Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch 0601B42001 Originalbetriebsanleitung Seite 284

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
284 | Қазақ
Бұрыштық тіректі монтаждау (g суретін қараңыз)
– Бұрыштық тіректің (2) шинасын (43) аралау үстелінің
арнайы бағыттауыш ойықтарына (28) өткізіңіз.
Қатты немесе икемді орнату
Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
u
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж.
Жұмыс аймағында орнату (h суретін қараңыз)
– Электр құралын арнайы бұрандалы қосылыммен
жұмыс аймағында бекітіңіз. Бұл ретте саңылаулар (8)
пайдаланылады.
Bosch жұмыс үстеліне орнату (i суретін қараңыз)
Bosch жұмыс үстелдері (мысалы, GTA 560) биіктігі
реттелетін аяқтары арқылы электр құралын кез келген
бетте бекіте алады.
Жұмыс үстеліне қатысты барлық ескертулер мен
u
нұсқауларды оқып шығыңыз. Ескерулер мен
нұсқауларды орындамаудан ток соғуы, өрт пайда
болуы және/немесе ауыр жарақат алу қаупі туындауы
мүмкін.
Электр құралын орнатпас бұрын жұмыс үстелін
u
дұрыстап құрастырыңыз. Бұзылу қаупін болдырмау
үшін мінсіз құрастыру маңызды болып табылады.
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
орнатыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан
тартып қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
1 609 92A 5UC | (18.09.2020)
Алюминийді аралау кезінде өрт қаупіне жол
u
бермеу үшін астыңғы ара дискісінің қақпағын
босатыңыз және жоңқа сорғышты пайдаланбаңыз.
Төменгі ара дискісінің қаптамасын тазалау (j суретін
қараңыз)
Дайындаманың сынықтарын және үлкен жоңқаны
шығарып алу үшін төменгі ара дискісінің қаптамасын (44)
ашуға болады.
– Электр құралын өшіріп, желілік ашаны розеткадан
суырып алыңыз.
– Ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
– Электр құралын бүйіріне аударыңыз.
– Едендік торды (31) ашыңыз (a суретін қараңыз).
– Төменгі ара дискісі қаптамасының ысырмаларын (45)
бір-бірінен сәл ары тартып, төменгі ара дискісінің
қаптамасын (44) қайырыңыз.
– Дайындаманың сынықтары мен жоңқаны шығарып
алыңыз.
– Төменгі ара дискісінің қаптамасын (44) ысырмалар
(45) тірелгенше қайтадан жауып қойыңыз.
– Едендік торды (31) жауып қойыңыз.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
Сыртқы сорғыш (k суретін қараңыз)
– Жарамды шаңсорғыш шлангісін сору адаптеріне (29)
салыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Ара дискісін алмастыру (l1−l4 суреттерін
қараңыз)
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
u
киіңіз. Жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
u
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары
болған аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр
u
құралында берілген деректерге сәй және EN 847-1
бойынша тексерілген болып тиісті ретте
белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Осы электр құралының өндірушісі ұсынған және
u
өңдегіңіз келетін материал үшін жарамды ара
дискілерін ғана пайдаланыңыз. Осылайша ара
тістері ұштарының қатты қызуына және өңделетін
пластмассаның балқуына жол бермейсіз.
Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары
u
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау
дискілері оңай сынуы мүмкін.
Ара дискісін алып тастау
– Қыспа иінтіректі (37) ашып, қорғаныш қаптаманы (3)
сынадағы (4) ойықтан шығарыңыз.
Bosch Power Tools

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Gts 635-216 professional