Herunterladen Diese Seite drucken

Күту Мен Техникалық Тексеру Жұмыстары - Kärcher SC 1.020 Kurzanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für SC 1.020:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Нүктелі ағын шүмегі
Тазалау сапасы нүктелі ағын шүмегінің кірленген
жерге жақындығына тəуелді жоғарылайды, себебі
температура мен қысым шүмегінің шыға берісінде
ең жоғары болып табылады. Қол жетуге қиын
жерлерді, фугаларды, арматураларды,
суағарларды, шұңғылшаларды, дəретханаларды,
жалюзилерді жəне жылыту батареяларын тазалауға
əсіресе тиімді болып табылады. Əктің қатып қалған
жерлерін бумен тазалаудың алдында сірке суымен
немесе лимон қышқылымен сулап, сірке суы 5 минут
ішінде əсер ету үшін тосып, содан кейін бумен
тазалап, кетіруге болады.
Цилиндрлік қылшақ
Цилиндрлік қылшақты қосымша ретінде нүктелі
ағын шүмегіне орнатуға болады. Қылшақпен
тазалаудың арқасында, тұрып қалған кірлерді
оңайырақ кетіруге болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Тез ақауланатын беттерді тазалауға келмейді.
Сурет
 Цилиндрлік қылшақты шүмегіне орнатыңыз.
Қол шүмегі
Түкті матадан жасалған тысқапты қол шүмегіне
тартып кигізіңіз. Əсіресе үлкен емес, жууға болатын
аудандар үшін жақсы келеді, мысалы, душ
кабиналары жəне айналар үшін.
Еден жууға арналған шүмегі
Жууға болатын барлық қабырға немесе еденді
төсемдер үшін жақсы келеді, мысалы тас едендер,
кафель плиталары жəне ПВХ жасалған еден
төсемдері үшін. Өте кірленген беттерде бу ұзағырақ
əсер ету мақсатында баяу жұмыс істеңіз.
Нұсқау
Егер тазаланатын төсем үстінде жуғыш заттың
немесе полирлейтін эмульсиялардың қалдықтары
қалса, онда бумен тазалау кезінде, еденде
сызықтар пайда болуы мүмкін, олар əдетте бумен
тазалауды бірнеше рет қолданғаннан кейін
жойылады.
Сурет
 Еден шүберекті еден жууға арналған шүмегіне
бекітіңіз.
1
Еден жууға арналған шүберекті ұзынынан екіге
бүктеңіз де, оның үстінде еден жууға арналған
шүмегін қойыңыз.
2
Қысқыштарды ашыңыз.
3
Шүберек шеттерін саңылауларға салып,
тығыздап тартыңыз.
4
Қысқыштарды жабыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Саусақтарыңыздың қысқыш арасына түсіп
қалмауын қадағалаңыз.
Еден жууға арналған шүмегін парк позициясына
қойыңыз.
Сурет
 Жұмысты тоқтатқан кезде, еден жууға арналған
шүмегін парк ұстауышына іліңіз.
Күту мен техникалық тексеру
Бу тазалағышының қазанды əрбір 10 рет толтырған
сайын жуып отырыңыз.
 Бу қазанды сумен толтырып белсенді түрде
сілкіңіз. Осының нəтижесінде қазан түбіне шөгіп
қалған тат түседі.
 Судан босатып алыңыз.
Қазандағы татты тазалау
Нұсқау:
Сатылымдағы дистильденген суды үнемі
қолданған кезде, бу қазанының татын жоюдың
қажеті жоқ.
Тат қазан қабырғаларында да болатындықтан, біз
татты келесі интервалмен кетіріп отыруды
ұсынамыз (KF=қазанды толтыру):
Су қаттылығы
I
жұмсақ
II
орташа
III
кермек
IV
аса кермек
Нұсқау:
Құбырлы судың қаттылығын сумен қамтамасыз
ету басқармасынан немесе коммуналды
шаруашылық ведомстволарынан білуге болады.
 Электр ашасын электр розеткасынан шығарып
алыңыз.
 Бұйым суығанша тосыңыз.
 Бұйымнан қауіпсіздік қалпақшасын бұрап
шығарыңыз.
 Қазандағы судың барлығын толығымен төгіп
тастаңыз (Суретке қараңыз
 Татты кетіру үшін KARCHER тат кетіруге
арналған затты қолданыңыз (Bestell-Nr. 6.295-
206). Тат кетіруге арналған затты пайдаланған
кезде, орауышында келтірілген мөлшерлеу
бойынша нұсқауларға назар аударыңыз.
 Татты кетіруге арналған ерітіндіні қазанға
құйып, оны сол жерде 8 сағатқа қалдырыңыз.
 8 сағаттан кейін татты кетіруге арналған
ерітіндіні төгіңіз. Қазанда ерітіндінің қалдық
мөлшері қалады, сондықтан татты кетіруге
арналған ерітіндінің барлық қалдықтарынан
арылу үшін, қазанды 2-3 рет суық сумен
жуыңыз.
 Қазандағы судың барлығын толығымен төгіп
тастаңыз (Суретке қараңыз
Жабдықтарды күту
Нұсқау:
Еден жууға арналған шүберек пен түкті матадан
жасалған тысқап алдын ала жуылған жəне оларды
бірден жұмысқа пайдалануға болады.
 Кір еден жууға арналған шүберектер мен түкті
матадан жасалған тысқаптарды 60°C
температурада жуу машинасында жуыңыз.
Шүберектерді жуу кезінде, олардың сору
қасиетін сақтау мақсатында, кірді шаюға
арналған заттарды пайдаланбаңыз.
Шүберектерді кептіру аппараттарында кептіруге
болады.
– 8
KK
жұмыстары
Қазанды шаю
dH
ммоль/л KF
0- 7
0-1,3
7-14
1,3-2,5
14-21
2,5-3,8
>21
>3,8
).
).
55
45
35
25
143

Werbung

loading