Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Күрделірек Жаттығулар; Техникалық Қызмет Көрсету - Euromate Tupelo Bedienungsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
KAZ
Отырған күйде секіру
– Қалыпты күйде кəдімгі секірістерден
бастаңыз.
– Түскенде, екі қолыңызды жамбасыңызға тіреп,
аяғыңызды алға қарай созыңыз, арқаңызды
тік ұстап, денеңіздің бұлшықеттерін
тырыстырыңыз.
– Қолыңызбен серпіліп, тік күйге оралыңыз.
– Бір биіктікте секіруді игеріп, сəл жоғары
секіріңіз, сонымен қатар секірістердің биіктігін
бақылауды жалғастыра беріңіз.
КҮРДЕЛІРЕК ЖАТТЫҒУЛАР
Нұсқау: Күрделірек секірістерге өтпес
бұрын, максималды қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін, батутта секіру
бойынша тəжірибелі жаттықтырушыға
жүгініңіз.
Егер ары қарай жаттығып, күрделірек
секіру əдістерін орындағыңыз келсе,
білікті, тəжірибелі жаттықтырушыға
жүгініңіз.
Жоғары қарай секіру
– Қалыпты күйде кəдімгі секірістерден
бастаңыз.
– Төсенішке қолыңыз бен тізеңізді тіреп түсіңіз,
сонымен қатар арқаның төсенішке параллель,
ал білек пен тізенің иықпен бірдей деңгейде
болуын қадағалаңыз.
– Қолыңызбен серпіліп, тік күйге оралыңыз.
– Бір биіктікте секіруді игеріп, сəл жоғары
секіріңіз, сонымен қатар секірістердің биіктігін
бақылауды жалғастыра беріңіз.
– Осы секірісті игеріп алғаннан кейін келесі
секіріске өтіңіз.
118
Қол мен тізе күйінен етпетінен түсу күйі
– Қолыңыз бен тізеңізді тіреп түсіңіз, сонымен
қатар арқаның төсенішке параллель екенін
қадағалаңыз. Төсенішке етпетінен түсу үшін
ауада аяқтарыңызды артқа, қолдарыңызды
алға қарай созыңыз.
– Төсенішке бүкіл денеңізбен бір уақытта түсуді
ұмытпаңыз.
– Қолыңызбен серпіліп, тік күйге оралыңыз.
– Бір биіктікті игеріп, сəл жоғары секіріңіз, соны-
мен қатар секірістердің биіктігін бақылауды
жалғастыра беріңіз. Осы секірісті игеріп
алғаннан кейін келесі секіріске өтіңіз.
Етпетінен түсетіндей секіру
– Қалыпты күйде кəдімгі секірістерден
бастаңыз.
– Арқа төсенішке параллель болуы қажет,
төсенішке етпетінен түсу үшін ауада
аяқтарыңызды артқа, қолдарыңызды алға
қарай созыңыз.
– Төсенішке бүкіл денеңізбен бір уақытта түсуді
ұмытпаңыз.
– Қолыңызбен серпіліп, тік күйге оралыңыз.
– Бір биіктікте секіруді игеріп, сəл жоғары
секіріңіз, сонымен қатар секірістердің биіктігін
бақылауды жалғастыра беріңіз.
Техникалық қызмет көрсету
– Маңызды бөлшектерді (жақтаулар, кергіштер,
батуттың серпілетін беттері, қаптауыш жəне
қорғаныш торлар) тұрақты түрде бақылау
жəне техникалық қызмет көрсету қажет, себебі
бақыламаған жағдайда, батут қауіп-қатер
көзіне айналуы мүмкін.
– Тексерісті əсіресе əр мауысам алдында жəне
пайдалану маусымы кезінде жүйелі түрде
орындап тұру маңызды.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Verwandte Produkte für Euromate Tupelo

Diese Anleitung auch für:

4974176095286095291624733

Inhaltsverzeichnis