Herunterladen Diese Seite drucken

Stihl RM 3.1 RT Gebrauchsanleitung Seite 306

қазақ
немесе бас айналғанда: жұмысты
тоқтатып, дәрігерге қаралыңыз.
■ Егер пайдаланушы қозғалтқыш жұмыс істеп
тұрған кезінде есту мүшелерін қорғайтын
құралды пайдаланған болса, ол
дыбыстарды шектеулі деңгейде қабылдап
бағалай алады.
► Сабырлы қалыппен, ойыңызды жинақтап
жұмыс істеңіз.
■ Іске қосу арқаны артқа жылдам секіріп
кетсе, қол мен алақан арқан үзілгенше
қозғалтқышқа қарай жылдам тартылады.
Сүйектер сынуы, көгеруі және созылуы
мүмкін.
► Қарсылықты сезгенше іске қосу арқанын
баяу тартыңыз, содан кейін кері соққыны
болдырмау үшін оны қол созым
ұзындыққа дейін тез тартыңыз.
■ Көгал шапқыш қозғалтқышты тоқтату
құрылғысымен жабдықталған.
► Қозғалтқыш пен пышақ шабу жетегінің
берілістерді ауыстыру айырын жіберу
арқылы 3 секунд ішінде тоқтап қалады.
■ Айналмалы пышақ пайдаланушыны кесіп
кетуі мүмкін. Пайдаланушы ауыр жарақат
алуы мүмкін.
► От алдыру білтесінің жалғағышын
ажыратыңыз.
► Қолыңыз бен аяғыңызды
пышақтан алшақ ұстаңыз.
► Егер пышақ қандай да бір затпен
бұғатталған болса: қозғалтқышты
тоқтатыңыз. Осыдан кейін ғана
затты алып тастаңыз.
■ Егер жұмыс кезінде қозғалғыш механизм
жетегінсіз жұмыс істелсе, қозғалғыш
механизм жетегі байқаусызда қосылып
кетіп, көгалшапқыш қозғала бастауы мүмкін.
Адамдар ауыр жарақат алуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Қозғалғыш механизм жетегін қосу керек
болса ғана, қозғалғыш механизм
жетегінің ауыстыру тұтқасын
қолданыңыз.
■ Егер жұмыс кезінде көгал шапқыштың
сипаты өзгерсе немесе жұмысы әдеттегіден
өзгеше болса, көгал шапқыш қауіп төндіруі
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы және
оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
► Жұмысты аяқтап, STIHL
мамандандырылған дилеріне жүгініңіз.
■ Жұмыс барысында көгалшапқыштан діріл
туындауы мүмкін.
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
306
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
► Жұмыс арасында үзіліс жасап отырыңыз.
► Егер қан айналымының бұзылуының
белгілері білінсе: дәрігерге қаралыңыз.
■ Егер алдыңғы дөңгелектің кесу биіктігі
реттелсе, дене бөліктері бұрылыс өсіне
қысылып қалуы мүмкін. Адамдар жарақат
алуы мүмкін.
► Бұрылыс өсін тек бөгеткіш сақинасының
үстінде ұстаңыз.
► Дөңгелек айырын бақыланатын түрде
көтеріңіз және түсіріңіз.
■ Шабыс ауданын қадағалаңыз және
бөгеттерге назар аударыңыз. Егер жұмыс
барысында пышақ бөгде затқа тисе, пышақ
немесе оның бөліктері жоғары
жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Тастар, таяқтар, сымдар,
ойыншықтар немесе басқа заттар
сияқты бөгде заттарды жұмыс
аймағынан шығарыңыз. Шығару
мүмкін болмайтын жасырын
заттарды белгілеп қойыңыз.
■ Шабуға арналған қосқыш тұтқа босатылған
кезде де, пышақ біраз уақыт айналып
тұрады. Адамдар ауыр жарақат алуы
мүмкін.
► Қолыңыз бен аяғыңызды
пышақтан алшақ ұстаңыз.
► Шығарынды жапқышты пышақ
айналуын тоқтатқаннан кейін ғана
ашыңыз немесе жабыңыз.
► Кесу биіктігін пышақ айналуын
тоқтатқаннан кейін ғана өзгертіңіз.
■ Егер айналып тұрған пышақ қатты затқа
соғылса, ұшқын пайда болуы мүмкін.
Ұшқыннан жеңіл тұтанатын ортада өрт
туындауы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат
алуы немесе қайтыс болуы мүмкін,
сонымен қатар мүліктік зиян келуі мүмкін.
► Жеңіл тұтанатын ортада жұмыс
істемеңіз.
■ Айналмалы пышаққа тиген қатты заттар
көгалшапқышқа зақымдауы мүмкін.
► Айналмалы пышақты қатты зат соғып
кетсе, қозғалтқышты тоқтатып, көгал
шапқышта зақымдардың бар-жоғын
тексеріңіз.
► Көгал шапқыш зақымдалған жағдайда:
STIHL мамандандырылған дилеріне
жүгініңіз.
■ Егер көгалшапқыш көлбеу жерге қойылса,
абайсызда орнынан жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
0478-111-9972-A

Fehlerbehebung

loading