Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Сақтық Шаралары - Grundfos Unilift AP Bedienungsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Қазақша (KZ) Сақтық шаралары
Ағылшын түпнұсқалық данасының аудармасы
Бұл қауіпсіздік ережелері осы өніммен
жасалынған кез келген жұмысқа байланысты
қабылданатын сақтық шараларының қысқаша
шолуы болып табылады.
Осы өнімді өңдеу, орнату, пайдалану, сақтау,
техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу кезінде
аталған қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.
Бұл техникалық қауіпсіздік ережелері қосымша
құжат болып табылады жəне барлық қауіпсіздік
ережелері орнату мен пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың сəйкес бөлімдерінде қайта
көрсетіледі.
Осы техникалық қауіпсіздік ережелерін келешекте
пайдалану үшін орнату аймағында сақтап
қойыңыз.
Назар аударыңыз
Орнату жəне пайдалану жұмыстарына
кіріспестен бұрын қауіпсіздік техникасы
ережелерін міндетті түрде оқыңыз.
Орнату жəне пайдалану жергілікті
нұсқаулықпен орындалуы жəне тиісті
ережелер мен нормаларға байланысты
қабылдануы тиіс.
Назар аударыңыз
Қажетті білімі мен жұмыс тəжірибесі бар
қызметкерлер құрамы берілген
жабдықты пайдалануы керек.
Физикалық, ақыл-ой мүмкіндіктері
шектеулі, көру жəне есту қабілеті нашар
тұлғаларға берілген жабдықты
бақылаусыз немесе қауіпсіздік
техникасы туралы нұсқауларынсыз
рұқсат етпеу керек.
Берілген жабдыққа балалардың
баруына тыйым салынған.
Мақсаты
Назар аударыңыз
Сорғыны суда жүзу бассейндерінде,
жасанды бөгеттерде жəне т.б. ұқсас
орындарда суда адамдар болған кезде
пайдалануға болмайды.
Орнату
Назар аударыңыз
Сорғыны орнатуды тек білікті
қызметкерлер ғана орындай алады.
Назар аударыңыз
Сорғының жұмыс дөңгелегінің сорғымен
жұмыс істейтін адамдардың денесіне
тиюіне мүлде жол бермеу керек.
32
Электр жабдығын жалғау
Назар аударыңыз
Іргелес контактілер арасындағы
қашықтық 3 мм-ден кем болмауы керек.
Қауіпсіздік техникасы талаптарын
орындау мақсатында барлық сорғылар
жерге тұйықталған желілік розеткаға
қосылуы тиіс.
Назар аударыңыз
Ашалы розетканың қорғаныс жерге
тұйықталуы сорғыштың қорғаныс жерге
тұйықталуына қосылуы керек.
Сондықтан, штепсель айырының PE
қосылым жүйесі сол ашалы
розетканікімен бірдей болуы тиіс.
Болмаса, жарамды адаптерді
пайдаланыңыз.
Назар аударыңыз
Стационарлы орнатылған сорғы
номиналды іске қосылу тогы мəнімен <
30 мА апаттық токтың қорғаныш
автоматымен қосылуы тиіс.
Техникалық қызмет көрсету
Назар аударыңыз
Өніммен жұмыс жасауды бастамас
бұрын, электрлік қуат көзінің
өшірілгеніне жəне оның байқаусызда
қосылуына жол бермейтін барлық
шаралардың жасалғанына көз жеткізіңіз.
Назар аударыңыз
Сорғыны бөлшектеу кезінде ерекше
мұқияттылық пен сақтық қажет, себебі
бұл кезде сорғы бөлшектерінің өткір
жиектері ашылады. Қорғаныш қолғапты
киіңіз.
Назар аударыңыз
Unilift AP, KP: Қауіпсіздік мақсатында
қабылдағыш сүзгі жұмыс кезінде
əрқашан сорғыға сəйкес орнатылуы
керек.
Егер сорғы денсаулыққа зиянды немесе
уытты сұйықтықты айдауға
пайдаланылған болса, онда ол
ластанған болып есептеледі.
Өнімді табу ақаулығы
Назар аударыңыз
Өніммен жұмысты бастамас бұрын,
электрлік қуат көзінің өшірілгеніне жəне
оның байқаусызда қосылуына жол
бермейтін барлық шаралардың
жасалғанына көз жеткізіңіз.
Дұрыстауға жарамды.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Unilift kpUnilift apb

Inhaltsverzeichnis