Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch 0 607 557 501 Originalbetriebsanleitung Seite 135

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 5
OBJ_BUCH-2092-001.book Page 135 Monday, January 20, 2014 2:15 PM
 Қосқыш/өшіргіші дұрыс болмаған пневматикалық
құралды пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге
болмайтын пневматикалық құрал қауіпті болып, оны
жөндеу қажет болады.
 Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз ауа
жетістіруін тоқтатыңыз. Бұл сақтық шарасы
пневматикалық құралдың кездейсоқ істеп кетуінің
алдын алады.
 Пайдаланылмайтын пневматика құралдарды
балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл пневматикалық құралды
пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар
қолында пневматикалық құралдар қауіпті болады.
 Пневматикалық құралдарды ұқыпты күтіңіз.
Құралдың қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз
істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің
ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына,
пневматикалық құралдың зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар
пневматикалық құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Пневматикалық құралдардың дұрыс
күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
 Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
 Пневматикалық құралды, жабдықтарды, алмалы-
салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Осылай
шаң пайда болуы, тербелулер және шуыл пайда болуы
төмендетіледі.
 Пневматикалық құралды тек қана маман және
жатыққан пайдаланушылар орнатуы, реттеуі
немесе пайдалануы қажет.
 Пневматикалық құралды өзгерту мүмкін емес.
Өзгертулер сақтық шараларының әсерін төмендетіп
пайдаланушы қауіптерін көтеруі мүмкін.
Қызмет
 Пневматикалық құралыңызды тек білікті маманға
және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол
арқылы пневматикалық құрал қауіпсіздігін сақтайсыз.
Пневматикалық перфораторға арналған
қауіпсіздік нұсқаулықтары
 Зауыттық тақтайшадағы жазуларды оқу
мүмкіндігіне көз жектізіңіз. Керек болса өндірушіден
басқасын алыңыз.
 Дайындама немесе жабдық немесе пневматикалық
құрал бұзылса бөлшіктер жоғары жылдамдықпен
ұшіп кетуі мүмкін.
 Пайдалануда, жөндеуде немесе қызмет көрсетуде
және пневматикалық құрал жабдықтарын
алмастыруда соқыға қарсы көз қорғанысын кию
қажет. Қажетті қорғаныс деңгейін әрбір
пайдаланудан алдын бағалау керек.
Bosch Power Tools
 Бас жоғарысында жұмыс істеуде кезінде шлем
киіңіз. Осылай жарақаттанулардың алдын аласыз.
 Пневматикалық құралды құлаудан сақтап, мықтап
бекітілген болғанда ғана пайдаланыңыз. Әйтпесе,
алмалы-салмалы аспап лақтырылуы мүмкін.
 Аспап патронының тозған, қисайған немесе
бұзылған бөлшектерін ауыстыру керек. Осы арқылы
жарақаттанулардың алдын аласыз.
 Пневматикалық құралды қосудан алдын, оны
өңделетін бетке тұрақты етіп қойыңыз.
 Пайдаланушылар мен қызмет көрсету мамандары
пневматикалық құралдың көдемін, ауырлығын
және қуатына шама келуге денелік күші жетерлік
болуы қажет.
 Реакциялық күштер немесе алмалы-салмалы
аспаптың бұзылуы себебінен пайда болатын
пневматикалық құралдың күтілмеген
әрекеттерінен абай болыңыз. Пневматикалық
құралды бекем ұстап денеңіз бен қолдарыңызды
әрекеттерді ұстайтын қалыпқа келтіріңіз. Осы
сақтық шаралары арқылы жарақаттанулардың алдын
алу мүмкін.
 Абай болыңыз! Алмалы-салмалы аспаптар
пневматикалық құралды ұзақ уақыт
пайдаланғаннан соң қызып кетуі мүмкін. Қорғау
қолғабын киіңіз.
 Ауа келуі тоқтаса немесе жұмысқа керекті қысымы
төменделсе пневматикалық құрал өшеді. Жұмысқа
керекті қысымды тексеріп оптималды қысым
жағдайында қайта жұмыс істеуды бастаңыз.
 Пневматикалық автоматты пайдалануда жұмыс
әрекеттерін орындау кезінде пайдаланушы алақан,
қол, иық, мойын немесе босқа дене бөліктерінде
жақымсыз түйсіктерді сезуі мүмкін.
 Бұл пневматикалық құралмен жұмыс істеу үшін
жайлы күйде тұрып бекем тұрыңыз, ал тепе-
теңдікті ұстап тұру қиын болатын дене күйлерінде
тұрмаңыз. Пайдаланушы ұзақ уақытты
жұмыстарда дене күйін ауыстырып жақымсыздық
және шаршаудың алдын алуы керек.
 Егер пайдаланушы ұзақ уақытты жақымсыздық,
ауру, ұру, қақсау, қышу, ұйып қалу, дене күйгені
немесе сіресіп қалуы сияқты симптомдарды сезсе
бұл белгілерді ықылазсыз қою мүмкін емес.
Пайдаланушы жұмыс берушіне хабар беріп маман
дәрігерге хабарласуы қажет.
 Ойғышты ешқашан қол сайманы ретінде
пайдаланбаңыз. Ойғыштар термиялық өңделген
болып, шатынауы мүмкін.
 Тек өткір ойғыштарды пайдаланыңыз. Алмалы-
салмалы аспап өтпейтін болса, қатты тербелу мен
қажудан жарылысқа алып келуі мүмкін.
 Жабдықтар бөлшектерін ешқашан суда суытпаңыз.
Бұл морттыққа және ерте бұзылуға алып келуі мүмкін.
 Ойғышты ешқашан тұтқыш ретінде пайдаланбаңыз.
Әйтпесе, ол сынады.
Қaзақша | 135
3 609 929 C74 | (20.1.14)

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis