Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch 0601B42001 Originalbetriebsanleitung Seite 285

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
– Бұғаттау бұрандасын (36) шеңберлік кілттің (9)
ұштығымен "Құлыпты жабу" айналу бағытымен
тірелгенше бұрап, үстел ендірмесін (23) аспап
саңылауынан көтеріп шығарыңыз. Жеңіл көтеру үшін
ұстағыш саңылау (46) пайдаланылады.
– Қос иінді (15) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісі
(24) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде
тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз.
– Қысқыш гайканы (47) шеңберлік кілтпен (9) бұрап,
бір уақытта шпиндельді бекіту иінтірегін (48)
тірелгенше тартыңыз.
– Шпиндельді бекіту иінтірегін тартып тұрып, қысқыш
гайканы сағат тілінің бағытына қарсы бұрап
шығарыңыз.
– Қысқыш фланецті (49) алып тастаңыз.
– Ара дискісін (24) алып тастаңыз.
Ара дискісін орнату
– Қажет болса, орнатылатын барлық бөліктерді орнатпас
бұрын тазалап шығыңыз.
– Жаңа ара дискісін құрал шпинделінің (51) қысқыш
фланеціне (50) орнатыңыз.
Нұсқау: тым кіші ара дискілерін пайдаланбаңыз. Ара
дискісі мен сына арасындағы радиалды бос қуыс ең көбі
3 − 8 мм құрауы қажет.
Орнату кезінде тістердің кесу бағыты (ара
u
дискісіндегі көрсеткі бағыты) сынаның көрсеткі
бағытына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз!
– Қысқыш фланецті (49) және қысқыш гайканы (47)
орнатыңыз.
– Қысқыш гайканы (47) шеңберлік кілтпен (9) бұрап,
бір уақытта шпиндельді бұғаттау иінтірегін (48)
тірелгенше тартыңыз.
– Қысқыш гайканы сағат тілінің бағытымен мықтап
тартыңыз.
– Үстел ендірмесін (23) құрал саңылауындағы сына (4)
үстіне қойыңыз. Бұғаттау бұрандасын (36) шеңберлік
кілттің (9) ұштығымен "Құлыпты ашу" айналу
бағытымен тірелгенше бұраңыз.
– Қорғаныш қаптаманы (3) қайтадан монтаждаңыз.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Ара дискісінің тасымалдау және жұмыс күйі
Тасымалдау күйі
– Қорғаныш қаптаманы (3) алып тастап, үстел
ендірмесін (23) алып тастаңыз және сынаны (4) ең
төменгі күйге орналастырыңыз. Үстел ендірмесін (23)
қайтадан орнатыңыз.
– Қос иінді (15) сағат тілінің бағытына қарсы ара
дискісінің (24) тістері аралау үстелінің (21) астында
тұрғанша бұраңыз.
Bosch Power Tools
– Аралау үстелінің кеңейтімін (6) толығымен ішке қарай
жылжытыңыз.
Қысқыш тұтқаны (13) төмен қарай итеріңіз. Сонда
аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі.
Жұмыс күйі
– Сынаны (4) ара дискісі ортасының тура үстінен ең
жоғарғы күйде орналастырыңыз, үстел ендірмесін
(23) орнатыңыз және қорғаныш қаптаманы (3)
монтаждаңыз.
– Қос иінді (15) ара дискісінің (24) жоғарғы тістері
дайындамадан шамамен 3 − 6 мм-ге жоғары болғанша
сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Аралау үстелін үлкейту
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Аралау үстелінің кеңейтімі (A суретін қараңыз)
Аралау үстелінің кеңейтімі (6) аралау үстелін (21) оңға
қарай кеңейтеді.
– Аралау үстелінің кеңейтіміне арналған қысқыш
тұтқаны (13) толығымен жоғары қарай тартыңыз.
– Аралау үстелінің кеңейтімін (6) қажетті ұзындыққа
дейін сыртқа қарай тартыңыз.
– Қысқыш тұтқаны (13) төмен қарай итеріңіз. Сонда
аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі.
Тік және көлденең еңіс бұрышын реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Тік еңіс бұрышын реттеу (ара дискісі) (B суретін
қараңыз)
Тік еңіс бұрышын 0° және 45° аралығындағы диапазонда
реттеуге болады.
– Бекіткіш иінтіректі (18) сағат тілінің бағытына қарсы
бұрап босатыңыз.
Нұсқау: бекіткіш иінтірек толық босатылғанда, ара
дискісі тарту күшінің арқасында шамамен 30°-қа тең
күйге аударылады.
– Сермерді (14) бұрыш индикаторы (52) қажетті тік еңіс
бұрышын көрсеткенше кулиса бойымен тартыңыз.
– Сермерді осы күйде ұстап тұрып, бекіткіш иінтіректі
(18) қайтадан бекітіңіз.
0° және 45° стандартты бұрыштарды жылдам әрі дәл
реттеу үшін зауытта орнатылған тіректер ((20), (17))
қолданылады.
Көлденең еңіс бұрышын реттеу (бұрыштық тірек)
(C суретін қараңыз)
Нұсқау: қысқарту кесіктері үшін (ұзын сыналар) тиісті
жабдықтарды пайдаланыңыз.
Көлденең еңіс бұрышын 30° (сол жақ) және 30° (оң жақ)
аралығындағы диапазонда реттеуге болады.
– Бекіткіш бастиек (53) тартылған болса, оны
босатыңыз.
Қазақ | 285
1 609 92A 5UC | (18.09.2020)

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Gts 635-216 professional