Herunterladen Diese Seite drucken

Bayer MEDRAD VFlow Bedienungsanleitung Seite 38

Disposable hand controller

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 9
Қазақша
Кіріспе. Осы брошюрада берілген ақпаратты оқыңыз.
Ақпаратты түсіну MEDRAD VFlow стерильді қолмен
басқару құрылғысын дұрыс пайдалануға көмектеседі.
Қауіпсіздік туралы маңызды хабарлама.
MEDRAD VFlow стерильді қолмен басқару құрылғысы
тиісті даярлықтан өткен жəне MEDRAD
инъекция жүйесін жəне ангиографиялық процедуралар
мен əдістерді пайдаланудан тəжірибесі бар медицина
мамандарының пайдалануына арналған.
Қолдану көрсетімдері: MEDRAD VFlow стерильді
қолмен басқару құрылғысы ангиографиялық зерттеулер
үшін MEDRAD Arterion инъекция жүйесімен пайдалануға
арналған.
Қарсы көрсетімдер. Белгісіз.
Шектеулі сатылым. Дəрігердің рецепті бойынша ғана
сатылады.
Осы құрылғыға байланысты туындаған қандай да бір
жағдай туралы Bayer компаниясына (radiology.bayer.com/
contact) жəне Еуропалық өкілетті органға (не болмаса,
қажет болса, осы жағдай орын алған елдің тиісті реттеуші
органына) хабарлаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Қоршаған ортаны ластау қаупі – емделуші немесе
жұмысшы ауыр жарақат алуы немесе қазаға
ұшырауы мүмкін.
Стерильденген бума ашылған немесе
зақымдалған болса, оны пайдаланбаңыз. Бума
ашылған немесе зақымдалған болса, не болмаса
зақымдалған компоненттер қолданылса, емделуші
немесе оператор жарақаттануы мүмкін. Бума мен
оның ішіндегілерді пайдаланар алдында əрдайым
көзбен қарап тексеріңіз.
Өзара ауру жұқтыру қаупі – емделуші жəне/немесе
жұмысшы ауыр жарақат алуы немесе қазаға
ұшырауы мүмкін.
Бір реттік қолданысқа арналған құрылғылар
үшін мынаны ескеріңіз: Бұл өнім бір рет қолдануға
арналған; Қайта стерильдеуге, қайта өңдеуге
немесе қайта пайдалануға болмайды; Бір реттік
құрылғылар тек бір рет пайдалануға арнап
жасалған жəне мақұлданған. Бір реттік
құрылғыларды қайта пайдалану құрылғының
дұрыс жұмыс істемеу қауіптерін тудырады жəне
емделушіге қауіп төндіреді. Құрылғының жұмыс
істемеуінің ықтимал себептері: компонентті ұзақ
пайдалану салдарынан оның күйінің нашарлауы,
компоненттің дұрыс жұмыс істемеуі жəне жүйенің
жұмыс істемеуі. Емделушіге төнетін ықтимал
қауіптер: құрылғы дұрыс жұмыс істемегендіктен
жарақат алу, не болмаса құрылғы тазалауға
немесе қайта стерильдеуге жарамайтындықтан
инфекция түсу.
Қоршаған ортадан жұқтыру қаупі – Емделуші
жəне/немесе жұмысшы жеңіл немесе орташа
®
дене жарақатын алуы мүмкін.
Mark 7 Arterion
Бір реттік бұйымдарды аурухананың зиянды
қалдықтарын тастау процедураларына сəйкес
дұрыс тастаңыз. Бір реттік бұйымдарды қайта
пайдаланбаңыз.
Электрмеханикалық қауіп – жабдық зақымдануы
мүмкін.
Құралдарды байланысқан жерлерді қатайту
немесе бір реттік бұйымдарды шығару үшін
пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТПЕ. Нұсқаулар, ескертулер мен сақтық
шараларының толық жинағын MEDRAD Mark 7 Arterion
инжекторының пайдалану нұсқаулығынан қараңыз.
MEDRAD VFlow қолмен басқару құрылғысы – бір
емделушіге қолдануға арналған стерильді құрылғы.
Қолмен басқару құрылғысы ағын жылдамдығы
тұрақты жəне ағын жылдамдығы ауыспалы инъекция
режимдерінде қолданылады. Ағын жылдамдығы
ауыспалы инъекция режимінде ағын жылдамдығы қолмен
басқару құрылғысының поршені (A) сығылғанда артады
да, поршеньді босатқанда азаяды. Ағын жылдамдығы
тұрақты инъекция режимінде қолмен басқару құрылғысы
іске қосқыш қызметін атқарады, ал құрылғыны босатқанда
инъекция тоқтайды.
Қолмен басқару құрылғысының түймесі (B) жұмыс
істемейді жəне инжектор басынан жəне дисплей
басқару блогынан басылғанда сигнал береді.
A
ЕСКЕРТУ
ХАБАРЛАМА
B
Қолмен басқару құрылғысы
38
Қолмен басқару құрылғысын орнату
1. Инжектор қолмен басқару режиміне орнатылғанын
тексеріңіз.
2. Қолмен басқару құрылғысының дорбасын стерильді
əдіспен ашыңыз.
3. Стерильді əдісті қолданып қолмен басқару
құрылғысын дорбасынан шығарып алыңыз.
4. Қолмен басқару құрылғысын инжектор басының
астына жалғаңыз (төмендегі суретті қараңыз).
Дұрыс жалғанғанда, сырт еткен дыбыс шығады.
ЕСКЕРТПЕ. Қолмен басқару құрылғысы зақымдалған
болса немесе дұрыс жұмыс істемесе, пайдалануды
тоқтатып, құрылғыны тастаңыз.

Werbung

loading