Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Philips Efficia 989803160651 Gebrauchsanweisung Seite 55

Inhaltsverzeichnis

Werbung

• Сымдардың магистральдық кабельге мықтап жалғанғанына және магистральдық кабельдің
монитор/дефибрилляторға дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе емделушінің
физиологиялық деректері қате көрсетілуі мүмкін.
• Емделушінің/пайдаланушының жарақат алуын болдырмау үшін электрхирургия (ESU)
процедуралары барысында емделушінің жерге дұрыс орналастырылғанына көз жеткізіңіз.
• Efficia сымдары және кабелі МРТ ортасында пайдалануға жарамсыз, себебі онда емделушінің
күйіп қалу ықтималдылығы бар.
• Efficia сымдары мен кабелін операция бөлмесінде пайдаланбаңыз, себебі бұл физиологиялық
деректердің теріс нәтижесіне немесе электрод орнатылған жерде емделушінің күйіп қалуына
әкелуі мүмкін.
• Шатасып, буынып және қылғынып қалмауы үшін және емделушіге жарақат келтірмеу үшін
кабельдің дұрыс орналастырылуын қамтамасыз етіңіз.
ЕСКЕРТУЛЕР
• Федералдық заң (АҚШ) бойынша бұл құрылғыны тек дәрігерге немесе оның тағайындауы
бойынша сатуға рұқсат етіледі.
• Өте ылғалды немесе сұйықтық әсері үлкен орталарда (мысалы, жаңбыр) пайдаланбаңыз.
• Кабель коннекторын сұйықтыққа салмаңыз.
• Кабелді автоклавта зарарсыздандырмаңыз немесе ультрадыбыстық тазалағыштарды
пайдаланбаңыз.
• Кабель коннекторының электр түйіспелерін немесе коннекторларды ағартқыш құралмен
тазаламаңыз.
• Бұл өнімдердің күтілетін қызмет мерзімі әдеттегі клиникалық қолданудың 12 айын құрайды.
• Кабельді сымдардан тартып ажыратпаңыз.
• Кабельді кез келген емделушіге немесе мониторға/дефибрилляторға бекітпес бұрын сырттай
тексеріңіз. ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА СЫРТТАЙ ТЕКСЕРУ бөлімін қараңыз.
ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА СЫРТТАЙ ТЕКСЕРУ
Қандай да бір кабельді емделушіге немесе мониторға тіркеу алдында, кабельді көзбен қарап
тексеріп, жарамдылық мерзімі аяқталмағанын анықтаңыз. Дәлдік өлшемдерін бұзатын немесе
емделушінің/пайдаланушының дене жарақатына (мысалы, тіліктер) әкелуі мүмкін жарықтардың,
қабыршықтардың, сыдырудың, жалаңаш сымдардың, зақымдалған коннекторлардың және басқа да
осыған ұқсас тозу мен зақымдану белгілерінің бар-жоғын тексеріңіз. Сырттай тексеру кабельдің
алдағы уақытта пайдалану үшін бұдан былай жарамсыз екенін көрсеткен кезде, өнімді тастаудың
тиісті процедураларын орындаңыз (ӨНІМДІ ТАСТАУ бөлімін қараңыз).
ЕМДЕЛУШІГЕ ҚОЛДАНУ, ЭКГ СЫМДАРЫ
Стандартты AAMI немесе IEC тәжірибелеріне сай ЭКГ сымын/электродын дұрыс орналастыру
туралы біріккен монитордың пайдалану нұсқаулығынан қараңыз.
ТАЗАЛАУЖӘНЕЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ
Тексерілген тазалау/зарарсыздандыру агенттері мен процедураларын осы пайдалану
нұсқаулығымен қоса берілген ECG Lead Sets, Cables and Adapter Cables Care, Cleaning, and
Disinfection (ЭКГ сымдарына, кабельдер мен кабельдер бейімдегішіне күтім көрсету, тазалау және
зарарсыздандыру) құжатынан қараңыз. Ауру жұғу қаупін азайту үшін:
• Сымдарды және кабельді алғаш пайдалану алдында және басқа емделушіге пайдаланбас бұрын
тазалаңыз/зарарсыздандырыңыз.
• Егер емделушіге қолданылатын қайта пайдаланылатын сымдардың және кабельдің ластануы
байқалса, оларды тазалаңыз/зарарсыздандырыңыз.
СТЕРИЛЬДЕУ
Осы пайдалану нұсқаулығында сипатталған барлық сымдар мен кабель өнімдері стерильдеуге
арналмаған.
47

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis