Herunterladen Diese Seite drucken

Күтім Жəне Техникалық Қызмет Көрсету - Kärcher SC 4 EasyFix Originalbetriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für SC 4 EasyFix:

Werbung

құрамдастармен) булау арқылы құрылғыда
жиналып қалуы мүмкін суды (конденсатты)
жойыңыз.
Бу щеткасын еденге арналған щеткада шүберек
қондырмамен ғана қолданыңыз.
Кілемге арналған қондырма арқылы бумен тазалау
жұмысын тек кіші буға айналдыру режимі арқылы
орындаңыз.
Жоғары температура əсерінен қатты
ылғалданбауы жəне зақымдалмауы үшін, бу ағынын
ұзақ уақыт бойы бір орынға бағыттамаңыз (ең көбі
5 секунд).
Кілем тазалауға арналған биік түкті кілемге
арналған қондырманы қолданбаңыз.
Кілемге арналған қондырманы еденге арналған
қондырмаға бекіту
1. Шүберек қондырманы еденге арналған
қондырмаға бекіту, мына бөлімді қараңыз: Еден
тазалауға арналған қондырма.
Сурет M
2. Кілемге арналған қондырманы еденге арналған
қондырмаға сырт еткенше жеңіл басып
қондырыңыз.
Сурет N
3. Кілемді тазалауды бастаңыз.
Кілемге арналған қондырманы еденге арналған
қондырмадан алу
АБАЙЛАҢЫЗ
Аяқтың күюі
Бумен өңдеу кезінде кілемге арналған қондырма
қатты қызуы мүмкін.
Бу щеткасымен жалаң аяқ немесе ашық аяқкиімде
ешқашан жұмыс істемеңіз жəне алмаңыз.
Бу щеткасымен тек сəйкес келетін аяқкиімде
жұмыс істеңіз жəне алыңыз.
1. Кілемге арналған қондырманың тілшесін бəтеңке
тұмсығымен төмен басыңыз.
2. Еденге арналған қондырманы жоғары көтеріңіз.
Сурет N
Күтім жəне техникалық қызмет
көрсету
Бу қазанындағы қақты тазалау
Нұсқау
Құралға əк шөгінділері жиналатындықтан,
құралды кестедегі суға арналған ыдыстың толу
мөлшеріне қарай тазартуға кеңес береміз (TF =
ыдыстың толуы).
Қаттылық ауқымы °dH
I
жұмсақ
0-7
II
орташа
7-14
III
қатты
14-21
IV
өте қатты
>21
Нұсқау
Су шаруашылығы басқармасы немесе
муниципалитеттер су құбыры суының
қаттылығы туралы ақпарат береді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдалған беттер
Қақты еріткіштердің сезімтал бетке кері əсер
етуі мүмкін.
Құрылғыны толтыру жəне босату жұмыстарын
мұқият орындаңыз.
160
ммоль/л
TF
0-1,3
100
1,3-2,5
90
2,5-3,8
75
>3,8
50
Қазақша
1. Құрылғыны өшіріңіз, Құрылғыны өшіру-бөлімді
қараңыз.
2. Құрылғыны суытыңыз.
3. Ыдысты босатыңыз.
4. Қондырмаларды қондырмаларға арналған
ұстағыштан шығарыңыз.
5. Қызмет көрсетуге арналған қақпақты ашыңыз.
Ол үшін ұзартқыш түтіктің ашық шетін қызмет
көрсетуге арналған қақпаққа орналастырып,
бағыттаушыға сырт еткізу арқылы бұраңыз.
Сурет T
6. Бу генераторынан бүкіл суды ағызыңыз.
Сурет U
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Аспаптың қақты жоюға арналған құралмен
зақымдалуы
Қақты жоюға сəйкес келмейтін құрал мен оны
қате мөлшерлеу құрылғыны зақымдауы мүмкін.
KÄRCHER қақты жоюға арналған құралын ғана
қолданыңыз.
Қақты жоюға арналған құралдың 1 мөлшерін 0,5 л
суға қолданыңыз.
7. Қақты жоюға арналған құралды қаптамадағы
нұсқаулыққа сəйкес қолданыңыз.
8. Қақты жоюға арналған құралды бу генераторына
құйыңыз. Бу генераторын жаппаңыз.
9. Қақты жоюға арналған құралдың ерітіндісін 8
сағатқа қалдырыңыз.
10. Қақты жоюға арналған құрал ерітіндісін бу
генераторынан толығымен ағызыңыз.
11. Қажет болса процедураны қайталаңыз.
12. Қақты жоюға арналған ерітіндінің барлық
қалдығын жою үшін, бу генераторын 2-3 рет
салқын сумен жуыңыз.
13. Бу генераторынан бүкіл суды ағызыңыз.
14. Желі кабелі сақталатын орынды құрғатыңыз.
15. Ұзартқыш түтік арқылы қызмет көрсетуге
арналған қақпақты бұраңыз.
Толымдаушыларға күтім көрсету
(Жеткізілуіне қарай толымдаушылар)
Нұсқау
Микрофазадан жасалған майлық кептіргіште
кептіруге арналмаған.
Нұсқау
Майлықтарды жуған кезде жапсырмадағы жуу
шарттары көрсетілген нұсқауларды сақтаңыз.
Майлықтар ласты жақсы сіңіре алуы үшін, жұмсақ
шайғышты пайдаланбаңыз.
1. Еденге арналған майлықтар мен қаптарын кір
жуғыш машинада ең көбі 60 °C-пен жуыңыз.

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Sc 4 easyfix premium