қазақ
► Біріктіруші сымды және ұзартқыш сымды
зақымданбайтындай, қысылмайтындай
немесе қажалмайтындай етіп өткізіңіз.
► Біріктіруші сымды және ұзартқыш сымды
жылудан, май мен химиялық заттардың
түсуінен қорғаңыз.
► Біріктіруші сым мен ұзартқыш сымды
құрғақ жерде өткізіңіз.
■ Ұзартқыш сым жұмыс жасау кезінде қызып
кетеді. Жылуды бұру мүмкін болмаса,
тұтану орын алуы мүмкін.
► Кабель орауышы қолданылатын болса:
кабель орауышын толығымен
тарқатыңыз.
■ Егер қабырға арқылы электр сымы және
құбырлар өтсе, олар қабырғаға
қуаттағышты орнатқан кезде зақымдалуы
мүмкін. Электр өткізгіш байланысы электр
тогымен зақымдауға әкеліп соғуы мүмкін.
Адамдар ауыр жарақат алуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Болжамды қондырғының орнында
ешқандай құбырлардың өтпейтіндігіне
немесе электр сымдарының жоқтығына
көз жеткізіңіз.
■ Егер зарядтау құрылғысы қабырғаға осы
қолдану нұсқаулығында сипатталғанға
сәйкес құрастырылса, онда зарядтау
құрылғысы немесе аккумулятор құлап кетуі
мүмкін немесе зарядтау құрылғысы тым
ысып кетуі мүмкін. Адамдар жарақат алуы
және оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
► Зарядтау құрылғысын осы қолдану
нұсқаулығында сипатталғандай етіп,
қабырғаға орнатыңыз.
■ Егер зарядтау құрылғысы қабырғаға
кіріктірме аккумуляторымен бірге
орнатылатын болса, аккумулятор зарядтау
құрылғысынан түсіп қалуы мүмкін. Адамдар
жарақат алуы және оларға материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Алдымен зарядтау құрылғысын
қабырғаға орнатыңыз, сосын
аккумуляторды енгізіңіз.
4.9
Қуаттау
Сақтандыру
■ Қуаттау барысында жарамсыз немесе
зақымдалған қуаттағыш әдеттен тыс иіс
шығаруы немесе түтіндеуі мүмкін. Адамдар
жарақат алуы және оларға материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Штепсельді айырды розеткадан
суырыңыз.
482
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
■ Қуаттағыш жылудың жеткіліксіз дәрежеде
бұрылмауынан қызып кетіп, өртену себебі
болуы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
немесе қайтыс болуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Қуаттағышты бүркемеңіз.
4.10
Тасымалдау
4.10.1
Көгалшапқыш
Сақтандыру
■ Көгалшапқыш тасымалдау кезінде
аударылып немесе жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
► Аккумуляторды шығарыңыз.
► Көгалшапқышты төңкерілмейтіндей және
қозғалмайтындай етіп кергіш
таспалармен, белдіктермен немесе
тормен бекітіңіз.
4.10.2
Аккумулятор
Сақтандыру
■ Аккумулятор қоршаған ортаның әсерінен
қорғалмаған. Егер аккумулятор қоршаған
ортаның белгіленген әсерлеріне ұшыраса,
онда аккумулятор бұзылуы және бүлінуі
мүмкін.
► Жарамсыз аккумуляторды
тасымалдамаңыз.
■ Аккумуляторды тасымалдау кезінде, ол
төңкерілуі немесе жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Аккумуляторды қаптамаға салғанда, ол
жылжымауы керек.
► Қаптаманың жылжымайтындығына көз
жеткізіп, оны бекітіңіз.
4.10.3
Қуаттағыш
Сақтандыру
■ Қуаттағышты тасымалдау кезінде, ол
төңкерілуі немесе жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Штепсельді айырды розеткадан
суырыңыз.
► Аккумуляторды алып тастаңыз.
► Бекіту белбеуімен, белдігімен немесе
торқапшығымен бірге қуаттағышты
0478-131-9981-A