Herunterladen Diese Seite drucken

3M PELTOR WS LiteCom Pro III Headset Bedienungsanleitung Seite 139

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für PELTOR WS LiteCom Pro III Headset:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 38
KZ
3M™ PELTOR™ WS™ LITECOM PRO III
ГАРНИТУРАСЫ
MT73H7A4D10EU, MT73H7B4D10EU,
MT73H7P3E4D10EU, MT73H7A4D10EU GB,
MT73H7B4D10EU GB, MT73H7P3E4D10EU GB
MT73H7B4D10EU-50, MT73H7F4D10EU-50,
MT73H7P3E4D10EU-50
1. КІРІСПЕ
Құттықтаймыз және PELTOR байланыс
шешімдері гарнитурасын таңдағаныңыз үшін
рахмет!
1.1. МАҚСАТТЫ ҚОЛДАНЫСЫ
Осы гарнитуралар пайдаланушыға кірістірілген
рация немесе Bluetooth арқылы байланысуға
және қоршаған орта микрофондары арқылы
айналадағы дыбысты естуге мүмкіндік
бере отырып, жұмысшыларды қауіпті шу
деңгейлерінен қорғауды қамтамасыз етеді.
Барлық пайдаланушылардан берілген
пайдаланушы нұсқауларын оқу және түсіну,
сондай-ақ, осы құрылғыны пайдалана білу
күтіледі.
1.2. ТАСЫҒЫШ
Осы құжатта қолданылатын дерек тасығышы –
бас қорғанысы, бет қорғанысы және/немесе
қорғаныстық емес құралдар.
2. ҚАУІПСІЗ
2.1. МАҢЫЗДЫ
Пайдалану алдында осы нұсқаулардағы барлық
қауіпсіздік ақпаратын оқып, түсініп орындаңыз.
Осы нұсқауларды келешек анықтама үшін
сақтаңыз. Қосымша ақпарат немесе сұрақтар
үшін 3M техникалық қызметтерін көрсету
орталығына хабарласыңыз (байланыс ақпараты
соңғы бетте тізімделген).
2.2. ҰШҚЫН ҚАУІПСІЗДІГІ
3M™ PELTOR™ WS™ LiteCom Pro III,
MT73H7B4D10EU-50, MT73H7F4D10EU-50 және
MT73H7P3E4D10EU-50 гарнитурасы ұшқын
қауіпсіз және әлеуетті жарылыс қауіпті орталарда
пайдалану үшін қолайлы ретінде
сертификатталған. 3M™ PELTOR™ WS™
LiteCom Pro III гарнитурасы және керек-
жарақтарының рұқсат етілген аймақ
классификациялары бойынша айқындалған
тиісті орталарда және пайдаланушы
нұсқауларына сай қолданылуын қамтамасыз
етуге пайдаланушы жауапты болады. Олай етпеу
ауыр жарақатқа немесе өлімге себеп болуы
мүмкін. Қосымша ақпаратты өнім қорабында
берілген бөлек қауіпсіздік нұсқаулығынан көріңіз.
Егер құрылғының қауіпсіздігінің немесе
тұтастығының бұзылу қаупі бар болса, құрылғы
істен және ықтимал жарылғыш ортадан
кешіктірілмей шығарылуы керек. Құрылғыны
байқаусызда пайдалануды болдырмау үшін тиісті
шаралар қолданылуы керек. Қызметтер көрсету
және жөндеу жұмыстары бойынша 3M
техникалық қызметтерімен хабарласыңыз.
130
!
ЕСКЕРТУ
Болдырылмаған жағдайда ауыр жарақатқа
немесе өлімге әкелуі мүмкін жарылыс қаупін
азайту үшін:
• 3M™ PELTOR™ WS™ LiteCom Pro III
гарнитурасының MT73H7B4D10EU-50,
MT73H7F4D10EU-50 және
MT73H7P3E4D10EU-50 үлгілері және
ұшқыннан қауіпсіз керек-жарақтары
белгіленген жабдық деңгейлерімен сәйкес
жіктелген аймақтарда ғана пайдаланылатынын
және сақталғанын тексеріңіз.
• Жарылғыш ортада электрондық
құрамдастарды немесе құрылғыларды
ешқашан гарнитурамен қоспаңыз.
• Пайдаланушы нұсқауларында тізімделген
3M™ PELTOR™ қосалқы бөлшектері және
керек-жарақтарына ғана гарнитураны қосыңыз.
ҚҰРАМДАСТАРДЫ АУЫСТЫРУ ҰШҚЫН
ҚАУІПСІЗДІГІН БҰЗУЫ МҮМКІН.
• Тек 3M™ PELTOR™ ACK082 батареясын,
3M™ PELTOR™ AL2AH зарядтау кабелін және
3M™ PELTOR™ FR08 қуат көзін ғана
пайдаланыңыз.
• ACK082 батареясын жарылғыш ортада
ешқашан ауыстырмаңыз немесе
зарядтамаңыз.
• Гарнитура немесе керек-жарақтар
зақымдалған немесе ақаулы болған жағдайда
пайдаланбаңыз.
• Қызмет көрсету және жөндеу жұмысын тек
3M™ PELTOR™ өкілетті қызмет көрсету
орталықтарын пайдаланыңыз.
!
ЕСКЕРТУ
• Осы есту протекторы қауіпті шу және басқа
қатты дыбыстар әсерін азайтуға көмектеседі.
Есту қорғанысын дұрыс пайдаланбау немесе
дұрыс тақпау жағдайында қауіпті шу әсері есту
қабілетін жоғалтуға немесе жарақатқа әкелуі
мүмкін. Дұрыс пайдалану үшін бақылаушыны,
пайдаланушы нұсқауларын қараңыз немесе
3M техникалық қызметтерін көрсету
орталығына хабарласыңыз. Егер шу әсері
(оның ішінде, оқ ату) барысында немесе кейін
есту қабілетіңіз нашарлай бастаса немесе
қоңырау не ызың естіле бастаса немесе басқа
себеппен есту мәселесі туындаса, шулы
ортадан бірден шығып, медициналық көмек
алыңыз және/немесе бақылаушыға
хабарласыңыз.
Осы нұсқауларды орындамау ауыр жарақатқа
немесе өлімге себеп болуы мүмкін:
a. Аудио байланысты тыңдау айнала жөнінде
хабардар болу және ескерту сигналдарын есту
мүмкіндігін азайтуы мүмкін.
Сергек болып, аудио дыбыс деңгейін ең
төменгі қабылданатын деңгейге реттеңіз.

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Mt73h7a4d10euMt73h7b4d10euMt73h7p3e4d10euMt73h7a4d10eu gbMt73h7b4d10eu gbMt73h7p3e4d10eu gb ... Alle anzeigen