Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
Маңызды! Кейінгі пайдалану
үшін сақтап қойыңыз: Мұқият
оқып шығыңыз:
Мазмұны
Іске кіріспес бұрын...
Қолдану мақсаты
Батут секіру қабілетін дамытуға арналған спорт
жабдығы болып табылады. Жоғары қарай секіруге
арналған.
Құрылғы өнеркəсіптік пайдалануға арналмаған.
Бұйымды пайдалану бойынша нұсқаулыққа
сəйкес пайдаланған жөн.
Бұл белгілер нені білдіреді?
Қауіп туралы ескертулер мен нұсқаулар
нұсқаулықта анық көрсетілген. Келесі белгілер
пайдаланылады:
ҚАУIП! Қауіп түрі мен көзі! Бұл ескерту-
лерді елемеу адам өміріне жəне
денсаулығына қауіп тудырады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қауіп түрі мен
көзі! Бұл белгі аспаптың зақымдалу
қаупі, қоршаған ортаға төнетін қауіп
немесе өзге түрдегі материалдық залал
туралы ескертеді.
Нұсқау: Бұл таңбамен жұмысты
жақсырақ түсінуге бағытталған
мəліметтер белгіленеді.
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін
Қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы
нұсқаулар
• Қауіпсіз жолмен монтаждау үшін, пайдала-
нушы осы пайдалану бойынша нұсқаулықты
монтаждау алдында оқып, түсініп алуы керек.
• Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулардың
барлығын сақтаңыз! Оларды елемеу сіз бен
басқа адамдар үшін қауіптің туындауына
əкелуі мүмкін.
• Пайдалану бойынша нұсқаулықтар мен
қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулардың
барлығын келешекте пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
• Өнімнің барлық бөлшектерін дұрыс орнату
қажет.
• Өнімді ашық жалыннан алыс ұстаңыз.
Сақтау жəне тасымалдау
Батут
• Өнімді құрғақ жерде сақтау керек.
• Сақтау орнындағы температура 0°С-тан
жоғары болуы керек.
• Өнімді ауа райының шамадан тыс əсеріне
ұшыратпаңыз.
• Өнімді тасымалдау кезінде зақымдамауға көз
жеткізіңіз.
Батуттарға арналған қауіпсіздік ережелері
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жарақат алу
қаупі бар! Салмағы 100 кг-нан асатын
тұлғаларға бұл спорттық жабдықты
пайдалануға тыйым салынады.
• Бұл нұсқаулықта қауіпсіздік ережелері туралы
ақпарат, қауіпсіздігіңізге кепілдік беретін,
батутта дұрыс секіру əдісі бойынша кеңестер,
барынша ұзақ пайдалану үшін батутты
тиісінше монтаждау, оған күтім көрсету мен
жарамды күйде сақтау бойынша нұсқаулар
берілген. Басқару жұмысын жүргізетін барлық
пайдаланушылар мен тұлғалар аталған
нұсқаулармен танысып шығуы керек. Батутты
пайдаланатын əрбір пайдаланушы секіру
кезінде өз шектеулерін білуі тиіс.
• Қатты, тегіс əрі жеткілікті түрде берік бетте
монтаждалып, орнатылған жағдайда ғана
өнім тұрақтылығына кепілдік беріледі.
• Спорттық жабдық арнайы көгал немесе
төсеніштерге орнатылады.
• Батутты бетон, асфальт немесе басқа да
қатты беттерге орнатуға болмайды.
• Батутта секірмес бұрын, дəрігермен кеңесіп,
денсаулық жағдайының кедергі келтірмей-
тініне көз жеткізіңіз.
• Осы спорттық жабдықтың серпілу əсерінен
үлкен биіктікте жəне күтпеген дене күйінде
болуыңыз мүмкін.
• Батутты дымқыл күйде немесе, мысалы,
жапырақтармен ластанған жағдайда
пайдалануға болмайды.
• Пайдалану алдында бөлшектердің байланысу
тұрақтылығы, зақымдалған жерлер немесе
тозу белгілерінің бар-жоғын тексеріңіз.
• Əсіресе қорғаныш төсемінің берік тұрып,
серіппені жауып тұруын қадағалаңыз.
• Батутқа басқа заттарды (мысалы, доптар
немесе басқа спорттық жабдықтар) қоюға бол-
майды.
• Батутты жинақтағы тормен бірге пайдалануға
қатаң түрде кеңес беріледі.
• Батутта секірген кезде тиісті киімді, əсіресе
спорттық костюм мен шұлықты киген жөн.
• Батутта аяқ киіммен секіруге болмайды.
• Оны тек бір адам пайдалануы тиіс. Соқтығысу
қаупі бар.
• Пайдалану алдында əрдайым тор саңылауын
жабу керек.
• Пайдалану алдында аяқ киімді шешу керек.
• Батуттың серпілетін беті дымқыл болған
жағдайда пайдалануға болмайды.
KAZ
113