Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Decathlon RACK FOLD Bedienungsanleitung Seite 39

Inhaltsverzeichnis
Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 22
tСіз DECATHLON маркасының өнімін таңдадыңыз, бізге сенім артқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Егер сіз жаңадан бастаған немесе жоғарғы топтағы спортшы болсаңыз, DECATHLON қалыпты бапта болуға немесе өзіңіздің қалпыңызды жақсартуға көмектеседі.Біздің команда сіздің
пайдалануыңыз үшін әрдайым ең күшті өнімдерді жасап шығаруға талпынады.Дегенмен, пікірлеріңіз, ұсыныстарыңыз немесе сұрақтарыңыз болса, біздің support.decathlon.com веб-
сайтына жазсаңыз болады.Сондай-ақ, жаттығуларыңыз бойынша көмектер мен кеңестер аласыз.
Сізге жаттығуды жасауда сәттілік тілейміз және бұл DECATHLON өнімі сіздің күткен үміттеріңізді толық ақтайтынына сенеміз.
ТАНЫСТЫРУ
ЖАЛПЫ ҰСЫНЫСТАР
МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ ЖӘНЕ БОЛАШАҚТА ҚАЙТА ҚАРАУ ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ.
1. Кез келген жаттығу бағдарламасын бастамас бұрын дәрігеріңізбен
кеңесіңіз.Бұл әсіресе 35 жастан асқан адамдар үшін немесе бұрын
денсаулығы нашар болған адамдар үшін өте маңызды.Пайдаланар
алдында барлық нұсқауларды оқыңыз.
2. Өнімнің барлық пайдаланушылары барлық сақтық шаралары туралы
дұрыс хабардар болуын қамтамасыз ету иеленушінің жауапкершілігі.
3. DECATHLON осы өнімді сатып алушы немесе кез келген басқа
адамның пайдалануына немесе дұрыс пайдаланбауына байланысты
кез-келген адамға немесе мүліктің бүлінуіне байланысты барлық
жауапкершіліктен бас тартады.
4. Өнім тек үйде қолдануға арналған.Өнімді кез келген коммерциялық,
жалға беру немесе институционалдық мақсаттарда пайдаланбаңыз.
5. Құрылғыны дұрыс ұстауды қамтамасыз ету үшін пайдаланушының
жауапкершілігі.Өнімді орнатқаннан кейін және әр қолданар алдында.
ПАЙДАЛАНУ
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін құрылғыңызды үнемі тексеріңіз.
• Егер сіз жаңадан бастасаңыз, жаттығу кезінде бұлшықеттер үйрену үшін бірнеше апта бойы жаттығу жасап дайындалыңыз.
• Әр жаттығу алдында қыздырыну үшін жүрек-қан тамырларына арналған жаттығулар, жеңіл жаттығуларды жасаңыз. Жаттығуларды қайталаңыз және арттырыңыз
• Барлық қозғалыстарды тұрақты түрде, біркелкі орындаңыз.
• Әрқашан арқаңызды тік ұстаңыз.Қозғалыс кезінде арқаңызды бүкірейтпеуге тырысыңыз.
• Зілтемірді жатып көтерген кезде, зілтемір көзіңіздің алдында болуы керек.
Жаңадан бастағандар үшін 10-15 рет жаттығуларды 4 рет қайталау арқылы жасауға болады, әдетте әрбір қайталаудың арасындаға қалпына келу уақыты аз болу керек (бұл қалпына
келу уақыты дәрігердің көмегімен қойылуы мүмкін).Бұлшықет топтарына жаттығуды кезекпен жасаңыз.
Күн сайын жаттығу жасамаңыз, жаттығуларыңызды бірнеше күнге бөліп тастаңыз.
КОММЕРЦИЯЛЫҚ КЕПІЛДІК
DECATHLON осы өнімнің құрылымына, егер қалыпты жағдайларда қолданылса, 5 жылға кепілдік береді, ал басқа бөліктеріне, сатып алынған күнінен бастап 2 жылға кепілдік береді.
Осы кепілдік бойынша DECATHLON міндеттемесі, DECATHLON шешімі бойынша, өнімді ауыстыру немесе жөндеумен шектеледі.
Бұл кепілдік келесі жағдайларда қолданылмайды:
- Тасымалдау кезінде пайда болған залал
- Ашық ауада немесе ылғалды ортада (трамплиннен басқа) пайдалану
- Қате орнату
- Дұрыс пайдаланбау немесе қалыпсыз пайдалану
- техникалық қызмет көрсету
- DECATHLON рұқсат бермеген техникпен жөндеу жұмысы жүргізілген
- Жеке пайдаланулардан тыс пайдалану
Бұл коммерциялық кепілдік сатып алу елінде қолданылатын заңды кепілдіктерді жоққа шығармайды.
Өнімнің кепілдігін пайдалану үшін пайдаланушы нұсқаулығының соңғы бетіндегі кестені қараңыз.
Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін, салмақ жолағындағы салмақ бекітетін жүйелерді пайдаланыңыз.
Бұл өнім нұсқаулықтағы нұсқауларға сəйкес қолданылған кезде тұрақтылықтың салалық стандарттарына сай келеді.Созылуға арналған жаттығулар кезінде осы өнімге кедергілік
жолақтарын, арқандарды немесе басқа керек-жарақтарды ілу немесе бекіту арқылы қолдау ретінде пайдалану, ауыр жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
BENCH PRESS FOLD - құрсақ тығыршығының бұлшықеттерін және басқа да бұлшықеттерді нығайтуға арналған гантелі бар орындық.
6. Өнімді орнатқаннан кейін және жаттығу кезінде аяғыңызды қорғау
мақсатында спорттық аяқ киімді киіңіз. Құрылғыға түсіп кетпеуі үшін кең
немесе салбырап тұратын киімдерді кимеңіз. Барлық әшекейлеріңізді
алып тастаңыз.Жаттығу кезінде кедергі жасамас үшін шашыңызды
жинаңыз.
7. Жабдық тегіс және тұрақты бетке орналастырылуы керек.
8. Егер бас айналу, жүрек айнуы, кеуде ауыруы немесе басқа да
белгілер пайда болса, дереу жаттығуды тоқтатып, дәрігеріңізбен
кеңесіңіз.
9. Құрылғы айналасындағы бос орын қауіпсіз жұмыс істеуді
қамтамасыз етуі керек.
10. Әрбір қолданар алдында, өніміңіздің құлыптаулы екенін тексеріңіз
(түйреуішті қосулы).
39
Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis