Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

3M DBI-SALA Nano-Lok XL Bedienungsanleitung Seite 137

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 38
1.0 ҚОЛДАНУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1.
МАҚСАТЫ. 3M Өздігінен жиналмалы құрылғы-лары (ӨЖҚ) жеке құлаудан қорғау жүйесінің (PFAS) құрамдасы ретінде
пайдалануға арналған. 1-суретте осы нұсқаулықта сипатталған ӨЖҚ-лар мен оларды қолдану жолдары көрсетілген. Оларды
жұмысшының ептілігін және құлаудан қорғауды қамтамасыз ету қажет болатын жағдайларда (мыс. тексеру жұмыстары,
жалпы құрылыс, техникалық қызмет көрсету жұмыстары, мұнай өндіру, тар жерлерде жұмыс істегенде) пайдалануға
болады.
1.2
СТАНДАРТТАР: Сіздің ӨЖҚ-ңыз осы нұсқаулықтың алдыңғы мұқабасында көрсетілген мемлекеттік және аймақтық
стандарт(тар)ға сәйкес келеді. Өнім бастапқы межелі елден тыс жерге қайта сатылатын болса, қайта сатушы осы
нұсқауларды өнім пайдаланылатын елдің тілінде беруі қажет.
1.3.
ОҚЫТУ. Бұл жабдық оны дұрыс қолдану бойынша оқытылған адамдар тарапынан пайдаланылуы қажет. Осы нұсқаулықты
оқып шығу, жабдықты күтіп ұстау және оны дұрыс пайдаланылуды үйренуге пайдаланушының жауапкершілігіне жатады.
Пайдаланушы жұмыс сипаттары, қолданыс шектеулері және дұрыс пайдаланбау салдары жөнінде хабардар болуы тиіс.
1.4.
ШЕКТЕУЛЕР. Осы жабдықты орнату немесе пайдалану кезінде келесі шектеулер мен талаптарды ескеріңіз.
Жүк көтергіштігі. Осы ӨЖҚ-ны жалпы салмағы (киімдер, құралдар, т. б.) 59 кг-нан (130 фунт) 140 кг-ға (310 фунт)
дейінгі бір адамның қолдана алатындығы расталып, сынақтан өткізілді.
көтергіштігі қолдану жағдайына сай келетіндігін тексеріңіз.
Анкерлік бекіткіш. ӨЖҚ-ға арналған анкерлік құрылым 12 кН (2697 фунт) жүктемелерді көтере алатын болуы қажет.
Анкерлік бекіту құрылғылары EN795 стандарттарына сай болуы тиіс.
Құлыптау жылдамдығы: кедергісіз құлау жолы болмайтын жағдайларға жол бермеуіңіз қажет. Оқшауланған немесе
тар жерлерде жұмыс істеп, құлаған жағдайда дене жылдамдығы ӨЖҚ құрылғысының құлыпталуы үшін жеткіліксіз
болуы мүмкін. Құм немесе бидай сияқты баяу суситын материал үстінде жұмыс істеген кезде жылдамдық ӨЖҚ
құрылғысының құлыпталуы үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. ӨЖҚ құрылғысының дұрыс құлыпталуын қамтамасыз ету
үшін ашық жол қажет.
Еркін құлау. ӨЖҚ-ны жоғарыда қолдану еркін құлау қашықтығын азайтады. Еркін құлау қашықтығының артуына жол
бермеу үшін, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Сақтандыру арқанын қысуға, түюге болмайды немесе оның жиналуына не қатты керілуіне жол бермеңіз.
ӨЖҚ сақтандыру арқанының босап кетуіне жол бермеңіз.
Анкерлік бекіту деңгейінен жоғары жерде жұмыс істемеңіз.
3M компаниясымен ақылдаспай, ілгіш бауды немесе соған ұқсас құрамдасты жалғау арқылы ӨЖҚ-ларды
ұзартпаңыз.
Еркін құлау және құлау аралығының мәндеріне қатысты өнімге арналған ақпаратты осы нұсқаулықтағы 1-кестеден
қараңыз.
Тербеліп құлау: анкерлік бекіту нүктесі құлау орын алатын нүктенің дәл үстінде болмаған жағдайда тербеліп құлау
орын алады. Тербеліп құлау кезінде қандай да бір затқа соғылудың күші ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін (3A суретін
қараңыз). Тербеліп құлау ықтималдығын барынша азайту үшін мүмкіндігінше бекіту нүктесінің дәл астында жұмыс
істеңіз (3B суреті). Анкерлік бекіту нүктесінен (3C суреті) алыс жұмыс істеу шайқалып құлау әсерін арттырады және
қажетті құлау аралығын (ҚА) арттырады.
Құлау аралығы: 3B суретінде құлау аралығын есептеу әдісі көрсетілген. Құлау аралығы (ҚА) ‒ еркін құлау (ЕҚ),
бәсеңдеу қашықтығы (БҚ) және қауіпсіздік коэффициентінің (ҚК) қосындысы болып табылады: ҚА = ЕҚ + БҚ + ҚК.
D тәрізді сақинаның жылжуы мен ілгіш баудың керілісі қауіпсіздік коэффициентіне қосылған. Құлау аралығының
мәндері есептелген және 4-суреттегі диаграммаға енгізілген. 4-суреттегі барлық мәндерге 1 м (3,28 фут) қауіпсіздік
коэффициенті қолданылған.
3B және 3C суреттерінде құлау аралығы сипатталған. ӨЖҚ бастың үстінде, яғни жоғарғы жақта анкермен бекітілген
кезде, тұрып тұрған күйде құлау жағдайлары үшін (3B суреті), ӨЖҚ құлауды тоқтату жүйелері 1-кестеде сипатталған
құлау аралықтарының минималды мәндеріне ие болуы керек. Тізерлеп отыру немесе жүресінен отыру күйінде құлау
жағдайлары үшін құлау аралығы 1 м (3 фут) болуы керек. Тербеліп құлау жағдайында (3C суреті) жалпытігінен
құлау қашықтығы пайдаланушының анкермен бекіту орнынан төмен құлау қашықтығынан үлкен болады және құлау
аралығын арттыру қажет болуы мүмкін. 4-суретте және соған қатысты кестеде әртүрлі ӨЖҚ анкерлік бекіту бикітіктері
(A) мен құлау аралықтары (B) үшін жұмыс аймағының максималды радиусы берілген. Ұсынылатын жұмыс аймағы сол
максималды радиус шеңберінде болуы керек.
Қауіп-қатерлер: пайдаланушының жарақат алу немесе жабдықтың зақымдалу ықтималдығын барынша азайту үшін,
бұл жабдықты қоршаған ортаның қауіпті аймақтарында пайдаланған кезде қосымша сақтық шараларын қолдану
қажет болуы мүмкін. Қауіп-қатерлерге келесілер кіруі, бірақ олармен шектелмеуі мүмкін: жылу, күйдіргіш химиялық
заттар, коррозиялық орталар, жоғары кернеулі қуат желілері, жарылғыш немесе улы газдар, қозғалмалы техника
немесе құлап, пайдаланушыға немесе жеке құлауды тоқтату жүйесіне тиюі мүмкін жоғарғы жақтағы материалдар.
Сақтандырғыш арқан басқа жұмысшының ілгіш бауына оралуы немесе шатасуы мүмкін болатын жерлерде жұмыс
істемеңіз. Бір нәрсе құлап, сақтандыру арқанына соғылуы нәтижесінде тепе-теңдіктің жоғалуына немесе сақтандыру
арқанының зақымдалуына әкелуі ықтимал жерлерде жұмыс істемеңіз. Сақтандыру арқанын қолдың астынан немесе
аяқтың арасынан өткізуге болмайды.
Үшкір жиектер. Сақтандыру арқаны қорғалмаған үшкір жиектерге тиюі немесе үйкелуі мүмкін жерлерде жұмыс
істемеңіз. Үшкір жиекке тиюдің алдын алу мүмкін болмаса, жиекті қорғағыш материалмен жабыңыз.
1 Жүк көтергіштігі.
CE ӨЖҚ-ларының жүккөтергіштігі 140 кг-ны (310 фунт) құраса, 3 әдісті шығару функциясы бар ӨЖҚ-ларының максималды жүк
көтергіштігі 135 кг-ны (298 фунт) құрайды.
Жүйедегі барлық құрамдастардың жүк
1
137

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis