Herunterladen Diese Seite drucken

Сақтық Шаралары; Жарылыс Қаіупі Болуы Мүмкін; Қоршаған Орта Жағдайлары - Grundfos SEG Serie Montage- Und Betriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für SEG Serie:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 93
6. Сақтық шаралары
Назар аударыңыз
Резервуарларға сорғыларды орнату
арнайы дайындалған маман арқылы
жасалуы керек.
Құдықтардағы немесе олардың
жанындағы жұмыстар жергілікті
нормалар мен ережелерге сəйкес
орындалуы тиіс.
Назар аударыңыз
Жарылу қаупі бар атмосфералы
жұмыс алаңында адамдар болмауы
керек.
Назар аударыңыз
Желілік ажыратқышты 0 күйіне
ауыстыруға мүмкіндік болу керек.
Түрі мен талаптары арнайы
стандартқа сəйкес EN 60204-1, 5.3.2.
Назар аударыңыз
Сорғы орнатылған кезде ең жоғарғы
сұйықтық деңгейінен кемінде 3 м
жоғары орнатылған бос кабель
болуы керек.
Қауіпсіздік техникасы талаптарына сəйкес
резервуардағы барлық жұмыс резервуардан тыс
жерде болатын бақылаушының нұсқауымен
жасалуы керек.
Егер сорғы шұңқырдың сыртында
орнатылса,жұмыс орындарының
Ескерту
барлық мазмұндар жəне қызмет
көрсетуiн жасауға кеңес беріледі.
Канализация сорғылары орнатылатын
резервуарда құрамында улы жəне/немесе
денсаулыққа зиянды заттар бар ағын су болуы
мүмкін. Сондықтан қорғау құралын пайдалану,
сонымен қатар қорғайтын арнайы киім кию
ұсынылады жəне Сорғыға қатысты кез келген
жұмыс жасағанда немесе оны орнату орнында
тазалықтың негізгі талаптары орындалуы керек.
Назар аударыңыз
Сорғыны көтерместен бұрын
барлық сақина бұрандалардың
тартылғанын тексеріңіз.
Қажеті болған жағдайда, оларды
тартыңыз. Көтеру немесе
тасымалдау кезіндегі абайсыздық
қызметкердің жарақат алуына
немесе сорғының зақымдалуына
алып келеді.
6.1 Жарылыс қаіупі болуы мүмкін
қоршаған орта жағдайлары
Жарылыс қаіупі жоқ етіп жасалған SEG
сорғыларын жарылыс қаупі болуы мүмкін
жерлерде жұмыс істеу үшін пайдалану керек.
Назар аударыңыз
SEG сорғылары еш уақытта қызып
тұрған немесе жеңіл жанатын
сұйықтықты айдамауы керек.
Назар аударыңыз
Əрбір нақты жағдайда сорғы
орнатылатын жердің жарылыс
қауіпсіздік дəрежесі жергілікті
өрттен қорғау органдары
тарапынан бекітілуі тиіс.
Назар аударыңыз
Сорғының жарылыстан қорғау
дəрежесі CE 0344
T4 X. Əрбір нақты жағдайда сорғы
орнатылатын жердің жарылыс
қауіпсіздік дəрежесі жергілікті
өрттен қорғау органдары
тарапынан бекітілуі тиіс.
Назар аударыңыз
Жарылыстан қорғалған SEG
сорғыларын қауіпсіз пайдалануға
арналған ерекше шарттар:
1. Ауыстырған кезде пайдаланылатын
бұрандалар
EN/ISO 3506-1 стандартына сəйкес
A2-70 дəрежелі немесе одан жоғары
болуы керек.
2. Айдалатын сұйықтықтың деңгейі
электр қозғалтқышының басқар
блогына жалғанған тоқтау деңгейінің
екі релесімен реттелуі керек. Ең аз
деңгей орнатудың түріне
байланысты жəне ол орнату жəне
пайдалану бойынша нұсқаулықта
көрсетілген.
3. Үнемі жалғанған кабельдің сəйкес
механикалық қорғанышы бар екенін
жəне сəйкес клеммалы қалытағы
клеммаға жалғанғанын тексеріңіз.
4. Статор орамдарындағы
термоқорғаныштың 150 °C
номиналды температурасы электр
тогының сөнуіне кепілдік береді,
электр қуатын беру қолмен қалпына
келеді.
II 2 G Ex d IIB
255

Werbung

loading