Herunterladen Diese Seite drucken

Сұйықтыққа Салынатын Тасымалды; Қондырғы; Электр Жабдығын Жалғау - Grundfos SEG Serie Montage- Und Betriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für SEG Serie:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 93
7.2 Сұйықтыққа салынатын тасымалды
қондырғы
Сұйықтыққа салынатын тасымалды қондырғыға
арналған сорғылар резервуар немесе құдық
түбінде еркін тұрады.
584-беттегі C суретін қараңыз.
Сорғыны бөлек тіректерде орнату керек
(жабдықтарға қатысты).
Сорғыға техникалық қызмет көрсету процесін
жеңілдету үшін, қысымды құбырды сорғыға иілгіш
түтік немесе құбыр муфтасы арқылы қосыңыз,
бұл бөлшектеу кезінде оларды бөлектеуді
оңайлатады.
Егер шланга немесе жұмсақ құбыр қолданылса,
оның деформациялануын болдырмайтын жағдай
жасау керек, ал ішкі құбырдың немесе шланганың
ішкі диаметрі сорғының қысымды саңылауының
өлшеміне сəйкес келуі керек.
Егер орнату үшін қатты құбыр пайдаланылса,
қысымды желіде, сорғыдан бастап, көрсетілген
кезекпен муфтаны, кері клапанды жəне тоқтату
арматурасын орнату керек.
Егер сорғы лайлы немесе біркелкі емес жерге
қойылса, оны кірпішке немесе соған ұқсас сүйеуге
орнатыңыз.
1. Иінді 90 ° Сқысым құбырына орнатыңыз жəне
толтыратын құбырды/шланганы жалғаңыз.
2. Тасымалдауға арналған тұтқаға бекітілген
шынжыр арқылы сорғыны айдалатын
сұйықтыққа салыңыз. Сорғыны тегіс берік
табанға орналастыру ұсынылады.
Сорғы кабельде емес, шынжырда ілініп
тұрғанына көзіңізді жеткізіңіз.
3. Шынжырды резервуардың үстіндегі арнайы
ілгекке іліңіз.Шынжырдың сорғының корпусына
тимеуін қадағалаңыз.
4. Пайдалану кезінде кабельді зақымдамау үшін
түсіретін құрылғыға бұрау арқылы
(кабельдің тартылуына жол бермейтін) электр
қозғалтқышы кабелінің ұзындығын реттеңіз.
Кабельге механикалық күштің түсуін
азайтатын құрылғыны арнайы ілгекке бекітіңіз.
Кабельдің қайырылып қалмауын немесе
қысылып қалмауын қадағалаңыз.
5. Электр қозғалтқыштың кабелін жəне
сигналдық кабельді қосыңыз.
Кабельдің ұшын суға түсіруге
тыйым салынған, себебі мұндай
Ескерту
жағдайда су кабель арқылы электр
қозғалтқышының орамына өтіп
кетуі мүмкін.
Бірнеше сорғыны бір жерге орнату
керек болса, сорғы жабдықтарын
Ескерту
дұрыс пайдалану үшін, сорғыларды
бір орынға орнату керек.
258
8. Электр жабдығын жалғау
Назар аударыңыз
EN 60204-1, 5.3.2 стандартына
сəйкес сорғыны сыртқы желі
сөндіргішіне алшақ тұрған
контактілердің арасынан саңылау
қалдырып жалғаңыз.
Желілік ажыратқышты 0 күйіне
ауыстыруға мүмкіндік болу керек.
Шарттар мен типтер EN 60204-1,
5.3.2. стандартына сəйкес болады.
Электр жабдығын қосу жергілікті
ережелер мен шарттарды сақтай
отырып жасалуы керек.
Назар аударыңыз
Сорғылар басқару блогына
қозғалтқыштың қорғаныс
релесімен жалғануы керек, қосылу
класы IEC-ға сəйкес 10 немесе 15.
Назар аударыңыз
Стационарлы орнатылған сорғы
номиналды іске қосылу тогы
мəнімен < 30 мА апаттық токтың
қорғаныш автоматымен қосылуы
тиіс.
Назар аударыңыз
Сорғы орнатылған кезде ең жоғарғы
сұйықтық деңгейінен кемінде 3 м
жоғары орнатылған бос кабель
болуы керек.
Назар аударыңыз
Жарылысқа қауіпті аумақтарға
орнатылатын сорғылар басқару
блогына IEC-ге сəйкес қосылу
дəрежесі 10 болатын
қозғалтқыштың қорғану релесімен
жалғануы керек.

Werbung

loading