қазақ
11.3
Шабу
► Көгалшапқышты баяу және бақылай
отырып алға қарай жылжытыңыз.
► Шабу кезінде бөгде затқа соғылып, пышақ
кептеліп қалса:
► Көгалшапқышты өшіріп, аккумуляторды
шығарыңыз.
► Барлық қозғалатын бөліктердің толық
тоқтағанына көз жеткізіңіз.
► Көгалшапқышты тексеріңіз.
► Егер жөндеу қажет болса: STIHL
делдалына хабарласыңыз.
► Егер көгалшапқыш қатты дірілдей бастаса:
► Көгалшапқышты өшіріп, аккумуляторды
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты тексеріңіз.
► Барлық сомындардың, болттардың және
бұрандалардың берік қатырылғанын
тексеріңіз.
► Егер жөндеу қажет болса: STIHL
делдалына хабарласыңыз.
Оңтайлы жұмыс өнімділігін қамтамасыз ету
үшін ұсынылған температура диапазондарын
сақтаңыз,
18.7.
11.4
Шөп жинағышты босату
490
12 Жұмыс аяқталғаннан кейін
Пышақтың айналуынан пайда болған ауа
ағыны шөп жинағышты толтыру
индикаторын (1) көтереді. Шөп жинағыш
толған кезде, ауа ағыны тоқтайды. Ауа ағыны
тым аз болса, шөпжинағышты толтыру
индикаторы (2) қозғалыссыз күйге қайтып
оралады. Бұл шөп жинағышты босатуға
нұсқау болып табылады.
Шөпжинағышты толтыру индикаторының
ақаусыз жұмысы тек оңтайлы ауа ағынында
қамтамасыз етіледі. Ылғалды, тығыз немесе
биік шөп, төмен кесік деңгейлері, ластану
немесе т.с.с. әсерлер ауа ағынына және
шөпжинағышты толтыру индикаторының
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
► Шөпжинағышты толтыру индикаторы
қозғалыссыз күйге қайтып оралса: шөп
жинағышты босатыңыз.
► Көгалшапқышты өшіріңіз.
► Шөп жинағышты ажыратыңыз.
► Құлыптау ысырмасын (1) ашыңыз.
► Шөп жинағыштың жоғарғы жағын (2)
тұтқасынан (3) ашып, ұстап тұрыңыз.
► Екінші қолмен астыңғы тұтқаны ұстап
алыңыз.
► Шөп жинағышты босатыңыз.
► Шөп жинағышты жинаңыз.
► Шөп жинағышты іліңіз.
12 Жұмыс аяқталғаннан
кейін
12.1
Жұмыс істегеннен кейін
► Көгалшапқышты өшіріп, аккумуляторды
шығарыңыз.
► Көгалшапқыш су болса: көгалшапқышты
кептіріңіз.
► Аккумулятор ылғал немесе дымқыл болса:
Аккумуляторды кептіріңіз,
► Көгалшапқышты тазалаңыз.
► Аккумуляторды тазалаңыз.
18.7.
0478-131-9981-A