Herunterladen Diese Seite drucken
3 Шолу
3
Шолу
3.1
Көгал шапқыш
1 Шабу жетегінің қосқыш қамытшасы
Қосқыш қамытша қозғалтқышты іске қосу
және тоқтату үшін қолданылады.
2 Меңгерік
Меңгерік көгал шапқышты ұстау, бағыттау
және тасымалдау үшін қолданылады.
3 Қозғалғыш механизм жетегіне арналған
қосқыш қамытша
Қосқыш қамытша қозғалғыш механизм
жетегін қосып, өшіреді.
4 Тез қысқыш керек-жарақ
Тез қысқыш керек-жарақтар меңгерікті
ұстағыштарға бекітіп қысып тұрады және
меңгерікті қайырып жинау үшін
пайдаланылады.
5 Кесу биіктігіне арналған тұтқа
Тұтқа кесу биіктігін реттеу үшін
қолданылады.
6 Жанармай багының бітеуіш
Жанармай багының бітеуіші бензин құюға
арналған тесікті жабады.
7 Сүзгі қақпағы
Сүзгі қақпағы ауа сүзгісін жабады.
8 Дөңгелек айыры
Дөңгелек айыры тасымалдау және
алдыңғы кесу биіктігін реттеу үшін
қолданылады.
0478-111-9972-A
9 Бұрылыс өсі
Бұрылыс өсі кесу биіктігін реттеу үшін
қолданылады.
10 Бөгеткіш сақина
Бөгеткіш сақина дөңгелек айырының
шамадан тыс көтерілуіне жол бермейді.
11 Реттегіш элемент
Реттегіш элемент алдыңғы дөңгелекті
бекіту және құлыптан босату үшін, сондай-
ақ алдыңғы кесу биіктігін реттеу үшін
қолданылады.
12 От алдыру білтесінің жалғағышы
От алдыру білтесінің жалғағышы от
алдыру сымын от алдыру білтесімен
қосады.
13 Шығарынды жапқыш
Шығарынды жапқыш лақтырманың
науасын жабады.
14 Шығарынды жапқышқа арналған бекіткіш
Бекіткіш шығарынды жапқышты бекітеді.
15 Шуыл бәсеңдеткіш
Шуыл бәсеңдеткіш шу деңгейін азайтады.
16 Қозғалтқыш майының қақпағы
Қозғалтқыш майының қақпағы қозғалтқыш
майын құюға арналған тесікті жабады.
17 Іске қосатын арқан
Іске қосатын арқан қозғалтқышты іске қосу
үшін қолданылады.
# Машина нөмірі жазылған фирмалық
тақтайша
3.2
Таңбалар
Таңбалар көгал шапқышта болуы және
мыналарды білдіруі мүмкін:
Бұйымдар шығаратын шу
L
деңгейлерінің салыстырмалылығын
WA
қамтамасыз ету үшін 2000/14/ЕҚ
директивасына сәйкес дыбыстық
қуаттың кепілдендірілген деңгейі,
дБ(А).
Бұл таңба жанармай багының
бітеуішін білдіреді.
Бұл таңба қозғалтқыш майының
қақпағын білдіреді.
Өнімді тұрмыстық қоқыспен бірге
тастамаңыз.
Кесу биіктігін реттеу
қазақ
301

Fehlerbehebung

loading