Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Kärcher SC 1133 Originalbetriebsanleitung Seite 272

Inhaltsverzeichnis

Werbung

күйдіру қаупі бар). Ыстық бу қысымы
үтігін электр сымдары немесе
жанғыш заттарға тигізбеңіз.
Сақтандыру
 Бу қысымы үтігін жəне оның кабелін
қызу не салқындау барысында 8
жастан кем балалардан алшақ
ұстау керек.
 Бу қысымы үтігі тұрақты бетте
қолданылуы жəне қойылуы керек.
Нұсқау: Біз буды белсенді түрде
жұтатын KÄRCHER үтіктеу үстелін
қолдануды ұсынамыз (2.884-933.0). Осы
үтіктеу үстелі сіз сатып алған аспапқа
оптималды түрде сəйкес келеді. Оның
арқасында үтіктеу үрдісі жеңілдеп,
тездетіледі. Қандай жағдайда
болмасын, үтіктеуге арналған асты
бар, бу өткізе алатын жəне торлы
құрылымды үтіктеу үстелін қолдану
қажет.
 Үтіктегі бу штекерін бұйымның электр
розеткасына тығыздап енгізіңіз.
Сонымен қатар штекер шертпек
естілетіндей болып орнатылуы
қажет.
 Бумен тазалағыштың ішінде таза,
құбырлы су бар екендігіне көзіңізді
жеткізіңіз.
 Бу тазалағышын нұсқаулықта
сипатталғандай іске қосыңыз.
 Бу тазалағышы дайын болғанша
күтіңіз.
Бумен үтіктеу
Барлық тоқыма бұйымдар бумен
үтіктеліне алады. Оңай күйгіш
маталарды немесе басылған өрнектерді
ішкі жағынан немесе жасап
шығарушының нұсқаулары бойынша
үтіктеу қажет.
Нұсқау: Осы сезімтал тоқымалар үшін
KÄRCHER BE 6006 қарылуға қарсы
табанын (тапсырыс нөмірі 2.860-142.0)
пайдалану ұсынылады.
 Үтіктегі температура реттеуішін (•••/
MAX) штрихті диапазон ішінде
орнатыңыз.
 Үтіктің бақылау шамы өшкен соң,
үтіктеуді бастауға болады.
272
Нұсқау:Бу үтік табанында
конденсат ретінде шөгіп қалмауы
жəне сіз үтіктеп тұрған матаның
үстіне тамшыламауы үшін, үтік
табаны ыстық болуы тиіс.
 Бу ажыратқышын жоғары не төмен
басыңыз.
Буды интервалды жіберу: Бу
ажыратқышын басыңыз. Ажыратқыш
басылып тұрған уақытта бу
шығарылады.
Ұзақ уақытты бу жіберу: Бу
ажыратқышының бекіткішін
бекітілмегенше артқа тартыңыз. Бу
ұзақ шығарылады. Босату үшін
бекіткішті алға қарай басыңыз.
 Бу біркелкі кетпегенше үтіктеу
басында немесе үтіктеуді
тоқтатқаннан кейін алғашқы бу
ағынын матаға туралаңыз.
 Перделерді, киімді, т. б. бумен өңдеу
үшін, үтікті тік ұстауға болады.
Құрғақ үтіктеу
Нұсқау:Құрғақ үтіктеу кезінде де бу
қазанда су болу керек.
 Үтіктегі температура реттеуішін
өңделіп жатқан киімнің затына
байланысты орнатыңыз.
Синтетика
•• Жүн, жібек
••• Мақта, зығыр
Нұсқау: Киіміңізде басылған үтіктеу
жəне тазалау туралы ақпаратты
қараңыз.
 Үтіктің бақылау шамы өшкен соң,
үтіктеуді бастауға болады.
– 13
KK

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis