Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Moulinex MASTERCHEF Handbuch Seite 77

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für MASTERCHEF:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 15
Тартар тұздығы
Пышағы бекітілген тостағанға майонезді құйыңыз және 100 г корнишонды, кішкене
пиязды, 1 бума шөп )жасылма, ақжелкен және шыралжын( майдалап салыңыз
және 2 үлкен қасық каперс салып 40 секундқа қойыңыз.
Коктейль тұздығы
Эмульгатор бекітілген тостағанда майонез бен 1 үлкен қасық қызанақ езбесін,
бірнеше тамшы ащы қызыл қабықты бұрыш тұздығын, Вустер тұздығын салып
араластырыңыз және өңдегішті 20 секунд іске қосыңыз.
СОРПА
Жалпақ басты пияз езбесінің сорпасы )4 порция(
150 г жалпақ басты пияз тазалап, тілімдерге бөліңіз. Металл пышақ бекітілген
тостағанға кесілген жалпақ басты пиязды салып, 20 секунд майдалаңыз. 20 г
майды кастрөлде ерітіп, майдаланған жалпақ пиязды қосыңыз. Араластырып,
қақпағын жабыңыз және 15 минут бұқтырыңыз.
150 г картопты тазалаңыз. Үлкен тілімдерді кесіп, жалпақ басты пиязға қосыңыз.
Тұз, бұрыш және жұпар жаңғағын қосып, 1/2 литр су және 100 мл сүт қосыңыз.
30 минут қуырыңыз. Қуырылғаннан кейін пышақ бекітілген тостағанға құйып,
араластырғыш жүйесі арқылы 40 секунд сұйылтыңыз.
Зирелері бар сәбіз сорпа:
Ингредиенттер:
– 280 г сәбізді 15 мм x15 мм текше тәрізді тураңыз
– 420 мл су
– 1 шай қасық зирелер
– Тұз және бұрыш
Сәбіз бөлігін шыны ыдысқа салып, су қосыңыз. Макс.жылдамдықпен ең көбі 2
минут араластырыңыз. Аспапты өшіріңіз. Араластырылған сұйықтықты кастрөлге
құйып, зире қосыңыз және шамамен 30 мин. пісіріңіз. Пісіру кезінде сорпаны
сұйылтқыңыз келсе, су қосыңыз. Талғамыңызға сәйкес тұз бен бұрыш қосыңыз.
КӨКӨНІСТЕР
Французша картоп )4 порция(
Жетек )c( пен диск A бекітілген өңдегіште 70 ггрюйер ірімшігін тураңыз. Бүйірге
орнатыңыз. 700 г картопты тазалап, жетек )c( пен диск D бекітілген өңдегіш
тостағанына кесіп салыңыз.
Картоп тіліктерін май құйылып сарымсақ тістері сүртілген гратеннің ішіне
орналастырыңыз.
Пышақ бекітілген тостағанға 2 жұмыртқа сарыуызын, 200 мл су, 150 мл кофе
кілегейі, тұз, бұрыш және майдаланған жұпар жаңғағын қосыңыз. 1 минут
сұйылтыңыз.
Араластырылған сұйықтықты картоптардың үстіне құйыңыз.
Туралған грюйер ірімшігін және бірнеше май бөліктерін себіңіз.
Духовкада 210°C )425°F/ 7-газ белгісі( температурамен 1 сағатқа қойыңыз.
КОКТЕЙЛЬ
Таңқурай сүт коктейлі )2 порция(
1/2 литр қаймағы алынбаған сүт, 150 г малина, 1/2 йогурт, 30 г түйіршікті қант.
Барлық ингредиенттерді пышақ бекітілген тостағанға салып, араластыру жүйесіне
қойыңыз және қақпақты құлыптаңыз.
20 секунд араластырыңыз.
KK
73

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis