KZ
• Осы құлақ есту мүшесін қорғауыштың
айналымының дыбыс деңгейінің шығысы әсер
шегінің деңгейінен асуы мүмкін.
• Көңіл көтеру аудио сигналы 82 дБ(А) мәнінен
аспайды. Максималды шу қысымының деңгейі
(SPL мәні) 10 dBFS (толық шкала дицебелінде)
79,6 дБ(A) болады.
2.3. АБАЙЛАҢЫЗ
• Батарея дұрыс түрімен алмастырылмаса,
жарылыс қаупін тудырады.
• Батареяларды 45°C (113°F) градустан жоғары
температураларда зарядтамаңыз.
• Батареяны қайта зарядтаған кезде
3M™ PELTOR™ FR08 қуат бері құралын ғана
пайдаланыңыз.
• Литий-ионды батареялармен өрт немесе күйіп
қалу қаупі болады. 55°C (131°F) градустан
жоғары температурада ашпаңыз, құлатпаңыз
қыздырмаңыз немесе өртемеңіз.
• Әрқашан осы өнімге арналған 3M қосалқы
бөлшектерін пайдаланыңыз. Рұқсат етілмеген
қосалқы бөлшектерді пайдалану осы өнім
беретін қорғанысты нашарлатуы мүмкін.
2.4. ЕСКЕРТПЕ
• Пайдаланушы нұсқауларына сәйкес тағылса,
осы есту протекторы өндірістік шулар, көліктер
мен ұшақ шулары және импульстік шулар
сияқты үздіксіз шулар әсерін азайтуға
көмектеседі. Импульстік шулар әсері
барысында талап етілетін және/немесе нақты
есту қорғанысын болжау қиындық тудырады.
Оқ ату, қару түрі, оқ ату саны, дұрыс таңдау,
есту қорғанысын тағу және пайдалану, есту
қорғанысына дұрыс күтім көрсету және басқа
айнымалылар өнімділікке әсер етеді.
Импульстік шудың есту қорғанысы туралы
ақпаратты www.3M.com торабынан көріңіз.
• Бұл есту протекторы деңгейге байланысты
төмендету әсерімен жабдықталған.
Пайдаланушы оны қолданар алдында оның
дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеруі керек.
• Егер бұрмалау немесе ақау анықталса,
пайдаланушы батареяға техникалық қызмет
көрсету және оны ауыстыру бойынша өндіруші
кеңесіне жүгінуі тиіс.
• Бұл есту протекторы қауіпсіздікке қатысты
аудио кірісімен жабдықталған. Пайдаланушы
оны қолданар алдында оның дұрыс жұмыс істеп
тұрғанын тексеруі керек. Егер ақаулық немесе
қате табылса, пайдаланушы техникалық қызмет
көрсету бойынша өндірушімен кеңесуі керек.
• Жұмыс температурасының ауқымы:
–20°C (–4°F) - 50°C (122°F)
132
3. МАҚҰЛДАУЛАР
3.1. EU ЖӘНЕ GB МАҚҰЛДАУЛАРЫ
EU
3M Svenska AB ұйымы CE белгісінің талаптарын
орындау үшін Bluetooth және радио байланысы
2014/53/EU директивасына және басқа тиісті
директиваларға сәйкес екендігін мәлімдейді. 3M
Svenska AB ұйымы сонымен қатар PPE түріндегі
есту протекторының (EU) 2016/425 нормативіне
сай екенін мәлімдейді.
ППЭ өнімін жыл сайын SGS Fimko Ltd. (Takomotie
8, FI-00380 Helsinki, Finland (Финляндия)) ұйымы
(Хабарлаушы орган – №0598) тексереді және
растайды.
Өнім сыналып, EN 352-1:2020, EN 352-3:2020,
EN 352-4:2020, EN 352-6:2020, EN 352-8:2020
сәйкес расталды.
GB
3M Svenska AB ұйымы UKCA белгісінің
талаптарын орындау үшін Bluetooth және радио
байланысы 2017 жылғы Радиотехниканы
пайдалану ережелеріне және басқа тиісті
Ережелер сәйкес екендігін мәлімдейді.
3M Svenska AB ұйымы сонымен қатар жеке
қорғаныс жабдығы түріндегі бұл есту
протекторының Жеке қорғаныс жабдығы
нормативтеріне (Ұлыбританияның 2016/425
заңына және тиісті толықтырулары) сәйкес
екенін мәлімдейді.
Жеке қорғаныс жабдығын (PPE) жыл сайын SGS
United Kingdom Limited, Rossmore Business Park,
Ellesmere Port, Cheshire CH65 3EN, UK
(Ұлыбритания), No. 0120 хабарлаушы орган
тексеріп отырады.
Өнім сыналып, EN 352-1:2020, EN 352-3:2020,
EN 352-4:2020, EN 352-6:2020, EN 352-8:2020
сәйкес расталды.
EU және GB
www.3M.com/peltor/doc сайтынан Сәйкестік
декларациясын (СД) қарап шығумен қолданбалы
заңнаманы анықтай аласыз. Егер басқа рұқсат
түрлері болса, олар сәйкестік декларациясында
(СД) көрсетіледі. Сәйкестік декларациясын (СД)
шығарып алу кезінде топтама нөмірін табыңыз.
Құлаққаптардың бөлшек нөмірін бір тостаған
астынан таба аласыз.
Төмендегі суреттен мысалды көруге болады.
Ережелерде және директиваларда талап етілетін
сәйкестік декларациясының көшірмесі мен
қосымша ақпаратты сатып алу елінде 3M
компаниясына хабарласумен ала аласыз.
Байланыс ақпаратын пайдаланушы нұсқауының
соңғы беттерінен көріңіз.