портқа жалғаңыз.
34
Ескертпе. Жалғастырғышты жалғағанда артық күш түсірмеңіз.
MEDRAD Avanta жүйесіне арналған сауыт қыздырғышының
порты
3. MEDRAD Avanta жүйесіне арналған сұйықтық реттегіші модуліне
жалғағаннан кейін, MEDRAD Avanta жүйесіне арналған сауыт
қыздырғышының жылылығын дереу тексеріңіз.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Medrad avanta avav 500 btlh-m

Inhaltsverzeichnis